Дауыс көмекшісі
kk
Қазақша
Русский
English
Хабарламалар01.07.2022

Әлі Jusan картасын ашпаған АТФ Банк карталарының барлық ұстаушылары үшін тамаша жаңалық!

Құрметті АТФБанк карталарын ұстаушы клиенттер! 

Jusan картасын ашыңыз да, тиімді ұсыныстар алыңыз.

Jusan картасын ашудың артықшылықтары:

  • Мобильді қосымшада цифрлық картаны шығару және қызмет көрсету - 0 теңге;
  • 4 валютаны қолдайтын мультивалюталылық– теңге (KZT), АҚШ доллары (USD), еуро (EUR), ресей рублі (RUB)
  •  картаның көмегімен сатып алу ақысын төлеген кезде (интернеттен сатып алуды қоса алғанда) Ниеттестік бағдарламасы бойынша деңгейге сәйкес берілетін 2%-ға дейін бонустар;
  • - Ниеттестік бағдарламасы бойынша деңгейге байланысты 15%-ға дейін жоғарылатылған бонустар берілетін 4-тен 10-ға дейін қалаған категорияны таңдау мүмкіндігі;
  • Jusan дебеттік картасының барлық артықшылықтары мына жерде https://jusan.kz/card/jusan/
  • MasterCard Jusan картасы бойынша Apple pay, Samsung Pay, Google Pay*-ге байланыстырылған смартфон немесе сағаттар көмегімен апта сайын 3 000 теңгеден басталатын сомаға 3 (үш) сатып алу ақысын төлеп, 1 000 000 теңгенің апта сайынғы ұтыс ойынына қатысу;
  • Jusan дебеттік картасын ашқан және  Apple pay, Samsung Pay, Google Pay*-ге байланыстырылған смартфон немесе сағаттар көмегімен 3 000 теңге сомаға 3 (үш) сатып алу ақысын төлеген алғашқы 2 000 клиентке 1000 теңге бонус;
  • Jusan Банктің апта сайынғы 1 миллион теңге супер-акциясына және  Tesla Y автокөлігінің ұтыс ойынына қатысуАкция туралы толығырақ https://jusan.kz/faq/millionzahoroshiyedela/all

*01.08.2022ж. бастап 02.10.2022ж. дейінгі кезең 

Сонымен қатар, АТФ Банктің барлық карталары бойынша:

  • 01.08.2022ж. Cashback есептеу тоқтатылады,
  • 15.09.2022ж. бастап Jusan мобильді қосымшасында электронды төлем қызметтерін ұсыну тоқтатылады.

АТФ Банктің премиалды карточкаларының ұстаушылары «ELITE» премиалды өнімдер желісінен таңдауға болатын, келесідей мүмкіндіктері бар Visa SignatureMastercard World EliteVisa Infinite (металл карта) карталарының бірін ашу үшін Private Banking  клиенттеріне дербес қызмет көрсету бөлімшесіне хабарласу керек:

-  тарифтерге сәйкес жылдық қызмет көрсету тегін болатын арнайы шарттармен

4 валютаны қолдайтын мультивалюталылықпен: теңге (KZT), АҚШ доллары (USD), еуро (EUR), ресей рублі (RUB), 

бірінші жылы жеңілдікті қызмет көрсетілетін қосымша карталарды ресімдеу мүмкіндігімен

премиалды персонаға арналған артықшылықтар – сақтандыру сертификаты, бүкіл әлем бойынша Lounge Key-ге қолжетімділік және басқа бірегей ұсыныстар,

- «Jusan Exclusive» ниеттестік бағдарламасы аясында 25%-ға дейінгі эксклюзивті жеңілдіктермен және т.б.

Толығырақ  https://jusan.kz/private

АТФ Банктің премиалды карточкасын жапқан кезде бүкіл қалдық Сіздің қалауыңыз бойынша жаңа Jusan Private Banking премиалды картасының валюталық шоттарына аударылатын болады. 

 

СұрақЖауап
Jusan тарифтері қандай?

Тарифтермен мына жерде танысуға болады 

https://jusan.kz/file-server/filename?dir=documents&filename=standartnye-tarify-po-platezhnym-kartochkam-vstupayut-v-silu-s-24-06-2022-kz.pdf

Jusan картасын қалай ашуға болады?

Сіз мобильді қосымшаның бас мәзіріндегі өнімдер бөліміне өтіп, Jusan  виртуалды картасын аша аласыз. 

Әрі қарай картаны Apple pay/Samsung pay/Google pay әмиянының біріне байланыстырып, картаны толықтырып, бірден қолма-қол ақшасыз операциялар жасауға болады. 

Картаны да бірнеше минуттың ішінде Банктің кез келген бөлімшесінде ашуға болады. 

  
Деңгей деген не? Қандай деңгейлер болады?  

Ниеттестік бағдарламасының аясында Jusan Bank төлем карталарын ұстаушыларға Клиенттердің белсенділігіне байланысты бонустардың 3 деңгейі ұсынылған. 

Бонустар деңгейі өткен айдың нәтижесі бойынша автоматты түрде ай сайын, 1-ші күні белгіленеді.  

Jusan Bank төлем картасын ұстаушы ретінде Сізге мынадай деңгейлер және мынадай шарттар ұсынылады:

Silver — бұл Jusan Bank төлем картасымен тауарлар және қызметтерді төлеу кезінде 0,5% мөлшерде бонус алуға мүмкіндік беретін Бонустарға қатысушының ең төменгі деңгейі.  

Gold деңгейі –Jusan Bank төлем картасымен тауарлар мен қызметтерді төлеу кезінде 1%* мөлшерде бонус алуға мүмкіндік беретін бонустар қатысушысының деңгейі.

Premium деңгейі  – Jusan Bank төлем картасымен тауарлар мен қызметтерді төлеу кезінде 2%* мөлшерде бонус алуға мүмкіндік беретін бонустар қатысушысының деңгейі .

* Банк Тарифтеріне сәйкес 0,5% бонус берілетін сауда нүктелерінің кейбір категорияларын қоспағанда.

Premium деңгейінің шарттары қандай?

Premium – бұл Бонустық ниеттестік бағдарламасының қосымшасына ( https://jusan.kz/articles/185 ) сәйкес 0,5бонус берілетін сауда нүктелерінің кейбір категорияларын қоспағанда, Jusan Bank төлем картасымен тауарлар мен қызметтерді төлеу кезінде 2% мөлшерде бонус алуға мүмкіндік беретін бонустар қатысушысының деңгейі.

Premium деңгейінде айына бір рет жоғарылатылған бонустары бар төрт қалаған сауда категориясын таңдау қолжетімді, қалаған категорияларды таңдау Jusan мобильді қосымшасында жүзеге асырылады.

 Premium деңгейіне қол жеткізу және оны сақтау үшін әрбір күнтізбелік ай ішінде Jusan Bank төлем картасымен 70 000 теңгеден жоғары сомаға тауарлар мен қызметтерге төлем жасау қажет, сондай-ақ Jusan Invest-те брокерлік шот немесе Jusan Garant сақтандыруы болуы қажет.  

Өз деңгейіңізді Jusan мобильді қосымшасының «Менің Банкім» бөлімінде білуге болады.

Gold деңгейінің шарттары қандай?

Бұл Бонустық ниеттестік бағдарламасының қосымшасына ( https://jusan.kz/articles/185 ) сәйкес 0,5бонус берілетін сауда нүктелерінің кейбір категорияларын қоспағандаJusan Bank төлем картасымен тауарлар мен қызметтерді төлеу кезінде 1% мөлшерде бонус алуға мүмкіндік беретін бонустар қатысушысының деңгейі. 

Gold деңгейінде айына бір рет жоғарылатылған бонустары бар екі қалаған сауда категориясын таңдау қолжетімді, қалаған категорияларды таңдау Jusan мобильді қосымшасында жүзеге асырылады.  

Gold деңгейіне қол жеткізу және оны сақтау үшін әрбір күнтізбелік ай ішінде Jusan Bank төлем картасымен 30 000 теңгеден жоғары сомаға тауарлар мен қызметтерге төлем жасау қажет.

Өз деңгейіңізді Jusan мобильді қосымшасының «Менің Банкім» бөлімінде білуге болады.

Silver деңгейінің шарттары қандай?

Silver — бұл Jusan Bank төлем картасымен тауарлар және қызметтерді төлеу кезінде 0,5% мөлшерде бонус алуға мүмкіндік беретін Бонустарға қатысушының ең төменгі деңгейі.  

Ол үшін Jusan мобильді қосымшасының «Менің Банкім» бөлімінде бонустарға қосылу жеткілікті. 

Silver деңгейінде айына бір рет жоғарылатылған бонустары бір қалаған сатып алу категориясын таңдау қолжетімді, қалаған категорияны таңдау Jusan мобильді қосымшасында жүзеге асырылады.

Jusan мобильді қосымшасының «Менің Банкім» бөлімінде бонустарға қосылуға және  өз деңгейіңізді білуге  болады.

Сатып алу категориясы деген не?

2%-ға дейінгі стандартты бонустардан бөлек, Jusan Bank төлем карталарын ұстаушылар үшін Jusan мобильді қосымшасындағы «Сатып алу категорияларында» қалаған категорияны таңдау кезінде жоғарылатылған бонустар беріледі.

Сатып алу категориялары -бұл сауда-сервис нүктесінің қызмет түрі бойынша жіктелген категориялар. Әр Деңгейде 15%-ға дейін жоғарылатылған бонустары бар «Сатып алу категорияларының» әртүрлі санын таңдауға болады:

  • Silver деңгейі – 1 категория;
  • Gold деңгейі – 2 категория;
  • Premium деңгейі – 4 категория.

Сатып алудың қалаған категориясын (категорияларын) таңдау мүмкіндігі айына бір рет беріледі және таңдағаннан кейін ағымдағы айдың соңына дейін қолданыста болады. Келесі айда тағайындалған Деңгейге байланысты бұрын таңдалған категорияларды сақтауға немесе жаңаларын таңдауға болады.

Қандай категориялар бар және Бонустардың мөлшері қандай? 

Банктің ниеттестік бағдарламасында жоғарылатылған бонустары бар мынадай категориялар қарастырылған:

Таңдауға болатын категорияларБонус мөлшеріКатегорияға не кіреді?
Jusan Дүкен15%-ға дейінҮйге жеткізу мүмкіндігі бар интернет-дүкен. Азық-түлік, тұрмыстық тауарлар, техника және тағы басқалар.
Сақтандыру25% (Деңгейге қарамастан)Jusan мобильді қосымшасы арқылы сақтандыру полистерін төлеу.
Jusan MobileБарлығына 15% (Деңгейге қарамастан)Jusan Mobile мобильді нөмірінің теңгерімін толықтыру

Супермаркеттер

(Банктің жалақы жобасы карталарын ұстаушылар үшін)

5%Супермаркеттер, әмбебап дүкендер
Кафе және мейрамханалар

5%

Фаст-фуд мейрамханалары (Fast Food), кофеханалар, нан-тоқаш өнімдері, кондитерлік өнімдер, Glovo, Chocofood, Яндекс Еда және басқалары.
Киім және аяқкиім

5%

Ерлер, әйелдер және балалар киімдерінің дүкендері.
Сұлулық салондары және косметика

7%

Парфюмерия дүкендері, сұлулық салондары және шаштараздар.
Онлайн кино және  музыка

15%

Стримингтік және музыкалық қызметтер: Megogo, Netflix, Amedia, Amediateka, Ivi, Яндекс плюс, Spotify, Apple music және басқалар.
Фитнес және SPA

5%

Фитнес, би, жүзу, теннис, ату, массаж, косметикалық орталықтар және SPA.
Жиһаз

5%

Электр жабдығынан басқа жиһаз және тұрмыстық керек-жарақтар.
Ойын сервистері

10%

Қосымшалар, ойындар сатып алу, Steam және басқа ойын дүкендерінде сатып алу ақысын төлеу.
Медициналық қызметтер

5%

Медициналық орталықтар, ауруханалар, стоматология және зертханалар.
Саяхаттар

5%

Барлық әуе компанияларының әуе билеттері, туристік агенттіктер және экскурсияларды ұйымдастырушылар.

 

Бонустар деген не?

Бонус-Бонустар шарттарына сәйкес Jusan Bank төлем карталарымен тауарлар мен қызметтерді төлеу кезінде Банк қаражаты есебінен Клиентке берілетін шартты бірлік. 1 Бонус 1 теңгеге тең. Бонустардың қолданылу мерзімі шектеусіз. Бонус нақты ақша түрінде төленбейді, бірақ кейіннен Jusan мобильді қосымшасында төлем жасауға болатын бонустық шотқа есептеледі.

Бонустарды қайда жұмсауға болады?

Бонустарды Jusan мобильді қосымшасында келесі операцияларға жұмсауға болады:

  • Jmart интернет-дүкеніндегі барлық тауарлар мен қызметтер;
  • «Төлемдер» бөліміндегі қызметтердің көбісі;
  • Jusan Invest брокерлік шотын толықтыру.

«Төлемдер» бөлімінде белгілі бір қызметтер бойынша бонустар пайдалануға болмайды:

  • Букмекерлік конторалар;
  • Салықтар мен айыппұлдар;
  • Қаржы;
  • Басқа қызметтер.
Акцияның мерзімі аяқталған соң менің деңгейіме не болады? 

Акция кезеңі аяқталғаннан кейін (Jusan картасын ашқаннан кейін 3 ай) Сізге картаны белсенді түрде пайдалануды жалғастыру және қолма-қол ақшасыз операциялар жасау қажет. Операциялар жүргізілген ай аяқталғаннан кейін Банк сіздің белсенділігіңізге талдау жүргізеді.

Талдау нәтижелері бойынша Сізге келесі деңгей беріледі:

Gold деңгейі– бір күнтізбелік ай ішінде 30 000 теңгеден басталатын сомаға тауарлар және қызметтерді, интернетте сатып алу ақысын төлеу;

Premium деңгейі – бір күнтізбелік ай ішінде 70 000 теңгеден басталатын сомаға тауарлар және қызметтерді, интернетте сатып алу ақысын төлеу.

Егер өткен айдағы қолма-қол ақшасыз операциялар 30 мың теңгеден аз сомаға жасалса, Банк Сізге Silver деңгейін белгілейді.

Бонустарды есептеу бойынша шектеулер бар ма?

Төлем карталарының санына қарамастан, бір клиент үшін бонустардың ең көп сомасы – айына 35 000 бонустан аспайды.

1 операцияға бонустарды есептеудің ең жоғарғы сомасы-10 000 бонустан аспайды.

Бонустық ниеттестік бағдарламасының қосымшасына сәйкес  ( https://jusan.kz/articles/185 ) сауда-сервис нүктесінің қызмет түріне байланысты бонустар есептеуге шектеулер бар. 

 

Басқа жаңалықтар

Moody's Jusan Bank-тің позитивті болжаммен «Ba3» д...

Алматы. 16 шілде 2024ж. Moody's Ratings (Moody's) халықаралық рейтинг агенттігі ...

«Jusan Vibe» Қазақстанның бірегей құстарының көрме...

«Қазақстан құстары» көрмесінің келушілері еліміздің қанаттылар алуандығын түсірг...

Ұқсас жаңалықтар