Қазақстанда патенттегі ЖК төлейтін салықтар
Бюджетке төленетін салықтар, аударымдар және жарналар
Патенттегі ЖК-лерге қызметкер жалдауға тыйым салынады, оған қоса, барлық салықтар мен төлемдерді алдын-ала төлеу керек. Бұл салық режимінде салық органдарына есеп берудің қажеті жоқ. Патент алу үшін Салық төлеушінің кабинетінде өтініш беру керек.
Негізгі салықтар
Патенттегі ЖК төлейтін жеке табыс салығы табыс мөлшерінің 1% құрайды. Ол алдын-ала төленеді: кәсіпкер табысының болжалды мөлшерін өз бетімен жоспарлап, салық сомасын патентті сатып алар бұрын есептейді.
Патенттің ең төмен құны жалақының ең төмен мөлшеріне тең — 2023 жылы 70 000 теңге, бірақ кәсіпкерлердің көбі патент құнын табысының болжалды мөлшерінен есептей салады.
Декларациясы: 911.00 СЕН өтініші
Төлеу мерзімі: патент сатып алу кезінде
ЖК үшін төленетін ай сайынғы төлемдер
Патенттегі ЖК қызметкер жалдай алмағандықтан, өзі үшін төленетін барлық төлемдерді алдын-ала төлеуі керек.
Кәсіпкердің 70 000 теңге мөлшеріндегі табысынан төленетін төлемдерді есептеу үлгісі:
-
МЗЖ — міндетті зейнетақы жарналары: еңбекақы × 10%
70 000 × 10% = 7 000 теңге -
ӘА — әлеуметтік аударымдар: еңбекақы × 3,5%
70 000 × 3,5% = 2 450 теңге -
МӘМСЖ — міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналары: 1,4 ЖТМ × 5%
70 000 × 1,4 × 5% = 4 900 теңге
Өзі үшін ЖК 14 350 теңге төлейді.
Төлем мерзімі: патентті есептеу алдында төлеу керек. Мысалы, егер сіз патентті 12 айға сатып алатын болсаңыз, онда барлық ай сайынғы төлемдер патентті сатып алу кезінде бірден төленеді, ал үлгідегі жағдайда 172 200 теңге төлеу керек болады.
Басқа салықтар
Егер ЖК меншігінде коммерциялы мүлік, жер немесе көлік болса, онда олар үшін де тиісті салық төлеу қажет.
Мүлік салығы
Салық мөлшерлемесі: 0,5%
Формуласы: салық базасы × мөлшерлеме
Декларациясы: 700.00 СЕН
Есеп беру мерзімі: келесі жылғы 31 наурызға дейін, яғни салық кезеңі аяқталғанда 700.00 СЕН тапсыру керек
Салық төлеу мерзімі: тоқсан сайын, 25 ақпан, 25 мамыр, 25 тамыз және 25 қараша күндеріне дейін.
Қоршаған ортаға келтірілген зиян үшін төленетін салық
Салық мөлшерлемесі: елді-мекенге байланысты болады
Есеп беру мерзімі: 870.00 СЕН тоқсан сайын — 15 мамыр, 15 тамыз, 15 қараша және 15 ақпан айларына дейін
Салық төлеу мерзімі: тоқсан сайын — 25 ақпан, 25 мамыр, 25 тамыз және 25 қараша айларына дейін