ЖК-ға мөр алу

Мөрге тапсырыс беру себептері және қажет құжаттар

Ирина Дубчак

Ирина Дубчак

редактор

Дана Ермұхан

Дана Ермұхан

автор

ЖК-ға мөр алу

Қазақстанда ЖК-ның мөрі болуы міндетті емес, кез келген құжатты кәсіпкердің қол қоюмен куәландыруға болады. Бірақ бизнес иелерінің көбісі клиенттер мен контрагенттер тарапынан сенімділік тудыру үшін мөр жасатуға тапсырыс береді. Мөр неліктен керек болуы мүмкін және оны қалай алуға болатыны туралы осы мақалада айтып береміз.

ЖК-ға мөр не үшін қажет

ҚР Кәсіпкерлік кодексінде жеке кәсіпкер мөрді пайдалануға құқылы деп жазылған, яғни ол оны пайдалана алады, бірақ бұл міндетті шарт емес. Оның жоқтығы үшін ешбір орган айыппұл сала алмайды. Іс жүзінде, мөр керек болып қалатын жағдайлар туындауы мүмкін:

  • келісімшарттарға қол қою және құжаттардың құқықтық маңыздылығын арттыру үшін — мөрдің болмауы мәміленің заңдылығына әсер етпейді, бірақ мөрі бар құжат клиенттер мен серіктестер арасында түйсіксіз түрде көбірек сенім тудырады;
  • мемлекеттік органдармен жұмыс жасау үшін — құзыретті органдарда құжаттамаға қатысты сұрақтар туындаған кезде мөрдің болуы ЖК-ның қол қойғанын қосымша растайды.

Мөрге тапсырыс беру

Кәсіпкер ЖК тіркелгеннен кейін кез-келген уақытта арнайы компанияда мөрге тапсырыс бере алады.

ЖК ашу

ЖК-ға мөр жасау бағасы — 4 мың теңгеден басталады. Оны бір күн ішінде жасап береді. Шеберхана қызметкерлері таңдауға дизайн үлгілері мен басып шығару жабдығын ұсынады. Әдетте мөр келесі ақпаратты қамтиды:

  • ЖК атауы;
  • ЖСН;
  • тіркеу орны;
  • қалауынша қосымша дизайн элементтері.

Қажет құжаттар

Егер ЖК мөрді бірінші рет алып жатса, онда ЖК-ны тіркеу туралы куәлік пен жеке куәлікті дайындау қажет. Ал егер мөрді кәсіпкердің өкілі алып тұрса, онда нотариалды куәландырылған сенімхат пен оның жеке куәлігі қажет.

Егер мөр шаруа қожалығына қажет болса, онда қосымша жерді пайдалану құқығының актісі мен әкімнің жер бөлу туралы шешімін ұсыну қажет.

 

Қазіргі таңда электронды-цифрлық қолтаңбаның болуы құжат айналымын электронды түрде жүргізуге және қағазбастылықтан бас тартуға мүмкіндік береді. Тіпті ЖШС-да ЭЦҚ болса, мөрсіз жұмыс істей алады, ал ЖК-да заң бойынша оның болуы міндетті емес — бәрін қолтаңбамен куәландыруға болады. Бірақ қаласаңыз, мөрді тез және арзан жасап шығаруға болады.