Қазақстан және Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше басқа мемлекеттер 2015 жылы қабылдаған 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған орнықты даму саласындағы күн тәртібі тұрақты өсуді және өркендеуді қамтамасыз ету бойынша теңдессіз жаһандық жоспар болып табылады.
Оның негізінде 169 міндеттен және 231 индикатордан тұратын, едәуір өткір әлеуметтік және экологиялық проблемаларды еңсеруге бағытталған орнықты дамудың 17 өзара байланысты мақсаты жатыр.
Jusan БҰҰ-ның орнықты даму мақсаттарын сөзсіз артықшылықтар ретінде қабылдайды. Бизнестің, мемлекеттің, қоғамның және басқа мүдделіталаптардың оларды жүзеге асыру үшін жұмыла жұмыс жасауын біз өте маңызды деп есептейміз.
Jusan ынтымақтастық және стейкхолдерлермен диалог арқылы БҰҰ-ның орнықты даму мақсаттарына қол жеткізуге үлес қосуға талпынуда. Біз орнықты, инклюзивті және төмен көміртекті экономикаға көшу үшін капиталды мобилизациялаудағы қаржы институттарының негізгі рөлін атап өткіміз келеді.
Jusan өзінің қызметі, әлеуметтік және экологиялық бастамалар, сондай-ақ әріптестермен стратегиялық альянстар жасау арқылы БҰҰ-ның орнықты даму мақсаттарын қолдайды.
Біз келесідей ұзақмерзімді корпоративтік міндеттер арқылы БҰҰ-ның орнықты даму мақсаттарына негізгі үлес қосуға талпынамыз:
E Төмен көміртекті экономикаға үлес қосуКлиенттерге және жеткізушілерге қатысты жауапты практикаларды енгізу.
Дербес және құпия ақпаратты жинақтаумен, сақтаумен және пайдаланумен байланысты тәуекелдерді басқару.