Дауыс көмекшісі

kk
Қазақша
Русский
English
location

Тақырып бойынша жарияланымдар Айырбастау бағамы

27 сәуір 23

79

Валюталық қысым индексі (2023 жылдың наурызы)

Наурызда ұлттық валютаның нарықтық серпіні сақталды. Валюталық қысым индексі 0.1 пайыздық тармаққа (п.т.) өсті. Алайда индекстің өзінің мәні әлі де сыртқы қысым жоқ аймақта тұрақтаған. Мұндай серпін бірінші кезекте халықаралық резервтер мен Ұлттық Банктің активтерінің, сондай-ақ орташа өлшемделген TONIA мөлшерлемесінің өсуіне байланысты туындаған.

Мерзімді зерттеулер


Базалық мөлшерлемеБюджетАйырбастау бағамыСұңғат Рысбек

07 сәуір 23

116

Валюталық қысым индексі (2023 жылдың ақпаны)

Ақпанда валюталық қысым индексі 2.9 пайыздық тармаққа (п.т.) өсті. Алайда оның мәні әлі де бағамға артық қысымның түсіріліп жатпағандығын білдіреді. Ағымдағы кезеңде бағам серпіні ең жоғары дәрежеде нарықтық факторлардың теңгерімін көрсетеді. Төмендегі графикадан 2022 жылдың наурызында индекстің шектен тыс өскендігін байқауға болады (+31.6 п.т.). Бұл халықаралық резервтердің төмендегені және базалық мөлшерлеменің күрт өскендігі салдарынан орын алды. Мұндай секірістер маусымда (резервтердің 3%-ға), тамызда, қыркүйекте (базалық мөлшерлеменің әсері) және желтоқсанда (TONIA мөлшерлемесінің өсуі) байқалды. Индекстің бұлайша өзгеруі валюта нарығына белгілі бір дәрежеде араласқандықты білдіреді.

Мерзімді зерттеулер


Базалық мөлшерлемеБюджетАйырбастау бағамыСұңғат Рысбек

31 наурыз 23

200

Экономикалық ахуалға ай сайынғы шолу және Jusan Analytics болжамдары (2023 наурыз)

Бүгін біз макроэкономикалық жағдайдың дамуы бойынша өз пайымдауларымызды және негізгі экономикалық индикаторларға қатысты болжамдарымызды жарияладық.

Әлемдік қаржы секторының тұрақсыздануына байланысты тәуекелдер картасының ауқымы өткен аймен салыстырғанда кеңейді. Бұл ретте 2022 жылдың барысында басымдылыққа ие болған экономикалық тәуекелдер: инфляция, жеткізу тізбектеріндегі үзілімдердің жоспарлы түрде төмендеп жатқандығы байқалады.

Батыс елдерінің банктеріндегі ағымдағы ахуалдар қарыздар мен қор нарығы бойынша тәуекел-сыйлықақысының өсуіне әкеп соғады. Бұл ахуал – жүйелік қаржылық дағдарыс емес, АНС бойынша қатаң шаралар өткізудің және бірқатар банктердің қате тәуекел- менеджментінің заңды нәтижесі.

Қазақстан экономикасының өсу қарқыны жақсы. Қазыналық ынталандырулардың ауқымды бола түсуі, тау-кен өндіру өнеркәсібіндегі тұрақтылық және баға бойынша қысымның әлсіреуі - ЖІӨ өсуіне қатысты болжамдарымызды 3.8-4.3%-дан 4.0-4.5%-ға дейін қайта қарауымызға негіз болатын факторларға айналды. Бұл ретте сұранысты шектен тыс, артығымен ынталандыру есебінен экономиканың қызуы тұрақты сипатқа ие болғандығын атап өтуге болады. Бұл бір жағынан ЖІӨ-нің жоғары дәрежеде өсуіне, ал басқа жағынан алып қарағанда инфляциялық ахуалдың және базалық мөлшерлеменің жоғары мәнінің сақталуына ықпал етеді.

Сыртқы инфляциялық қысымның әлсіреуі, тұрақты айырбас бағамы және тежеуші монетарлық шарттардың ұзақ уақыт сақталуы тұтыну белсенділігін тежейді және инфляциялық болжам тарапынан тәуекелдердің әлсіреуіне әкеп соғады, сондай-ақ олар тұтынушылық инфляцияның болашақ серпіні бойынша болжамдарымызды қайта қарауға себеп болды. Біздің болжамдарымыздың жаңа базалық сценариі бойынша инфляция 13.4%-ға төмендейді (бұған дейінгі баға – 15.1%). Теңге бағамы бойынша болжамға сәйкес ол жыл қорытындысы бойынша бір АҚШ доллары үшін 477 теңгеге дейін әлсірейді, ал сәуірде 456-466 теңге деңгейінде болады.

Мерзімді зерттеулер


Базалық мөлшерлемеЖІӨҚұнсыздануАйырбастау бағамыJusan Analytics