Кәсіпкерлер көлік салығын қалай төлейді

ЖШС пен ЖК төлейтін көлік салығы мерзімдерін, тәртібін және салық мөлшерлерін анықтаймыз

Ақбота Хасенова

Ақбота Хасенова

автор

Ирина Дубчак

Ирина Дубчак

редактор

Кәсіпкерлер көлік салығын қалай төлейді

Қазақстанда тіркелген немесе есепте тұрған автотехника иелері көлік салығын төлеуге тиіс. Ол көліктің тіркелген орнында жылына бір рет төленеді, ал оның мөлшері көлік түріне, оның қозғалтқышының көлеміне және биылғы АЕК мөлшеріне байланысты болады.

Жеке кәсіпкерлер бұл салықты жеке тұлға ретінде көлік иесінің ЖСН-і бойынша еш қосымша талаптар мен есеп берусіз төлейді. Ал ЖШС-тер мен олардың құрылымдық бөлімшелері көлік салығын заңды тұлға ретінде төлеп, есеп беру кезеңінде декларация тапсыруы керек.

Көлік салығын кімдер төлемейді

Көлік салығын төлеуден босатылғандар:

  • Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар басқа біреуге пайдалануға, сенімгерлік басқаруға немесе жалға берілмеген техниканың бөлек түрлері үшін төлемейді.
  • Арнаулы салық режиміндегі (АСР) шаруа қожалықтары мен фермер қожалықтары — көлігі басқа біреуге пайдалануға, сенімгерлік басқаруға немесе жалға берілмегенде ғана:
    • қозғалтқыш көлемі 2500 см3 аспайтын 1 жеңіл автомобиль үшін;
    • қозғалтқыш көлемінің қосындысы 1000 га жерге 1000 кВт аспайтын жүк автомобильдері үшін төлемейді.
  • Мемлекеттік мекемелер төлемейді.
  • Мүгедектер қоғамдық бірлестіктері:
    • қозғалтқыш көлемі 3000 см3 аспайтын 1 жеңіл автомобиль үшін;
    • 1 автобус үшін төлемейді.
  • Бір көлік үшін салық төлеуден босатылатын жеке тұлғалар:
    • Ұлы Отан соғысы және басқа елдер аумағындағы соғыс ардагерлері;
    • Кеңес Одағының батырлары мен Социалистік Еңбек ерлері;
    • «Халық қаһарманы», «Қазақстанның Еңбек Epi» атақтарының, Даңқ орденінің үш дәрежесі мен «Отан» орденінің иегерлері;
    • «Батыр ана» атағын, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларын алған көпбалалы аналар;
    • мотоарбаша және автомобиль иеленуші мүгедек адамдар төлеуден босатылады.

Салық салынбайтын көлік түрлері

Көлік салығы мына көлік түрлері үшін төленбейді:

  • тіркемелер;
  • ауырлығы 40 тоннадан басталатын жүк көтеретін карьерлiк автосамосвалдар;
  • медициналық көлік;
  • теңіз кемелері;
  • мүлік салығы салынатын арнайы автомобильдер.

Көлік салығын есептеу

2024 жылғы салық мөлшері
0 ₸
2023 жылғы салық мөлшері
0 ₸

* Қозғалтқыш көлемі 3 000 см3, жоғары, Қазақстанда алғаш рет 2013 жылғы 31 желтоқсаннан кейін есепке тұрған жеңіл автомобильдер (ҚР СК 492 бап, 2 тармақ)

Төлеу мерзімі:

ЖК — келесі жылғы 1 сәуірге дейін

ЖШС — биылғы 5 шілдеге дейін

Көлік салығын төлеу және есеп беру мерзімдері

Салық 1 қаңтар мен 31 желтоқсан аралығындағы кезең үшін, яғни бір күнтізбелік жыл үшін есептеледі. Бұл мерзім салық кезеңі болып саналады.

  • ЖК салық төлемін келесі жылдың 1 сәуіріне дейін төлейді де, ешқандай есеп бермейді. Бірақ:
    • егер көлікті тіркеу немесе қайта тіркеу керек болса, онда салықты бұған дейін алдын-ала төлеу керек;
    • егер көлік сатып алар бұрын Қазақстан аумағында есепте тұрмаса, салық мөлшері көлікті сатып алған айдың 1 жұлдызынан сол жылғы 31 желтоқсанға дейінгі мерзім үшін есептеледі.
  • ЖШС көлік салығын ағымдағы жылдың 5 шілдесіне дейін есептеп, бірден төлейді, ал оның декларациясын келесі жылдың 31 наурызына дейін тапсырады. Бірақ егер көлік екінші жартыжылдықта сатып алынатын болса, онда оның салығы ағымдағы жылы емес, келесі жылғы 10 сәуірден кейін ғана, яғни декларация тапсырғаннан кейін төленеді.
  • АСР-дегі шаруа және фермер қожалықтары көлік салығы бойынша бөлек декларация тапсырмай-ақ, салық бойынша есепті келесі жылғы 31 наурызға дейін бірыңғай жер салығының декларациясына қоса ұсынады.
  • Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге арналған АСР қолданатын кәсіпкерлер меншігіндегі салықтан босатылған көлік тізіміне кірмейтін барлық көлік түрлері үшін салық төлеуге тиіс.

Көлік иелену құқығын басқаларға берген кезде салық қалай есептеледі

ЖШС көлікті өзі иелене ғана қоймай, оны басқа біреуге иелікке бере алады. Сондай-ақ, компанияның меншігінде ешқандай көлік болмаса, біреудің көлігін иеленуге құқық алуға болады.

Заңды тұлғаның мүлік иеленуге, пайдалануға және басқаруға үш түрлі құқығы бар:

Егер компания көлікті осы құқықтардың бірі бойынша бір жылдан кем уақыт ішінде пайдаланса, оның салығын нақты пайдаланған кезең үшін төлеуге тиіс.

Салық мөлшерін көлік иелену құқығын алған және берген жағдайларда қалай есептеу керек

Егер көлік жылдың басынан бері компанияңыздың меншігінде тұрып, кейін сіз иелену құқығын басқа біреуге беретін болсаңыз, онда салықты 1 қаңтардан бастап, көлік иелену құқығын берген айдың бірінші жұлдызына дейінгі кезең үшін есептеуіңіз керек.

Егер сіз көлікті биыл сатып алып, иелену құқығын кейін басқаларға берген болсаңыз, онда салықты сол сатып алған айдың бірінші жұлдызынан бастап, құқық берілген айдың бірінші жұлдызына дейінгі кезең үшін төлеу керек.

Егер сіз басқа біреудің көлігіне құқық алған болсаңыз, оның салығын құқық алған айдың бірінші жұлдызы мен сол жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезең үшін төлеуіңіз керек. Ал егер құқығыңыз жылдың соңына дейін күшін жоятын болса, онда салық есептеу кезеңі де сол айдың бірінші жұлдызында аяқталуға тиіс.

Егер көлік сіздің компанияңызда бірінші жарты жылдық бойы меншік құқығында, шаруашылық құқығында немесе оралымды басқару құқығында тұрған болса, оның салығы былай есептеледі:

  • үш құқықтың бірін 1 қаңтар мен 1 шілде аралығында алып, әлі де пайдаланып отырсаңыз — құқықты алған айдың 1 жұлдызынан сол жылғы 31 желтоқсанға дейінгі аралық үшін төлеуіңіз керек;
  • құқықты жылдың басына дейін алып, 1 шілдеге дейін басқаларға беріп қойсаңіз — 1 қаңтар мен құқықты берген айдың бірінші жұлдызына дейінгі кезең үшін төлеуіңіз керек;
  • құқықты 1 қаңтар мен 1 шілде аралығында алып, сол аралық ішінде басқаларға беріп үлгерген болсаңыз, онда көлік салығын құқықты алған айдың 1 жұлдызы мен берген айдың 1 жұлдызына дейінгі кезең үшін төлеуіңіз керек;
  • қалған жағдайларда салықты толық жылдық мөлшерде төлеуге тиіс боласыз.

Егер сіз көлік иелену құқығын екінші жарты жылдықта, яғни 1 шілде мен 31 желтоқсан аралығында басқаларға берген болсаңыз, салық декларациясына былтырғы жылдың 1 қаңтарынан бастап, құқықты берген айдың 1 жұлдызына дейінгі аралық үшін есептелген соманы жазатын боласыз.

Көлік ұрланған кезде салықтан босатылу

Ұрланған көліктің салығын төлемеу үшін мамандандырылған ХҚКО салық комитетіне қылмыстық іс жүргізу туралы мәліметтер беруге тиіс. Сонда көлік салығы қылмыстық іс басталған күннен бастап есептелмейтін болады.

Бірақ автомобиль табылып, иесіне қайтарылса, онда салық қылмыстық іс тоқтатылған күннен бастап қайта есептелетін болады. Мұнда да мамандандырылған ХҚКО салық комитетіне ол туралы мәлімет жіберуге тиіс.

Салық берешегін тексеру және көлік салығын төлеу тәсілдері

Көлік салығын онлайн тексеріп, төлеуге болады. Ол үшін банкке немесе Қазпоштаға барудың қажеті жоқ. Онлайн төлеу мүмкіндігі бар қызметтер:

Салық төлмегені үшін не болады

Салық төлеу мерзімін өткізіп жіберсеңіз немесе оны мүлдем төлемесеңіз, мынадай шаралар қолданылуы мүмкін:

  • төлем мерзімі өткеннен кейінгі әр күн үшін өсімпұл салынады;
  • банк шотына шектеулер орнатылады;
  • кассаның шығыс операцияларына шектеулер орнатылады;
  • мүлікке тыйым салынады;
  • электронды шот-фактураларды шығаруға шектеу салынады.

Егер компанияңыз тәуекелдерді басқару жүйесі бойынша жоғары немесе орта дәрежелі тәуекелге ие болса, салық комитеті қарызды мәжбүрлеп төлеттіруі, яғни қарыз болған соманы қарызгердің немесе оның дебиторларының банк шоттарынан ұстап қалуы немесе қарызгердің тыйым салынған мүлкін сатып жіберуі мүмкін.