Басқа өнімдер

Кастодиандық қызмет

Бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызмет көрсету: клиенттердің қаржы құралдары мен қаражаттарын есепке алу және олардың құқықтарын растау, клиенттердің құжаттамалық қаржы құралдарын міндеттеме бойынша сақтау, және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес басқа да қызмет атқару.

Біз тек Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларына ғана кастодиандық қызмет көрсетеміз

Біздің артықшылықтарымыз

Бірінші цифрлық кастодиан

Қағаз құжат айналымы қысқартылған. Клиент құжаттарын электронды түрде ұсынады. Есепті де электронды түрде қабылдайды

Jusan Custody фронтал жүйесі

Клиент шот ашу туралы және мәмілелер туралы бұйрықтарды Jusan Custody арқылы жібереді. Бұйрықтардың күйін де сонда бақылап, есептерді көре алады

Автоматтандырылған есепке алу жүйесі

Бұйрықтарды өңдеу, есеп жасау, таза активтердің құны мен пайлардың құнын салыстыру автоматты түрде, қолмен істелетін жұмысты азайта отырып жасалады

Негізгі халықаралық нарықтарға шығу мүмкіндігі

Біз UniCredit әлемдік кастодианымен жұмыс істейміз. Ол арқылы DTC, Euroclear, Clearstream және басқа да нарықтарға шыға аламыз

Клиенттердің барлық түрлерімен жұмыс істеу

Біз клиенттердің барлық түрлеріне — брокерлерге де, қоржын басқарушыларға да, ИПҚ/АИҚ, БЖЗҚ, МҚК да, сақтандыру компанияларына қызмет көрсетеміз

Клиенттердің бабын табу

Біз клиенттермен жиі кездесеміз. Олардың бизнес процестерді оңтайландыруға және есептілік беруге байланысты ұсыныстарын ескере отырамыз

Төлемдерді өңдеу жылдамдығы

Біз клиенттерге сауда қаражаттарын және сыйақыларын бірден сол күні аударамыз

Қолайлы тарифтер

Клиенттерге активтерінің көлеміне байланысты жеке тариф орнату мүмкіндігі бар

Құжаттар