Су тасқынынан зардап шеккен кәсіпкерлерге өтемақы алу тәртібі

Шағын және орта бизнеске арналған өтініш беру тәртібі және қажет құжаттар тізімі

Ирина Дубчак

Ирина Дубчак

редактор

Дана Ермұхан

Дана Ермұхан

автор

Су тасқынынан зардап шеккен кәсіпкерлерге өтемақы алу тәртібі

Шағын және орта бизнес су тасқынынан жойылған немесе бүлінген мүлік үшін өтемақы ала алады. Бірақ бұларға сақтандырылған мүлік кірмейді, өйткені оларды сақтандыру компаниялары өздері төлейді.

Өтелетін шығындар

Өтелуге жататын шығындар:

  • жылжымайтын мүлік (ғимараттар, құрылыстар, жабдықтар) — бұл үшін ақаулы өнім тізімдемесін, жобалық–сметалық құжаттаманы ұсыну қажет
  • тауарлық-материалдық құндылықтар мен негізгі құралдар (жылжымайтын мүліктен басқа) — айналымның не бизнес табысының орта айлық сомасына байланысты Мемлекеттік кірістер органдарының мәліметтері негізінде. Көтерме жеткізушінің сатып алу бағасы бойынша есептеледі
  • жылжымалы мүлік — қалпына келтіру жөндеу жұмыстарының сметасы, мүлікті бағалау есебі қажет

2024 жылғы су тасқыны салдарынан шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне келтірілген мүліктік шығынға өтемақы төлеу қағидаларын бекіту туралы

Агроөнеркәсіптік кешендегі шаруашылық субъектілері мүлік шығындары бойынша төлемақыны ала алмайды — оларға Ауыл шаруашылығы министрлігі әзірлеген өтемақы төлеудің бөлек ережелері қолданылады.

Өтемақы туралы шешімді жергілікті әкімдіктер құрған өңірлік комиссиялар қабылдайды.

Кәсіпкерлер өтемақы төлеуге өтініш бермес бұрын келтірілген шығынды бағалап, өтемақы мөлшерін анықтауы қажет. Егер кәсіпкер өтемақы мөлшерімен келіспесе, онда келтірілген шығын көлемін сот сараптамасы анықтайды. Бағалау, сметаларды жасау және қалпына келтіру жұмыстарына кеткен шығындарды есептеу қызметтері, заңгерлер мен аудиторлардың қызметтері әкімдік есебінен төленетін болады.

Өтемақы алу тәртібі

Су тасқынынан зардап шеккен кәсіпкерлер 2024 жылдың 30 қарашасына дейін өтініш беруі керек. Өтініш беру тәртібі:

  1. Кәсіпкер аудан немесе қала әкімдігінен 2024 жылғы су тасқынынан зардап шеккен деп тану туралы анықтама алу керек.
  2. Келтірілген шығындарға бағалау жасау керек. Ол үшін әкімдіктердің сайттарында жарияланған бекітілген тізімдегі бағалау компанияларына хабарласу.
  3. Барлық құжаттарды жинау керек, олардың тізімі төменде берілген.
  4. Өтемақы туралы өтінішті eGov.kz арқылы онлайн жіберу немесе қағаз түрінде әкімдікке өздігінен тапсыру. Егер мүлік иесі өтінішті жеке өзі бере алмаса, онда сенімхат бойынша беруге болады.
  5. Өңірлік комиссия өтінішті бес күн ішінде қарайды және өтемақыны қанағаттандыру немесе одан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
  6. Өңірлік комиссия бір күн ішінде отырыс хаттамасына қол қояды және бір күн ішінде кәсіпкерді қабылданған шешім туралы хабардар етеді.
  7. Егер шешім оң болса, онда ақша өтініште көрсетілген шотқа 10 күн ішінде аударылады.

Қажет құжат тізбесі

  1. ЖК үшін — ЖК–ның талоны, заңды тұлғалар үшін — заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтама;
  2. меншік құқығын растайтын құжаттар;
  3. ерікті мүліктік сақтандырудың жоқтығы туралы өтініш;
  4. құжаттардың дұрыстығы үшін қылмыстық жауаптылық туралы мүлік иесіненен ұсынылатын жазбаша хабарлама;
  5. бағалау, сараптама ұйымдарына мәліметтердің дұрыстығы үшін қылмыстық жауаптылық туралы жазбаша хабарлама;
  6. келтірілген шығындарды бағалауды растайтын құжаттар;
  7. өтемақы мөлшерін бағалау бойынша компаниялардың қызметтерін төлеуге арналған шот немесе шот–фактура;
  8. зақымдану фактілерін растайтын өзге де құжаттар, фото және бейнематериалдар.

Өтемақыға өтініштер 2024 жылдың 30 қарашасына дейін қабылданады. «Атамекен» ҰКП–ның 1432 нөмірі бойынша кеңес алуға болады.