Қазақстанда тауар белгісін тіркеу тәртібі

Тауар белгілерінің түрлері, қарастыру мерзімі және тіркеу бағасы

Ирина Дубчак

Ирина Дубчак

редактор

Дана Ермұхан

Дана Ермұхан

автор

Александр Черданцев

Александр Черданцев

«Защита идей» ЖШС заң бөлімінің басшысы

Қазақстанда тауар белгісін тіркеу тәртібі

Бренд құрып, бәсекелестер арасында өз өнімін немесе қызметін ерекше көрсеткісі келетін кәсіпкерлер тауар белгісін тіркейді. Бұл өнімді көшірмеден қорғайды, оған бірегейлік береді. Тауар белгісінің түрлерін қарастырып, оларды не үшін және қалай тіркеу керектігін қарастырайық.

Тауар белгісі туралы түсінік

Тауар белгісі — бұл компанияның өнімін немесе қызметін белгілейтін логотип, ұран, дыбыс немесе кез келген басқа элемент. Тауар белгісі нарықта ерекшеленуге және бизнесті жосықсыз бәсекелестерден қорғауға мүмкіндік береді: ешкім таңдаған атаумен бизнес аша алмайды немесе өз өнімдерге сол белгіні қолдана алмайды.

Тауар белгісін тіркеу себебі

Тауар белгісін тіркеу өз брендін құратындарға қажет. Мысалы, компания Түркиядағы фабрикада киім тігіп, оны Қазақстанда Ademi бренд атымен сатады. Киім сатып алушылар арасында танымал. Бәсекелес көп ойламай Instagram-да дәл осындай атаумен онлайн-дүкен парақшасын ашып, бұл бренд атынан Қытайда жасалған киім сатады.

Егер Ademi брендінің тауар белгісі тіркелмеген болса, онда бәсекелеске қарсы ештеңе істей алмайсыз, ол заң бұзбай жұмыс істеп жатыр. Бірақ егер тауар белгісі тіркелген болса, онда компания тауар белгісін заңсыз пайдаланғаны үшін сот арқылы өтемақы талап ете алады. Бәсекелес өз атына бөтен біреудің тауар белгісін бірінші болып тіркеп алып, оны пайдалану құқығына ие болып, иесінен өтемақы талап ететін жағдайлар да болады.

Тауар белгісін Lamoda сауда алаңы сияқты маркетплейстегі жеткізушілерден өнімнің түпнұсқалығына көз жеткізуге сұрауы мүмкін.

Тауар белгісін тіркеу бәріне қажет емес. Бренд дамыту немесе кеңейту жоспарлары жоқ шағын бизнеске бұл керек те емес. Мысалы, «Самса», «Көкөністер мен жемістер», «Телефон жөндеу» атауларына тауар белгісі қажет емес.

Тауар белгілерінің түрлері

Тауар белгісі ретінде кез келген түс пен түс үйлесімінде жасалған сөз, бейнелеу, әріп, цифр, көлем белгiлерін немесе олардың біріккен түрлерін тіркеуге болады. Олардың ішінде жиі кездесетін тауар белгілері:

  • сөздік белгілері — компаниялар мен өнімдер атаулары, сондай-ақ жарнама ұрандары мен тұтас сөйлемдер (мысалы, Magnum, BAZIS-A, Europharma, «Бақыт құшағында»),
  • бейнелеу белгілері — түпнұсқа сүреттер, фигуралар, жануарлар, рәміздер, эмблемалар (мысалы, тістелген алманың белгісі немесе секірген қара пума),
  • біріктірілген белгілер — сөздер мен суреттердің бірігуі (мысалы, қара және сары шеңбер астында Beeline деген жазу).

Тыйым салынған тауар белгілері

Мемлекеттердің елтаңбаларын, тулары мен эмблемаларын, халықаралық ұйымдардың атауларын және басқа да танымал рәміздерді пайдалануға тыйым салынады. Сондай-ақ әдебиет, өнер, мәдениет шығармаларының атаулары және тарихи тұлғалардың есімдері тіркелмейді. Мысалы, «Абай Құнанбаев» деген тауар белгісіне өтінім берудің қажеті жоқ, ол бәрібір қабылданбайды. Сонымен қатар, тауар белгісіне:

  • тауарлар немесе қызметтерді сипаттауға,
  • өнімнің түрі мен сапасына нұсқауға,
  • жалған болуға және жаңылыстыруға болмайды.

Тіркеу рәсімі

Тауар белгісін жеке тұлғалар да, заңды тұлғалар да ала алады. Өтінімді кәсіпкерлердің өздері немесе сенімхат арқылы арнайы компания бере алады.

Өтінім беру кезінде мемлекеттік бажды төлеу қажет — ЖК үшін бағасы шамамен 70 мың теңге, ал ЖШС үшін — 93 мың теңге болады. Бұл 7–8 айға созылатын сараптама өткізу үшін төленетін ақы. Мақұлданғаннан кейін тауар белгісін бірыңғай тізілімге енгізу және куәлік бергені үшін — 37 мың теңгеге дейін төлем жасау қажет.

Өтінім беру кезінде тауар белгісіне ТҚХС (Тауарлар мен қызметтердің халықаралық сыныптамасы) сыныптарын таңдау қажет. Олардың жалпы саны — 45. Мысалы, 3-ші сыныпқа косметика, ал 36-шы сыныпқа — қаржы қызметтері кіреді. Сыныптарды бизнесіңіздің бағытына сәйкес таңдау керек. Кәсіпкер үш сыныпқа дейін тіркей алады, әр қосымша сыныпқа үстінен ақы төлеу керек.

Сондай-ақ, сарапшылар тауар белгісін басқа біреу пайдаланып жатқанын тексеруге кеңес береді. Бұл үшін екі сайт бар:

  1. Казпатенттің мемлекеттік тізілімі
  2. WIPO брендтердің жаһандық деректер қоры.

Егер қалаған тауар белгісі тіркеліп қойған болса, бірақ ТҚХС сыныптары мен қызмет бағыттары бір-бірімен түйіспесе, онда өтінім беруге болады.

Тауар белгісін тіркеу 

  1. ЭЦҚ арқылы сайтқа кіріп, «Өтінім беру» → «Тауар белгісіне өтінім беру» батырмаларын басыңыз.
  2. Өтінім берушінің рөлін — иесі немесе сенiм бiлдiрген тұлғаны таңдаңыз (егер ЖК тіркелген болса — оны белгілеп қойыңыз).
  3. Өтінімді толтырыңыз: заңды тұлғаның толық атауы немесе жеке тұлғаның аты-жөні, өлшемі 8 × 8 см png форматында тауар белгісінің логотибін қосу, тауар белгісінің түрі мен түсін, ТҚХС сыныптарын таңдау, өтініш беруші туралы ақпаратты, мекенжайды, байланыс телефон нөмерін көрсету. Түс әр кезде таңдала бермейді — егер жай ғана сөзді стилизациясыз тіркеу қажет болса, оны ақ фонда қара түспен стандартты Times New Roman қаріпімен жіберуге болады. Содан кейін «Стандартты қаріп дизайнындағы тауар белгісін» түртіп қойыңыз.
  4. Қызмет төленгені туралы құжат пен өтінімді компанияның уәкілетті өкілі берген жағдайда сенімхатты қосу.
  5. Өтінім беру.

Өтінім жіберілгеннен кейін алдын ала сараптама жүргізіледі — ол бір айға созылады. Мамандар өтінімнің мазмұнын, барлық құжаттардың тіркелгенін, төлемнің өткендігін тексеріп, өтінім қарастыруға қабылданғаны туралы хабарлама жібереді. Содан кейін толық сараптама басталады, ол шамамен жеті айға созылады. Қарастыру мерзімі Қазпатент мамандарына келіп түсетін өтінімдердің көптігіне байланысты ұзақ болады.

Өтінімді жібергеннен кейін логотипті өзгертуге болмайды, бірақ кейбір элементтерді алып тастауға болады, мысалы, кейбір ТҚХС сыныптарынан бас тартуға немесе өтінім берушіні өзгертуге болады.

Жалпы, тауар белгісін тіркеу рәсіміне жеті айдан бір жылға дейін уақыт кетеді деп есептеген жөн. Өтінімнің қарастыру мәртебесін жеке кабинетте бақылауға болады. Тауар белгісі тіркелгеннен кейін ол мемлекеттік тізілімге енгізіледі де, кәсіпкерге сертификат жіберіледі. Тауар белгісін ішінара тіркеу немесе тіркеуден бас тарту туралы хабарлама келген жағдайда, өтінім беруші бұған үш ай ішінде қарсылық білдіре алады. Оны тауар белгісін неліктен тіркеу қажет екендігін дәлел келтіре отырып, бір рет қана беруге болады.

Рәсімдеуден өту қиын болып көрінуі мүмкін, сондықтан көптеген кәсіпкерлер жұмысты аутсорсқа бере салады — сенімхат бойынша тауар белгісін тіркеп беретін арнайы компаниялар жеткілікті. Бұл қызметтің нарықтағы орта бағасы — 120 мың теңге (мемлекеттік баж төлемін қоспағанда). Рәсімдеуді өткізу үшін компанияға тек сенімхат беру қажет.

Тауар белгісі 10 жылға беріледі, одан кейін оны ұзарту керек. 

 

Тауар белгісін тіркеу процесі 7 айдан 12 айға дейін созылады. Тауар белгісін беруден бас тартқан жағдайда, бизнес бөлген уақыты мен ақшасын жоғалтуы мүмкін. Тауар белгісі тіркелгеннен кейін кәсіпкер онымен пайдалану мен басқарудың айрықша құқығына ие болады.