Jusan Bank қазақстандық балаларды мерекемен құттықтады

Jusan Bank 1 маусым – Балаларды қорғау күні Қазақстанның барлық қалаларында  бүлдіршіндерді құттықтады. Ал Алматы қаласында Ақсай республикалық балалар клиникалық ауруханасындағы балалар үшін банк көңілді мерекелік шара ұйымдастырды.  Қайырымдылық шарасы Jusan Bank-тің Алматы филиалы ұжымының жыл сайынғы дәстүріне айналған.

Мерекеде балалар мен олардың ата-аналары үшін химиялық тәжірибелер, билер, анимация және фаер шоулары сынды мазмұнды әрі қызықты бағдарлама ұйымдастырылып, оларға түрлі тәттілер ұсынылды. Сонымен қатар Jusan аурухананың әрбір емделушісіне сыйлықтар табыс етті.

"Жағымды эмоциялар мен жақсы көңіл-күй балалардың сауығып кетуіне сеп боладыдеп сенеміз. Біз үшін ең бастысы - балалардың мерекеге қуанып, риза болғанын көру", - дейді банк қызметкерлері.

«Ақсай» республикалық балалар клиникалық ауруханасының бас дәрігері Пархатжан Надыров, Jusan Bank қызметкерлеріне, балаларға осындай айтулы күнде көрсеткен қамқорлығы мен сыйлықтары үшін алғысын білдірді. Сондай-ақ, Ақсай ауруханасының тарихы бай және Қазақстанда бұрыннан келе жатқан балалар емдеу-диагностикалық мекемелерінің бірі екенін атап өтті. Мұнда жыл сайын 5 мың қазақ баласына медициналық көмек беріледі, олардың көпшілігі ауылдан келед екен.

Дереккөз: Nur.kz

Bank news

08.04.2024


Команда Jusan Business провела ставшее уже традиционным мероприятие Demo Day, в ...

03.04.2024


Almaty, April 3, 2024 Jusan Bank allocated 300 million tenge to assist Kazakhst...