search
kk
Қазақша
Русский
English
location
kk
Қазақша
Русский
English
location
search

Климат және қоршаған орта

Корпоративтік тұлға ретінде Jusan 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша Қазақстанның міндеттемелерін назарға ала отырып, қоршаған ортаны қорғауға қосатын үлесін кезең-кезеңмен кеңейтуге мүдделілік танытты.

Климаттың өзгеруі әлемдік және қазақстандық экономика үшін аса маңызды тәуекелдердің бірі болып табылады.

Қарқынды дамып келе жатқан қаржы мекемесі ретінде біз Париж келісімінің мақсаттарына сәйкес климаттың өзгеруіне қарсы күресте жауапкершілікті сезінеміз және төмен көміртекті, тиімділігі жоғары және климаттық қиындықтарға төзімді экономикалық модельге көшуді қолдаймыз.

Осыған байланысты банк активтердің, ішкі операциялардың, кредиттік және қаржылық қызметтің қоршаған ортаға әсерін кезең-кезеңімен ескеруге және бағалауға ниетті.

Jusan үшін маңызды деп танылады:
  • Банктің жұмысына, қызметтеріне және өнімдеріне қатысты қолданылатын экология саласындағы заңнамалық талаптар мен нормаларды сақтау.

  • Jusan компаниясының қоршаған ортаға әсерін біртіндеп төмендету бойынша корпоративтік шешімдерді, жобалар мен бастамаларды іске асыру.

  • Бар нарықтық сұранысты ескере отырып, қазіргі және әлеуетті клиенттерге жасыл экономиканы дамытуға бағытталған қызметтер мен өнімдерді ұсыну.

  • Экологиялық тәуекелдерді кредиттік тәуекелдің маңызды құрамдас бөлігі ретінде ұстану.

  • Банк Scope 1 және Scope 2 санаттары бойынша 2020 және 2021 жылдардағы парниктік газдар эмиссияларын сәйкестендірілген түрде бағалауды ерікті түрде жүзеге асырды, бұл біздің климатқа корпоративтік әсерімізді неғұрлым нақты түсінуге мүмкіндік берді. Бұл бағалау жыл сайынғы негізде жүзеге асырылатын болады.

    Jusan алдағы уақытта климатқа байланысты өзінің тәжірибелері мен әдістерін жетілдіруге ниетті.

    ESG және климат саласындағы деректерді талдаудың және тәуекелдерді басқарудың жетілдірілген жүйесі банктің бизнес-моделінің ұзақмерзімді тұрақтылығын нығайтуға ықпал ететін болады.