ЖТСМ деген не

Банктер жасырын комиссия ұстайтыны шын ба

Ақбота Хасенова

Ақбота Хасенова

автор

Ирина Дубчак

Ирина Дубчак

редактор

Арман Миербеков

Арман Миербеков

Product Owner Jusan Business

ЖТСМ деген не

Көпшілік бизнеске кредит алар кезде ай сайынғы төлемдермен бірге кредит беру рәсімі мен кредитке байланысты қызметтер үшін бөлек комиссия төлеу керек екені туралы ойлана қоймайды. Ол төлемдер жасырын да емес, құпия да емес: барлық кредит беруші ұйымдар қарыз алушыларға ол туралы кредит келісімшартын жасамай тұрып, алдын-ала айтуы керек. Кредиттің шынайы құнын қалай білуге болады және оны тым асырып төлемеу үшін не істеу керек?

Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі

Кредит шарттарындағы түсініксіз ЖТСМ қысқарған сөзі — бұл жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі, яғни кредит шығынының жалпы мөлшері. Ол номиналды мөлшерлемеге қарап есептеледі.

ЖТСМ-ға кредиттің негізгі пайызы қосылған ай сайынғы төлемдер және кредит өтінішін қарастыру және мақұлдау, кредитті ақшалай шешіп алу, кепілге баға беру, қарызды сақтандыру, кредит шотына қызмет көрсету, кредит шарттарын өзгерту сияқты кредитке қатысты қызметтер комиссиясы кіреді.

Мысалы, Jusan Business ұсынатын «Бизнес Стандарт» кредитінің сыйақысы 20,5%, ал ЖТСМ — 23,1% құрайды, оның 2,6% комиссиялардан тұрады. Яғни қарыз алушы адам кредит қаражатын алар алдында бір рет төленетін комиссия төлейді де, ары қарай кредитін 20,5% мөлшерлемемен өтейтін болады.

Барлық комиссиялар кредит келісімшартына қол қояр алдында анықталады, олар ай сайынғы төлемдерге де кірмейді, қарызға берілетін ақшадан да ұсталмайды. Сол себепті банкке барар кезде шотыңызда жеткілікті қаражат ұстағаныңыз жөн.

ЖТСМ-ға неліктен назар салу керек?

Әр банктің комиссиялары әр бөлек: кейбіреуінде кредит мөлшерлемелері төмен болса да, комиссиялары көп болып, ЖТСМ да жоғары болып шығуы мүмкін. Ал кейбіреуінің ай сайынғы сыйақы мөлшерлемесі жоғарырақ болса да, комиссиясы тек кредит қарастырғандары үшін ұсталып, шығыны әлдеқайда аз болуы мүмкін.

Кредит ұйымдарын шектеу үшін Ұлттық Банк ЖТСМ ең жоғары мәнін мынадай етіп бекітті:

  • кепілсіз банк кредиттері — 56%;
  • кепілді банк кредиттері — 40%;
  • ипотека кредиттері — 25%;
  • микроқаржы ұйымдары беретін микрокредиттер — 56%;
  • 45 күнге дейін берілетін 50 АЕК шамасына дейінгі кепілді микрокредиттер — 20%;
  • 45 күнге дейін берілетін 50 АЕК шамасына дейінгі кепілсіз микрокредиттер — 30%.

Jusan Business кредиттеріндегі ЖТСМ

Бизнеске арналған кредиттердегі ЖТСМ-ны Jusan Business басты бетінде «Құжаттар» → «Тарифтер мен мөлшерлемелер» → «Банктің кредит беру кезінде қолданатын комиссиялар мен айыппұл санкциялары» сілтемесіне өтіп оқуға болады.

ЖТСМ-ға кіре алатын комиссиялар:

  • кредит рәсімдеу комиссиясы;
  • кредит шотын ашу және оған қызмет көрсету комиссиясы;
  • кредит келісімшарты шарттарын өзгерту үшін ұсталатын комиссия: төлем кестесін, қарыз валютасын, сыйақы мөлшерлемесін, қаржыландыру мерзімін өзгерту, жарамдық мерзімін ұзарту үшін алынатын комиссиялар; 
  • кредит өтінімін қарастыру комиссиясы;
  • кепіл затын немесе кепіл берушіні ауыстыру үшін ұсталатын комиссия;
  • өтеу шарттарын өзгертпей тұрып, кредит өтеу тәсілін өзгерту үшін ұсталатын комиссия.

ЖТСМ-ға ықпал ететін шарттар

ЖТСМ мөлшеріне кредит түрі, бас банк кредит комитетінің шешімі немесе жеңілдетілген кредит беру жөніндегі мемлекеттік бағдарламарға қатысу шарты ықпал етеді. Оны өз бетіңізбен есептеу тым қиын болуы мүмкін, сол себепті кредит менеджеріне хабарласқан дұрыс.

Кредит түрі

ЖТСМ номиналды мөлшерлемеге, комиссия мөлшеріне және кредит мерзіміне байланысты болады. Кредит мерзімі неғұрлым қысқа болса, ЖТСМ соғұрлым жоғары болады. Мысалы, мерзімі 45 күнге дейінгі «Овердрафт» кредит желісінің ЖТСМ 36,7%-дан 56%-ға дейін болуы мүмкін, ал мерзімі алты жылдық қарапайым кредиттің ЖТСМ номиналды мөлшерлемеден аса көп аспайтын болады.

Кредит комитетінің шешімі

Кредит комитеті шешім қабылдау барысында кейбір комиссияларды ұстамауға немесе қосымша қызметтерді пайдаланғаныңыз үшін номиналды мөлшерлемені азайтуға келісуі мүмкін. Ол былай болады: мысалы, сіз сыйақы мөлшерлемесінен басқа барлық шарттары ұнайтын кредит таңдап алдыңыз дейік. Сіз оның сыйақы мөлшерлемесін 20%-дан 18%-ға дейін төмендеткіңіз келіп, орнына банктің басқа қызметтерін қолдануға дайын екендігіңізді айтасыз. Сонда кредит комитеті сіздің өтініміңізді қарастырып, кредит мөлшерлемесін төмендету не төмендетпеу туралы шешім қабылдайды. 

Мемлекеттік бағдарламаларға қатысу

Егер сіз мемлекеттік бағдарлама бойынша жеңілдетілген кредит алсаңыз, оның сыйақы мөлшерлемесі бағдарлама шарттарына сәйкес есептелетін болады. Банк кредитті өз стандарттары бойынша қарастырса да, одан еш қосымша комиссия ұстамайтын болады.

ЖТСМ төмендету мүмкін бе

Егер кредиттің жалпы мөлшеріне ықпал етуші факторлар, яғни төлем мөлшері, төлеу мерзімі немесе қосымша комиссиялар өзгергесе, жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі де қайта есептеледі. Мәселен, егер сіз бес жылға кредит алып, бір-екі жылдан кейін қарыздың қандай да бір бөлігін ертерек жапқыңыз келсе, банк қарызыңызды қайта есептеп, төлем сомасын азайтып, төлем мерзімін қысқартады. Сәйкесінше, ЖТСМ да төмендейді. Ол үшін банк сізбен қосымша келісімшарт жасайды.

ЖТСМ кредиттің шынайы құнын көрсетіп, түрлі банктер мен кредит беруші ұйымдардың ұсыныстарын салыстыруға көмектеседі. Ол номиналды мөлшерлемеге қарағанда кредит шығынын толық көрсетеді — ЖТСМ-ға қарап, сіз кредитіңізге жалпы қанша ақша кететінін дұрыс есептей алатын боласыз.

Онлайн-кредит

Jusan Business қосымшасында кез келген мақсатқа кепілсіз кредит алыңыз

Толығырақ
Онлайн-кредит