Дауыс көмекшісі
jusan_logo
kk
Қазақша
Русский
English
location
Jusan-да іздеу
Orangelife05.10.2022

Jusan қазақ тіліндегі қаржы журналистикасының дамуына ықпал етеді

Алматыда өткен  «Банк және инвестициялар» оқыту тренингіне 30-дан астам қазақтілді журналист қатысты. Біздің банк қазақстандық екінші деңгейлі банктер арасында бірінші болып БАҚ өкілдері үшін мемлекеттік тілде тегін тренинг ұйымдастырды. 

Бұрын мұндай іс-шаралар тек орыс тілінде және жергілікті деңгейде өткізілген. Біздің тренингке Алматы, Ақтөбе, Қызылорда, Қарағанды, Астана, Талдықорған және Тараз қалаларынан 31 журналист шақырылды. Іс-шараны ұйымдастыру бойынша барлық шығындарды, соның ішінде жол жүру, тұру және тамақтану шығындарын Jusan өз мойнына алды.

Тренингке қатысушыларды Jusan Басқарма төрағасы Нұрдәулет Айдосов құттықтады. Менторлар ретінде қаржы секторының, атап айтқанда банк және инвестициялық секторлардан спикерлер сөз сөйледі. 

ОсылайшаҚазақстан қаржыгерлер қауымдастығы Банк секторын және банктік емес ұйымдарды дамыту орталығының тұтынушылар құқықтарын қорғау жөніндегі директоры Ләззат Усенбекова  қаржы нарығы секторлары және реттеуші құжаттар туралы әңгімеледі.

Jusan Analytics редакторы Айбота Жаппарберген талдаушылар тобын таныстырып, олар дайындап жатқан шолулар мен сараптама туралы айтып берді.

Jusan Invest әріптестері - Корпоративтік қаржы департаментінің вице-президенті Ая Алдабергенова және Ірі клиенттермен жұмыс жүргізу департаментінің (Wealth) вице - президенті Әйгерім Молдабекова инвестициялауға арналған құралдарды таныстырды, сондай-ақ компанияның нарықтары мен талдамалық шолулар туралы айтты.

ҚР Ұлттық Банкінің Ақпарат және коммуникациялар департаментінің директоры Асан Ахметжан банктік, сақтандыру және инвестициялық нарықтағы статистикалық мәліметтер, талдау мен шолу туралы сөз қозғады.

Forbes Kazakhstan журналының бас редакторы Бақытжан Бұхарбай әлемдік брендке арналған мәтіндерді жазу стандарттарымен таныстырды.

LS Аqparat ақпараттық агенттігінің қаржы бойынша мамандандырылған бас редакторы Айнұр Каргалинова жедел және эксклюзивті контентті құру құпиясымен бөлісті, қаржылық тақырыптарда ақпарат жинау бойынша мастер-класс өткізді, сондай-ақ сандар берілген материалдармен жұмыс істеу ерекшеліктері туралы айтты.

Нұрдәулет Айдосов қатысушыларға оқудан өткені туралы сертификаттар және тренинг менторларына алғыс хаттар табыс етті. 

Форум қорытындысы бойынша қазақтілді БАҚ өкілдерінен сұраныстар түсе бастады, ал JusanInvest қызметкері Әйгерім Молдабекова BusinessFM тікелей эфиріне шықты. 

Сонымен қатар, тренингке қатысушылар әлеуметтік желілерде тренингтен алған жағымды эмоцияларымен және пайдалы ақпаратпен белсенді түрде бөлісті.

Басқа жаңалықтар

Jusan Bank «Қазақтелеком» АҚ-ның 9% акциясын сатып...

«First Heartland Jusan Bank» АҚ (Jusan Bank, бұдан әрі – Банк) «Қазақстан қор би...

Jusan Bank басқармадағы өзгерістерді жариялады

10 Тамыз, 2023 (KASE: TSBN): 2023 жылдың 10 тамызында «First Heartland Jusan Ban...

Ұқсас жаңалықтар

ORANGELIFE

Әріптестер, Жетісу жаңа филиалының ашылғаны туралы...

Orangelife

ORANGELIFE

«Жасыл офис» жобасының аралық қорытындысын шығарам...

Orangelife

ORANGELIFE

Jusan WOW HR 2022 бизнес сыйлығының номинанты болд...

Orangelife