Қоршаған ортаны қорғау
Жоғары әлеуметтік жауапкершілік
Корпоративтік басқарудың жоғары сапасы
клиент
клиентерге берілген кредит
ШОБ-қа берілген кредит
филиал
қызметкер
Jusan ESG қағидаттарын енгізе және қызметкерлердің, клиенттердің, акционерлердің, іскерлік серіктестердің және қоғамның берік бейілділігін қалыптастыра отырып, бизнесті жауапкершілікпен жүргізуге бағдар ұстай отырып үздік қаржылық және цифрлық платформа болуға ниетті.
Бизнесті ESG-трансформациялауға бастама жасай отырып, Jusan біздің орнықты корпоративтік даму туралы көзқарасымызды қалыптастыратын ұзақмерзімді артықшылықтарды ұстанады.
Jusan банктік қызметтің корпоративтік әдіс-тәсілдеріне және біздің клиенттермен, қызметкерлермен, акционерлермен, іскерлік серіктестермен және жалпы қоғаммен өзара іс-қимылымызға орнықты даму қағидаларын біріктіре отырып бизнесті жауапкершілікпен жүргізу мәдениетін алға жылжытып отыр.
Jusan орнықты экономикаға көшу кезінде стейкхолдерлерді қолдау үшін мүмкіндіктерді кеңейте отырып, өз қызметінде БҰҰ-ның орнықты даму мақсаттарын да барынша ескереді.
Стейкхолдерлермен конструктивті өзара іс-қимыл – жауапкершілікке толы бизнестің негізі. Jusan белсенді диалогты дамыту және мүдделі тараптардың қызығушылықтарын теңдестірілген түрде ескеруді өте маңызды деп санайды.
Қазақстанның ең ірі қаржылық мекемелерінің бірі бола отырып Jusan өз қызметінің, өнімдері мен қызметтерінің климатқа және қоршаған ортаға әсерін тиімді түрде басқаруға, сондай-ақ бизнесті жүргізудің экологиялық орнықты практикаларын жүргізуге мүдделі.
Jusan банктер арасында ESG-қорытынды есебі рейтинг...
Jusan Bank PwC Kazakhstan құрастырған ESG-қорытынды есебі бойынша елдің 50 үздік компаниясының рейтингінде Қазақстан банктері арасында ең жоғары орынға ие болды.