Jusan Elite+ депозитін Jusan мобильді қосымшасында немесе Jusan Банк бөлімшелерінің VIP-орталықтары мен Premium офистарында ашуға болады.
0% пайдалы деп тапты
Jusan Elite депозитін ашу үшін қажетті ең аз сома- 100 000 теңге, 500 АҚШ доллары, 500 еуро, 20 000 ресей рублі.
0% пайдалы деп тапты
Банктің меншікті капиталының мөлшерінен 25%-дан көп емес.
0% пайдалы деп тапты
Депозит мерзімі 6 немесе 12 айды құрайды.
0% пайдалы деп тапты
Теңге, АҚШ доллары, еуро, ресей рублі.
0% пайдалы деп тапты
Салымның осы түрінде қосымша жарналарға тыйым салынған.
0% пайдалы деп тапты
Jusan Elite+ депозитінен ішінара ақша алуға тыйым салынады.
0% пайдалы деп тапты
Автоматты түрде мерзімін ұзарту қарастырылмаған, салым сомасы салымшының ағымдағы шотына төленетін болады.
0% пайдалы деп тапты
Депозитті өз атыңызға немесе жұбайыңыздың атына ашуға болады. Бұл ретте, жұбайының атына ашу үшін жұбайының тікелей қатысуы не сіздің атыңызға ресімделген, депозит ашу және депозит шоты бойынша операциялар жасауға сенімхаттың болуы талап етіледі. Депозитке қатысты кез келген әрекеттерді жасауға арналған сенімхат нотариалды түрде немесе нотариустың өкілеттігі бар лауазымды адамдар куәландыруы тиіс.
0% пайдалы деп тапты
Бір клиентке шексіз депозиттерді рәсімдеуге болады.
0% пайдалы деп тапты
ҚР азаматтары үшін: төлқұжаттың түпнұсқасы немесе ЖСН міндетті түрде көрсетілген жеке куәлік.
Шетелдік азаматтар үшін:
• жеке куәлік;
• ЖСН-і бар құжат;
• ҚР тіркеу орнынан анықтама, оның ішінде заңды мекенжайы және нақты мекенжайы;
• ЕАЭО Кеден одағына кірмейтін елдердің азаматтары үшін көші-қон картасының болуы;
• мемлекеттік шекарадан өту туралы белгі;
• растайтын құжаттарды ұсына отырып, шот ашу қажеттілігінің негіздемесі;
• жеке тұлғаның сауалнамасы.
0% пайдалы деп тапты
Депозиттің аяқталу мерзімі туралы ақпарат депозит шартында, сондай-ақ Jusan мобильді қосымшасында Менің Банкім бөлімінде қамтылған.
0% пайдалы деп тапты
Депозит бойынша үзінді көшірмені Jusan мобильді қосымшасы арқылы немесе Банк бөлімшесінде менеджеріңізге хабарласу арқылы тегін алуға болады.
0% пайдалы деп тапты
Анықтаманы Jusan мобильді қосымшасы арқылы алуға болады немесе жеке басын куәландыратын құжатты көрсете отырып, Банк бөлімшесіне өз менеджеріңізге өтініш жасай аласыз. Анықтама өтініш берілген күні беріледі. Анықтама беру үшін ақы алынбайды.
0% пайдалы деп тапты
Jusan Elite + депозиті бойынша депозитті мерзімінен бұрын қайтару Сіз Жинақ депозитін мерзімінен бұрын қайтару (жабу) туралы өтініш берген күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн өткен соң жүзеге асырылады. Сыйақы банктік салым шарты бұзылған кезде Банкте қолданылатын "талап еткенге дейін" мөлшерлемесі бойынша салымды орналастырудың нақты уақыты үшін қайта есептелуге жатады. Артық есептелген/төленген/ капиталдандырылған сыйақы сомасы депозит сомасынан ұсталады, депозиттің қалдығы сізге қайтарылады.
0% пайдалы деп тапты
Егер депозиттің аяқталу күні жұмыс емес күнге келетін болса, онда депозит бойынша мерзімнің аяқталу күні демалыс және мереке күндерінен кейінгі бірінші жұмыс күніне ауыстырылады.
0% пайдалы деп тапты
Депозитті балаға туған сәттен бастап ашуға болады. Бұл ретте, ашуды ата-анасының біреуі немесе баланың өзге де заңды өкілдері не ата-анасының немесе баланың заңды өкілдерінің сенімхаты негізінде әрекет ететін үшінші тұлға жүзеге асырады.
0% пайдалы деп тапты
Бұл салым сомасына есептелген пайыздарды қосу. Пайыздар депозит сомасына қосылады және сыйақы алдыңғы айдағы пайыздарды қоса алғанда, барлық сомаға есептеледі.
0% пайдалы деп тапты
"Номиналды мөлшерлеме-бұл депозит бойынша сыйақы есептелетін мөлшерлеме.
Тиімді мөлшерлеме-бұл ақпараттық сипаттағы мөлшерлеме, бұл клиент капиталдандыруды ескере отырып, салымды сақтаудың барлық кезеңінде алатын ең жоғары сыйақы мөлшерлемесі."
0% пайдалы деп тапты
Депозиттер бойынша сыйақы күнделікті қалдыққа есептеледі. Сыйақы мынадай формула бойынша есептеледі: сыйақы= (депозиттегі сома*номиналды мөлшерлеме%/360 күн)*айдағы 30 күн.
0% пайдалы деп тапты
Есептелген сыйақыны Jusan мобильді қосымшасында "Депозиттер"- "Депозит мәліметтері" бөлімінде қадағалай аласыз. Сондай-ақ, ақпаратты депозит бойынша үзінді көшірмені сұрау арқылы Банк бөлімшесінен өз менеджеріңізден алуға болады.
0% пайдалы деп тапты
Бұл депозит бойынша банкте клиентке қызмет көрсету шарттары мен тәртібін сипаттайтын, Банктің сайтында орналастырылған шарт.
БСШ-қа қосылу туралы өтінішке қол қою арқылы сіз автоматты түрде БСШ-қа қосыласыз.
0% пайдалы деп тапты
Жеке тұлғалардың 20 000 000 теңгеге дейін, шетел валютасында: 5 000 000 теңгеге дейін сомасындағы Jusan Elite+ депозиттері кепілдік беру объектісі болып табылады.
0% пайдалы деп тапты