Бөлшек салық арнаулы салық режимінде ЖК ашу

Кәсіпкерлерге арналған ҚҚС-сыз оңтайлы салық режимі

Дана Ермұхан

Дана Ермұхан

автор

Ирина Дубчак

Ирина Дубчак

редактор

Юлия Тё

Юлия Тё

салық кеңесшісі, аудитор, бухгалтер

Бөлшек салық арнаулы салық режимінде ЖК ашу

ЖК — бұл жеке шағын бизнес ашудың ең жеңіл және заңды жолы болып табылады. Жеке кәсіпкер басқа ұйымдармен жұмыс істеп, қызметкер жалдап, тапқан табысын өз еркімен жұмсай алады. Сонымен қатар, ЖК зейнетақы жарнасын төлегендіктен, қызметкерде жұмыс стажы есептелетін болады.

ЖК тіркеу алдында жасалатын қадамдар

Тіркеу бұрын қызмет түрі мен салық режимін таңдау керек. Оны алдын-ала істеу керек, себебі тіркеу кезінде сәйкес тармақтарды толтыру қажет болады.

ЖК қызмет түрлері

Елімізде экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші — ЭҚЖЖ бар. Онда мал шаруашылығынан бастап, бағдарламалық жасақтама әзірлеуге дейінгі кәсіпкерліктің барлық түрлері аталған.

Жіктеуіш бойынша қызметтің үш түрін таңдауға болады:

  • Қызметтің негізгі түрі — басты табыс көзі.
  • Қызметтің қосымша түрі — негізгіге қарағанда азырақ табыс әкелетін қызмет түрі.
  • Қызметтің қосалқы түрі — негізгі және қосымша қызмет түрлерін сүйемелдейтін қызмет түрі: тасымалдау, сақтау, сатып алу, өнім өткізуді дамыту, тазалау, жөндеу, күзет және тағы басқа мақсаттарда пайдаланады.

ЖК қызмет түрінің коды

Әр қызмет түрінің өзіне сәйкес коды болады, ол код қызметтің бөлімін, тобын, класын және ішкі класын анықтайды.

Мысалы, егер сіз азық-түлік дүкенін ашатын болсаңыз, негізгі қызмет түрі ретінде 47.11.1 «Сауда алаңы 2 000 ш.м-ден кем сауда объектілері болып табылатын мамандандырылмаған дүкендерде көбінесе тамақ өнімдерін, сусындар мен темекі өнімдерін бөлшек саудада сату» кодын таңдауыңызға болады.

Егер оның жанында көкөніс киоскісін ашқыңыз келсе, қосымша қызмет түрі ретінде 47.21.1 «Сауда алаңы 2 000 ш.м-ден кем сауда объектілері болып табылатын мамандандырылған дүкендерде жеміс-жидектер мен көкөністерді бөлшек саудада сату» кодын таңдауға болады.

ЖК салық режимдері

Салық төлеу және есеп беру кәсіпкерліктің салық режиміне сәйкес жүзеге асырылады.

Салық режимдерінің негізгі түрлері:

  • ЖБР — жалпыға бірдей белгіленген салық режимі.
  • Оңайлатылған — оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимі.
  • Патент — патент негізіндегі арнаулы салық режимі.
  • Бөлшек салық — бөлшек салық арнаулы салық режимі.
  • Мобильді қосымша — арнайы мобильді қосымша қолданылатын арнаулы салық режимі.
  • Тіркелген шегерім — тіркелген шегерім пайдаланатын арнаулы салық режимі.
  • Шаруа немесе фермер қожалығының арнаулы салық режимі.

Бұл мақалада бөлшек салық арнаулы салық режимінде ЖК ашу туралы айтатын боламыз. Басқа салық режимдері туралы мына сілтемеге өтіп оқыңыздар:

ЖК ашу

Бөлшек салық АСР

Бұл режим кәсіпкерлердің салық жүктемесін азайтады, өйткені компания айналымы көлеміне қарамастан, ҚҚС төленбейді.

Бөлшек салық АСР-дегі ЖК шарттары

  • қызметкерлер саны — ЖК иесін қоса алғанда 200 адам;
  • ең жоғары жылдық табысы — 600 000 АЕК-тен аспау керек (2024 жылы 2 215 200 000 теңге);
  • 364 қызмет түрінің бірімен айналысады;

Егер бизнесте бірнеше ЭҚЖЖ болса және олардың барлығы бөлшек салыққа жататын болса, онда бұл режимді таңдай беруге болады. Бірақ егер ЭҚЖЖ-ның біреуі тізімде болмаса, онда бұл режимге ауысуға болмайды. Бұл жағдайда режимге кірмейтін қызмет түрін алып тастауға болады, сонда салық режимі келесі айдан бастап қолданылатын болады.

Оңайлатылған ЖК-ге қарағанда, бөлшек салық АСР-дегі ЖК-да орналасу аймағы бойынша шектеулер жоқ — филиалдар мен сауда нүктелерін әр түрлі елді мекендерде ашуға болады.

Бөлшек салық АСР-дегі ЖК салықтары

Бөлшек салық АСР-дегі ЖК тоқсан сайын жеке табыс салығын және ай сайын қызметкерлері үшін әлеуметтік төлемдер (әлеуметтік салықтан басқа — одан босатылған) төлеп отыруға тиіс. Кейбір жағдайларда ЖК ҚҚС есебіне тұруға тиіс, ал егер оның меншігінде мүлік, жер немесе көлік болса, онда ол үшін тиісті салықтарды төлеп отыруы қажет. Салық салу туралы толығырақ біздің басқа мақаламыздан оқыңыздар.

Бөлшек салық АСР-ға көшу

Бөлшек салыққа кез келген режимнен ауысуға болады, ең бастысы — бизнес жоғарыда жазылған шарттарға сәйкес болу керек.

Егер ЖК бұрынғы режим бойынша ҚҚС төлесе, онда жаңа режимге көшудің алдында бес күн бұрын ҚҚС бойынша тіркеуден шығып, сол күні үш құжат тапсыруы қажет:

  • «Тарату» белгісі қойылған ҚҚС декларациясы — 300.00 СЕН;
  • ҚҚС бойынша есептен шығару туралы өтініш;
  • салық салу режимінің өзгеруі туралы хабарлама.

Осы құжаттардың бәрін салық төлеушінің кабинетінде немесе e-Salyq Business мобильді қосымшада жасап, жіберуге болады. Құжаттарды тапсыру үшін ЭЦҚ қажет.

ЖК ашу тәртібі

ЖК тіркеу үшін мемлекеттік органдарға онлайн хабарландыру жіберу керек. Ол үшін электронды лицензиялау сайтында немесе екінші деңгейлі банктер қосымшаларында белгіленген үлгі бойынша өтініш беру керек. Тіркелу қызметі толығынан тегін.

ЖК-ны мемлекеттік қызмет арқылы онлайн тіркеу үшін тек қана электронды-цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) қажет. Оны ХҚКО-да немесе egov.kz электрондық үкімет сайтында алуға болады.

Elicense.kz-те ЖК ашу тәртібі

1. ЭЦҚ арқылы авторизациялану

2. «Қызмет көрсету» бөліміне өту → «Дара кәсіпкер ретінде қызметті бастағаны туралы хабарлама» → «Қызметке онлайн тапсырыс беру»

3. Деректерді толтыру:

  • ЖК нақты мекенжайы
  • ЖК атауы
  • қызмет түрі (ЭҚЖЖ)
  • салық режимі (ЖБР, оңайлатылған, патент, т.б.)

4. ЭЦҚ көмегімен өтінішке қол қою

Jusan Business қосымшасында ЖК ашу

Jusan Business мобильді қосымшасында да ЖК жылдам ашуға болады. Ол үшін JB қосымшасын жүктеп алып, телефон нөмірі мен ЖСН енгізіп, «ЖК тіркеу» деген экран шығады → «Тіркеуді бастау» → ЖК-ның аты-жөнін және қызмет мекенжайын толтыру керек → ЭҚЖЖ кодын таңдау → салық режимін таңдау → өтінімді растау.

Содан кейін Jusan Business-те шот ашып, бизнесті дәл қосымшада басқаруға болады.

ЖК тіркелгені туралы elicense.kz порталындағы жеке кабинетте білуге болады:

Ары қарай не істеу керек

Жеке кәсіпкер ретінде тіркеу туралы хабарландыру келген соң, бірден жұмыс істей беруге болады. ЖК ашылғаннан соң аталған хабарландыру расталды деп саналады. Енді табысты ресми түрде есептеу үшін клиенттерден төлем қабылдау тәсілдерін таңдау керек.

Клиенттерден төлем қабылдау тәсілдері

ЖК клиенттерден төлем қабылдау түріне байланысты келесілерді тіркеу керек:

  • Онлайн-касса — қолма-қол ақшамен және банк карталары арқылы төлем қабылдау.
  • ЖК шоты — қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдау.
  • POS-терминал — төлемдерді карта және QR көмегімен қабылдау.

Шотты Jusan Business мобильді қосымшасында ашуға болады — бұл тез, тегін, әрі банкке барудың қажетісіз. Сондай-ақ, бірден карта және QR арқылы төлем қабылдайтын POS-терминалға тапсырыс беруге болады — оны банк қызметкерлері бір күнде жеткізіп, қосып береді.