Жиі қаралатын бөлімдер

Табылмады

Кілт сөзді екі жолмен орнатуға немесе өзгертуге болады:

• Банк бөлімшесінде,
• Jusan мобильді қосымшасында карта болған жағдайда.

0% пайдалы деп тапты


Кілт сөз алаяқтықтың алдын алу және клиенттердің дербес деректерін жария ету үшін Банктің Call-center-іне қоңырау шалған кезде карта ұстаушысын сәйкестендіру үшін қажет.

0% пайдалы деп тапты


3D Secure - бұл интернет желісіндегі төлем карталары бойынша төлемдердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ең заманауи технологиясы. Егер интернет-дүкен 3D Secure технологиясын қолданса, онда Сіз SMS-ақпараттандыру қызметін қосып, осы интернет-дүкенде төлем жасай аласыз. 3D Secure қызметі карта ұстаушының түпнұсқалығын анықтау және карта бойынша алаяқтық тәуекелін барынша азайту үшін қажет.

0% пайдалы деп тапты


Банктің төлем картасынан Банктің/ басқа Банктің кез келген басқа төлем картасына аударым операциялары кезіндегі шектеу тәулігіне 2 000 000 теңгені құрайды. Шектеуді карта ұстаушысы Jusan мобильді қосымшасында немесе Банктің Call-center-іне 7711 нөмірі (ұялы телефондардан қоңырау шалу тегін) бойынша хабарласқан кезде өзгерте алады.

Мобильдік қосымшадағы валюталық аударымдар кезінде (өз шоттары арасында) мынадай лимиттер қолданылады:

• демалыс / мереке күндері: тәулігіне 4 500 000 теңгеге дейін
• жұмыс күндері (09:00-ден 17: 00-ге дейін): тәулігіне 30 000 000 теңгеге дейін

Visa халықаралық төлем жүйесі белгілеген картадан картаға аударым операцияларының лимиттерің өзгертуге болмайды:

• 1 операция үшін аударым сомасына шектеу: 25 000 АҚШ доллары;
• Айына аударым операцияларының сомасына шектеу: 200 000 АҚШ доллары;
• Жеті күн ішінде аударым операцияларының сомасына шектеу: 100 000 АҚШ доллары
Mastercard халықаралық төлем жүйесі белгілеген картадан картаға аударым операцияларының лимиттерің өзгертуге болмайды:

• 1 операция үшін аударым сомасына шектеу: 5 000 АҚШ доллары;
• Айына аударым операцияларының сомасына шектеу: 100 000 АҚШ доллары.

0% пайдалы деп тапты


Jusan мобильдік қосымшасында ұялы байланыс оператордың қызметтеріне ақы төлеу кезінде келесі мөлшерде лимит белгіленген:

• Kcell/Activ ұялы байланыс операторларына тәулігіне 100 000 теңге,
• Басқа ұялы байланыс операторларына тәулігіне 20 000 теңге

Шектеу өзгертуге жатпайды.

Басқа платформаларда қызметтерді төлеу кезінде - тәулігіне 100 000 теңге, төлем картасын ұстаушысы Банктің Call-center-іне 7711 нөмірі бойынша (ұялы телефондардан қоңырау шалу тегін) қоңырау шалған кезде шектеу өзгертілуі мүмкін.

0% пайдалы деп тапты


Лимиттер алаяқтық жағдайында шығындарды азайту мақсатында төлемдер/аударымдардың қауіпсіздігі үшін қажет.

0% пайдалы деп тапты


ҚР шегінен тыс жерге шығар алдында Банктің Call-center-іне 7711 нөмірі бойынша (ұялы телефондардан қоңырау шалу тегін) хабарласып, тиісті елде қолданылатын лимиттерді алып тастау қажет.

0% пайдалы деп тапты


Халықаралық төлем жүйелерінің қағидалары мен ҚР Заңнамасы бойынша PIN-код енгізусіз Банк картасынан байланыссыз төлем жасау кезінде төлемнің ең жоғары сомасы - бір операция үшін 25 000 теңге.

0% пайдалы деп тапты


Банктің барлық төлем карталары бойынша қолма - қол ақшасыз сатып алу лимиті-айына 1 000 000 теңге. Барлық төлем карталары бойынша интернеттегі төлемдер лимиті - айына 500 000 теңге. Шектеуді карта ұстаушысы Jusan мобильді қосымшасында немесе Банктің Call-center-іне 7711 нөмірі (ұялы телефондардан қоңырау шалу тегін) бойынша қоңырау шалған кезде өзгерте алады.

0% пайдалы деп тапты


Банктің барлық төлем карталары бойынша қолма - қол ақша алу лимиті:

  • тәуліктік лимиті тәулігіне - 3 000 000 теңгеге дейін (шектеуді өзгерту мүмкін емес);
  • айлық лимит айына - 10 000 000 теңгеден аспайды. Шектеуді карта ұстаушы Банктің Call-center-іне 7711 нөмірі бойынша (ұялы телефондардан қоңырау шалу тегін) жүгінген кезде дербес өзгерте алады.

0% пайдалы деп тапты