search
kk
Қазақша
Русский
English
location
kk
Қазақша
Русский
English
location
search

Jusan-ның жауапкершілік мәдениеті

Jusan – бұл мықты, сенімді және көпшілік мойындаған бренд.

Біздің банк бизнесті жауапкершілікпен жүргізу және әлеуметтік және экологиялық өлшемшарттарды іскерлік тәжірибеге біріктіріп, осылайша ішкі бақылауда және корпоративтік басқаруда алдыңғы қатарлы

құзыреттіліктерді қамтамасыз ету арқылы орнықты банк қызметінің эталонына айналуға талпынуда.

Мұндай амал-тәсіл ұзақмерзімді құндылықты қалыптастырады және негізгі стейкхолдерлердің тарапынан бізге деген сенімді арттырады.

Маңызды құрамдас бөліктер:

Клиенттерге жауапкершілікпен қарау.

Jusan стратегиясы клиенттерге қызмет көрсету сапасына және олардың қанағаттануына негізделген –олардың мұқтаждылықтарын анықтау, өнімдер мен қызметтер сегментациясын жақсарту, процестерді жеңілдету, инновациялық және цифрлық шешімдер имплементациясы клиенттік тәжірибені күшейтеді.

Дарынды және жұмысқа әуес команда.

Банк мақсатқа ұмтылған және дарынды қызметкерлерінің, ұйымшыл, ынталанған және мүддесі бар, ортақ корпоративтік құндылықтарды ұстанатын ұжымның арқасында ғана табысқа жетіп, клиенттердің бейімді қарым-қатынасына қол жеткізіп, оны сақтай алады.

Тәуекелді есепке алу мәдениеті.

Тәуекелді тиісті түрде басқару және салғастырыла тексерілген комплаенс Банктің тұрақты түрде дамуына кепілдік береді және стейкхолдерлер тарапынан сенімді жақсартады.

Киберқауіпсіздік және деректерді қорғау.

Jusan ақпараттық қауіпсіздік және кибершабуылдардың алдын алу үшін инновациялық шешімдерді пайдаланып, біздің клиенттеріміз, қызметкерлеріміз және жеткізушілеріміз туралы деректердің және ақпараттың сақтандығын, құпиялылығын және бүтіндігін қамтамасыз етеді.

Жауапкершілікпен сатып алу.

Jusan жеткізушілермен конструктивті түрде әрекет етеді және олардың біздің банк бағдар алатын әлеуметтік және экологиялық жауапкершіліктің этикалық ұстанымдарын қолдауын құптайды – жұмыла жұмыс жасай отырып біз Қазақстанның орнықты дамуына септігімізді тигіземіз.

Jusan өз қызметкерлері мен мамандарының этикалық және ашық мінез-құлық мәдениетін енгізіп жатыр.

Этиканың жоғары стандарттарына және клиенттермен, акционерлермен, іскерлік серіктестермен және жалпы қоғаммен қарым-қатынастардағы ашықтыққа негізделген іс-әрекеттермен қатар қызметкерлердің және мамандардың адалдығы біздің бір-бірімізге және өзіміз жұмыс жасайтын ортаға деген қарым-қатынасымызды айқындайды.

Банктің барлық әрекеттер мен операциялардағы мінез-құлық моделін реттейтін жеке корпоративтік мәдениет кодексі бар. Ол Jusan өз қызметкерлерінен не күтетінін және стейкхолдерлер Jusan-нан не күтетінін айқындайды.

Біздің адамдарға бөлетін назарымыз клиенттермен және қызметкерлермен шектелмейді. Біз адам құқықтары саласындағы міндеттемелерімізді бизнесті табысты жүргізудің негізі деп есептейміз. Адам құқықтарын құрметтеу Jusan-ның корпоративтік құндылықтарының ажырамас бөлігі болып табылады.