"Золотая Корона" жүйесі арқылы теңгемен және ресей рублімен аударымдардың қайта басталуы
«Jusan Bank» АҚ «Золотая Корона» жүйесі арқылы теңге және ресей рублінде ақша аударымдарын қайта іске қосқанын хабарлайды.
2025 жылдың 12 мамырынан бастап теңге және рубльдегі аударымдар Банктің бөлімшелерінде қолжетімді болады. Кейінірек бұл қызмет Jusan мобильді қосымшасында да қолжетімді болады. Қосымшада іске қосылу мерзімі туралы қосымша хабарланатын болады.
«Золотая Корона» жүйесі банктік шот ашпай-ақ жылдам ақша аударымдарын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Сұрақтар туындаған жағдайда 7711 қысқа нөмірі арқылы бізге хабарласыңыз – байланыс орталығының мамандары сізге қуана көмектеседі.