Яндекс Еда арқылы жұмыс істеу жолдары
Сервиске қосылу және жұмыс істеу бойынша толық нұсқаулық

Мақаланың мазмұны
Қазір тамаққа онлайн тапсырыс беретін адамдар көбейді. Клиенттерді жоғалтпау үшін мейрамхана мен дәмханалар жеткізу сервистері арқылы жұмыс істеуі керек. Солардың бірі — Яндекс Еда. Бұл тамаққа тапсырыс қабылдап, оны жеткізуді ұйымдастыратын онлайн платформа. Кез келген тамақтандыру мекемесінің Яндекс Еда сервисіне қосылу тәртібі мен ынтымақтастық шарттарын осы мақалада қарастырамыз.
Сервистің қалаңызда қолжетімді екенін тексеріңіз
Яндекс Еда әзірге Қазақстанның барлық өңірінде іске қосылмаған. Платформа негізінен Астана, Алматы, Шымкент сияқты ірі қалаларда қолжетімді.
Қолжетімділікті Яндекс Еда қолданбасы немесе ресми сайт арқылы тексеруге болады. Ол үшін мекемеңізге жақын мекенжайды (мысалы, көрші тұрғын үй немесе кеңсе) көрсетіңіз. Егер сервис осы аудандағы қолжетімді мейрамханалардың тізімін берсе, демек, Яндекс Еда бұл жерде жұмыс істейді және сіздің мекемеңіз де қосыла алады.
Қосылу үшін өтінім қалдырыңыз
Сервис сіздің қалаңызда жұмыс істесе, мекемеңізді ресми серіктестер платформасы арқылы қосуға болады.
Сайттағы қысқаша өтінім нысанын толтырып, келесі ақпаратты көрсету қажет:
- аты-жөніңіз
- электрондық пошта мен байланыс телефоныңыз
- мекеменің атауы және қазіргі таңда қолданатын жеткізу тәсілдері
- қалаған жеткізу түрі — өз курьерлеріңізбен немесе Яндекс Еда курьерлеріне тапсыру
- мекеменің нақты мекенжайы
- ЖК үшін ЖСН немесе ЖШС үшін БСН
Өтінімді жібергеннен кейін сізбен Яндекс Еда менеджері хабарласады.
Ынтымақтастық шарттарымен танысыңыз
Комиссия
Комиссия мөлшері орта есеппен тапсырыс құнының 20–35%-ын құрайды. Қызмет құны таңдалған жеткізу тәсіліне байланысты: өз курьерлеріңізді немесе Яндекс Еда серіктес-курельерін пайдалану. Комиссия платформамен жұмыс істеу, мекемеңізді жарнамалау, техникалық қолдау көрсету және арнайы қолданбаны пайдалану мүмкіндігі үшін алынады.
Жеткізу тәсілі мен аумағы
Яндекс Еда платформасында екі жұмыс форматы бар:
- серіктес курьерлермен жеткізу — жеткізу шарттары автоматты түрде есептеледі, жеткізу радиусы мекемеден 10 км-ге дейін болуы мүмкін
- мекеменіңіздің курьерлерімен жеткізу — бұл жағдайда жеткізу радиусын және шарттарды өзіңіз белгілейсіз, бірақ олар сервис талаптарына сай болуы тиіс
Өтінім берілгеннен кейін ынтымақтастық шарттары мен қосылу мерзімдері менеджермен жеке талқыланады. Сол кезде сіз шарт үлгісімен танысып, қосылу туралы барлық ақпаратты аласыз.
Екі тарап талаптармен келіссе, келісімшартқа қол қойылады — ЭЦҚ арқылы немесе қағаз нұсқада скан-көшірме не поштамен алмасу арқылы.
Қолданбаны баптап, іске қосыңыз
Шартқа қол қойылғаннан кейін, көрсетілген электрондық поштаңызға жеке кабинетке кіру үшін логин мен құпиясөз жіберіледі — Яндекс сізді жүйеге автоматты түрде қосады. Жеке кабинетте мәзірді жүктеп, тағамдардың сипаттамасы мен фотосуреттерін қосу қажет. Барлық баптауларды аяқтаған соң, сіз тапсырыстарды қабылдап бастай аласыз.
Тапсырыстармен жұмыс «Я.Еда.Вендор» қолданбасы арқылы жүзеге асырылады. Қолданба компьютерге арналған веб-нұсқада қолжетімді, сондай-ақ оны IOS пен Android жүйелеріне орнатуға болады. Сұрақтар туындаған жағдайда сервистің техникалық қолдау қызметіне жүгінуге кеңес беріледі.
Тапсырыстар үшін төлем алыңыз
Мейрамханаларға төлем толықтай қолма-қол ақшасыз жүргізіледі. Қаражат тiркеу кезiнде көрсетiлген банк деректемелеріңізге аударылады. Сервис комиссиясы автоматты түрде ұсталады.
Қажет болған жағдайда деректемелеріңізді өзгерту үшін қолдау қызметіне өтініш беруге болады.
Тапсырыс бойынша чек беру тәртібі шарттың талаптарына байланысты.
Яндекс Еда сервисіне қосылу — бұл сату арнасын кеңейтіп, жаңа клиенттер тартудың және онлайн жеткізуді ұйымдастырудың тиімді жолы. Сервис көмегімен серіктестер кең аудиторияға қол жеткізіп, тапсырыстарды басқару мен төлемдерді бақылау үшін қажет техникалық құралдарға ие болады. Егер сізде қосымша сұрақтар болса, оларды техникалық қолдау қызметіне мына электрондық пошта арқылы жолдай аласыз: rest@eda.yandex.ru.