Мал шаруашылығы фермасы жүздеген миллион табатын бизнеске қалай айналды

Ақтөбе облысындағы шағын ауылда орналасқан шаруа қожалығы нарыққа шығуда

Ақбота Хасенова

Ақбота Хасенова

автор

Ирина Дубчак

Ирина Дубчак

редактор

Күнсұлу Кобикова

Күнсұлу Кобикова

интервьюер

Мал шаруашылығы фермасы жүздеген миллион табатын бизнеске қалай айналды
Ляззат Иманбаева

«Арман-М» компаниясы 2013 жылы Ақтөбе облысының Талдысай ауылында ашылды. Қожалық меншігінде 10 жылқы мен 70 қой болды. Соның арқасында шаруашылықтың қазіргі кәсібі құрылды — ол асыл тұқымды қара мал, қой және жылқы басын көбейту және бордақылау. Қазіргі таңда шаруашылық сол аймақтың 560 шаруашылығымен кооперация негізінде жұмыс істейді, ал оның жылдық айналымы 960 миллион теңгеге дейін жетті.

Шағын шаруа қожалығы табысты мал шаруашылығы бизнесіне қалай айналғаны туралы «Топатай» дүкенінің басқарушысы
Ләззат Иманбаева
айтып берді.

Мал тұқымын таңдау және күтім көрсету

Мал тұқымын таңдау және оны бағу

Алдымен бизнесті тұрақты дамыту үшін асыл тұқымды мал өсіру керек деген ой пайда болды: 2013 жылы шаруашылықтың жылдық айналымы 50 миллион теңгеге жетті. Мал тұқымын таңдап, асыл тұқымды ірі қара мал, қой, жылқы өсіру экономикалық тұрғыдан тиімді болды. Сонда компания меншіктегі қарапайым қойларды сатып, 2014 жылы еділбай тұқымының «Элита» класына жататын 600 ұрғашы тоқты сатып алды.

2016 жылы қожалықтағы малға мұғалжар тұқымының 100 биесі қосылды. Сол жылы етті ірі қара мал тұқымдарын бордақылау керек деген шешім де қабылданды. Сөйтіп, компания нарық бойынша зерттеу жүргізіп, сарапшылармен кеңесіп, герефорд, абердин-ангус және қазақтың ақбас сиыры тұқымдарының ірі қара малын сатып алды.

Мал бағу

  • 2122017 жылғы мал басы
  • 2 9472023 жылғы мал басы

Қожалық шаруашылығында отарлап мал жаю әдісі қолданылады. Оған екі жазғы жайылым бөлінген. Мамыр айында мал бірінші жайылымға жіберіліп, сонда тамызға дейін бағылады. Тамыздан қазанға дейін малды екінші жайылымда жайып, қараша айынан бастап қыстауда ұстайды.

2016 жылы қожалық аумағында 3 000 мал басын сыйғызатын үлкен мал жемдеу базасы салынды. Қожалық малды семірту үшін түрлі жемдеу әдістерін көріп, ақыры пішенжем мен жемшөп беретін болды. Бұл әдіс малдың салмақ өсімін жақсы арттыратын болып шықты. Малдар шөп, кебек, бидай және биологиялық қоспалар жейді. Шөптің бір бөлігін жұмысшылар өздері дайындайды да, екінші бөлігін серіктес шаруа қожалықтарынан сатып алады. Шөпке және дәнді дақылға 12 000 гектар жер бөлінген.

Бордақылау алаңында малдың салмағын өлшеу жүйесі пайдаланылады. Егер малдың тәуліктік салмақ өсімі 800 грамнан кем болса, оны сойып жібереді, яғни, ары қарай семірту тиімсіз болып саналады.

Малдарды міндетті түрде егу шаралары да өтіп отырады.

Тұқымдық түрлендіру

«Арман-М» компаниясы етті мал шаруашылығының операторы және мал басын түрлендіру жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның қатысушысы болып табылады. Мал басын тұқымдық түрлендіру — бұл асыл тұқымды бұқаларды ет түсімін арттыру мақсатында басқа шаруашылықтарға жалға беру.

Былай айтқанда, қожалық еліміздің солтүстік аймақтарынан герефорд, абердин-ангус, әулиекөл және қазақтың ақбас сиыры тұқымдарының бұқаларын әкеліп, басқа қожалықтарға сиырларды ұрықтандыруға жалға береді. Ал келесі жылы олардың төлдерін нарық бағасымен сатып алып, өздері семіртеді.

Бұрын бір жарым жасар тайыншалардың салмағы сатып алу кезінде 160-180 килограмм тартатын, енді тұқымдық түрлендіруден кейін сегіз айлық бұзау орташа есеппен 200-230 килограмм тартады.

Өнім өткізу

Өнім өткізу

Пандемия кезінде қожалық басшылығы халықты сапалы ет өнімдерімен қамтамасыз ету қажеттігін көрді. Шығарылатын өнімнің сұрыптамасын да кеңейтуге уақыт келген еді.

Сөйтіп, 2020 жылы «Топатай» сауда белгісі жарық көріп, сапалы кесек ет, ет өнімдері және сүт өнімдері сатылатын арнайы дүкендер ашылды. Қолдан жасалған жартылай дайын өнімдер «Дәмді ас» деген атаумен шығады — ол манты, тұшпара, тартылған ет түйірлері және басқа да ет өнімдері.

Соңғы жылы жергілікті ет өнімдері мен жартылай дайын өнімдерге деген сұраныс арта бастады. Қазіргі күні Ақтөбе қаласында үш сауда нүктесі бар, басқа қалаларда да дүкендер ашу жоспарланып отыр.

Экспортқа шығу

Өнімнің бір бөлігі ішкі нарықтағы дүкендерде сатылады, ал екінші бөлігі экспортқа жіберіледі. Өнім Өзбекстанға, Әзірбайжанға және Ресейге жеткізіледі, сондай-ақ, Қытай, БАӘ және Түркия нарықтарына шығу мүмкіндіктері жоспарланып отыр.

Қазіргі кезде компания ірі экспорт келісімшарттарын орындау мақсатында өнімдерді кооперативке бірігу арқылы жіберу мүмкіндіктерін қарастырып жатыр. Экспорт көлемін ұлғайту үшін ет комбинатын салу да жоспарда бар. Шаруашылық сүт өнімдерін шығару жағынан да дамығысы келеді.

Қызметкерлерді басқару

Қызметкерлерді басқару

  • 32013 жылғы жұмыскер саны
  • 202023 жылғы жұмыскер саны

Шаруа қожалығы үш адамның көмегімен ашылып, он жылда әжептәуір жұмыскер штатын құрды. Шаруашылықты қожалық басшысының өзі басқарады, жұмыстың әр саласында өз басқарушылары да бар, мысалы, бордақылау алаңы мен тұқым репродукторында басқарушылар тағайындалған. «Арман-М»-ның меншігінде ет өңдейтін және мал соятын цехтер, жартылай дайын өнім дайындайтын цех және машина-трактор паркі бар. Жұмыскерлердің басым бөлігі Мұғалжар ауданы Талдысай ауылының тұрғындары болып табылады.

Шаруашылықта «Қазақстан Ангус республикалық палатасының» өкілдері тәжірибелік көмек көрсетеді. Жұмыскерлер Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Қостанай облыстарындағы ірі тұқымдық репродукторларға тәжірибе алмасуға барып отырады.

Жұмыскерлердің демалысын ұйымдастыру шаралары да бар. Қызметкерлер жыл сайын шипажай-курорттарға емделуге барады, фермада пикниктер мен ойындар өтеді. Бұрын мұнда көкпар ойнайтын топ болатын, ал қазір жұмыскерлер ұзақ қашықтыққа шауып жарысатын, яғни, бәйгеге қатысатын аттарды баптайды.

Банк өнімдері

Банк өнімдері

Шаруа қожалығы 2017 жылдан бері Jusan Bank-пен жұмыс істейді, мұндағы еңбекақы жобасын, депозиттер мен кредиттерді пайдаланады.

2016 жылы 1 000 мал басын сыйғызатын бордақылау алаңының құрылысы басталған еді. Алаңдарға қатысты талаптар өзгергенде, оны кеңейтуге тура келді. Бұл мәселе кредит арқылы шешілді.

Ал айналым қаражатын толықтыру үшін кредит желісі ашылған, оның көмегімен мал санын көбейту мүмкін болды: банкке барар алдында 2017 жылы қожалық меншігінде 212 мал басы бағылды, ал 2023 жылдың басында ірі қара мал басы 2 947 санына жетті.

Жаңа бастаушы ферма иелеріне арналған кеңестер

Жаңа бастаушы ферма иелеріне арналған кеңестер

Ең алдымен семірту базасын ойластыру керек, онсыз бизнес шығынға батады. Жоғары өнімділік алу үшін мал семіртуге жақса жағдай жасап, күтім көрсету жеткіліксіз. Сонымен қатар, өзіңіздің базаңыз өнімдердің өзіндік құнын азайтып, шаруашылықтың экономикасына пайдасын тигізеді.

Екіншіден, шаруашылықтың қыр-сырын білетін жақсы мамандарды тарту қажет. Кез келген саладағыдай, шаруа қожалығында да адам еңбегінің маңызы зор: адамдар өнім шығарумен де, жұмыс процесстерін жүргізумен де, жалпы басқарумен де айналысады. Мал шаруашылығы фермасында ондай мамандарға мал дәрігері, мал технигі, малға азық дайындайтын оператор, құрылғыларды өңдейтін және жөндейтін инженер-техник, тағы басқа мамандар жатады. Білгір жұмыскерлер болмаса, табысқа жету қиын.

Келесі қадам — пайда әкелетін сиыр, қой, жылқы тұқымдарынын таңдау. Етті тұқымдардың арасында өнімділігі жоғарылары бар, олар тез өсіп, семіреді. Кеш жетілетін тұқымдар да бар. Олардың майы аз, бұлшықеті көп болады да, өздері баяу өседі. Сондықтан да, таңдау жасаған кезде тұқымның негізгі сипаттамаларын, ет түсімін, жергілікті жердің климатын, мал бағу жағдайларын және малға беретін азық түрлерін ескеру керек.