Дауыс көмекшісі
kk
Қазақша
Русский
English
Жаңалықтар27.03.2023

JUSAN ерекше қажеттіліктері бар балалардың қоғамға тез бейімделуіне көмектеседі.

Jusan Bank ерекше қажеттіліктері бар жандардың шығармашылық және спорттық әлеуетін жүзеге асыруына, қоғамға сіңісіп, белсенді өмір салтын жүргізуіне көмектесетін түрлі жобаларды қолдайды. Солардың бірі – Қазақстанның Ұлттық Паралимпиада комитетімен бірлескен Астана қаласындағы ИнваТакси жобасы. Бір жылдық жанар-жағармай тұтынуын қаржыландыру арқылы, банк арбаға таңылған елорданың кішкентай тұрғындарын тасымалдайтын мамандандырылған шағын автобустардың жұмысын оңтайластырды. 

"ҚР Ұлттық Паралимпиада комитетінің 2022 жылға арналған негізгі әлеуметтік жобаларының бірі – арбаға таңылған елордалық балаларды тасымалдау. Бұл маңызды жоба серіктестеріміз JUSAN мен «Тойота Моторс Қазақстан» қолдауының арқасында жүзеге асты. Мұнда ең маңызды рөлді күн сайын өтініштерді қабылдап, балаларды тасымалдау жұмыстарымен айналысатын жүргізушілер мен үйлестірушілер атқарады", - деді ҚР ҰПК бас хатшысы Ерлан Сүлейменов.

ИнваТакси - ерекше физикалық қажеттіліктері бар адамдарға арналған көлік. Жоба мүмкіндігі шектеулі балаларға қоғамның толыққанды мүшесі болуға, ортаға сіңісу үшін қажетті инфрақұрылым нысандарына баруға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде олардың өмір сүру деңгейін, денсаулығы мен білімін жақсартатын қосымша қызметтерді алу мүмкіндігін береді. 

ҚР ҰКП-ның ИнваТакси жобасының автопаркінде бүгінгі таңда арнайы мүгедектер арбасын көтере алатын механизмі бар 6 Toyota Hiace шағын автобустар бар. Арнай көлікті қолдану үшін орталыққа күніне 80, айына 1500 өтініш келіп түседі. Инватакси мүгедектер арбасына таңылған 160 балаға тұрақты түрде қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

Басқа жаңалықтар

Moody's Jusan Bank-тің позитивті болжаммен «Ba3» д...

Алматы. 16 шілде 2024ж. Moody's Ratings (Moody's) халықаралық рейтинг агенттігі ...

«Jusan Vibe» Қазақстанның бірегей құстарының көрме...

«Қазақстан құстары» көрмесінің келушілері еліміздің қанаттылар алуандығын түсірг...

Ұқсас жаңалықтар

Jusan Bank өз қосымшасына “Алматы паркинг” қызметт...

Jusan бұдан былай «Алматы Паркинг» қызметтерін банк қосымшасында төлеуге болатын...

S&P CSA Jusan Bank-тің тұрақты даму саласындағы ба...

«First Heartland Jusan Bank» АҚ (бұдан әрі — Банк) S&P Global Market Intelli...

Jusan Singularity Алматыда IT бойынша тегін оқуға ...

Jusan компаниялар тобының Jusan Singularity білім беру жобасы Almaty IT Сamp бағ...