2022 жылы Қазақстандағы бизнестің жағдайы не болды

Маңызды оқиғаларды еске алып, уайым жүгін жеңілдетіп, жаңа жылда жаңа жетістіктерге дайындалайық

2022 жыл бизнес үшін ауыр жыл болды

Қаңтар оқиғасы

Наразылық ірі қалалардағы жұмыс үдерісін бірнеше аптаға тоқтатты. Көптеген кәсіпкерлердің сауда нүктелері тоналып, бүліншілікке ұшырады

Қаңтар оқиғасы

Ресей мен Украина қақтығысы

Санкциялар ресейлік банктерге ақша аударуға тыйым салып, теңгенің рубльге қатысты әлсіреуіне әкеп соқты

Ресей мен Украина қақтығысы

Инфляцияның өсуі

Әлемдегі жағдай инфляцияның өсуіне және халықтың төлем қабілеттігінің төмендеуіне себеп болды

Инфляцияның өсуі

Бұл арнайы жобада 2022 жылы бизнеске әсер тигізген Қазақстандағы және әлемдегі оқиғалар туралы сөз қозғаймыз — оларды біраз еске алып, cәл мұңға батып, ескі жылмен қоса шығарып салмақпыз.

Жоба жаңалықтардан, сарапшылардың пікірлерінен, мемлекеттік статистикадан және Jusan Business цифрларынан тұрады.

Ақбота Хасенова

Ақбота Хасенова

автор

Владислав Флоринский

Владислав Флоринский

редактор

Қаңтар оқиғасы

2 қаңтар
Маңғыстау облысында сұйытылған газ бағасының қымбаттауына байланысты наразылық басталды. Халық толқуы бүкіл елге жайылып, саяси сипат алды — 4-5 қаңтарда Алматы, Астана, Атырау, Павлодар, Талдықорған және Өскемен қалаларында жаппай наразылық орын алды.

7 қаңтарҚазақстанға ҰҚШҰ бітімгер әскерлері кіргізілді. 9 қаңтарда елдегі жағдай тұрақтанды.

Бизнеске келтірілген зиян

Зардап шеккен ұйымдар саны:

  • 1 602сауда
  • 52қоғамдық тамақтану
  • 77қаржы секторы
  • 27логистика
  • 5БАҚ

Қаңтар оқиғасы ірі қалалардағы жұмыс үдерісін бірнеше аптаға тоқтатты. Бұл Jusan Business-те жүргізілген операциялар санынан да айқын көрінеді:

Қаңтар

Қаңтар айында транзакция саны 2021 жылғы желтоқсанға қарағанда 39%-ға азайды.

Сәуір

Транзакция саны 2021 жылғы желтоқсан айындағы көрсеткіштерге тек 2022 жылғы сәуірде ғана жетті.

2022 жылғы қазан айында Jusan Business клиенттері транзакцияларының саны 29%-ға өсті.

Мемлекеттік қолдау көрсету

Мемлекет қаңтардағы тәртіпсіздіктер салдарынан зардап шеккен шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдау мақсатында келесі шараларды қолға алды:

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне келтірілген мүлік зиянын өтеу

Салық және кеден тексерістерін тоқтата тұру және тағы да басқа шаралар

Жеке және заңды тұлғалар кредиттерінің төлеу мерзімін ұзарту

Jusan Business те кредит төлемдерінің мерзімін ұзарту бағдарламасына қатысты. Түскен өтінімдердің барлығы қабылданды.

2022 жылғы
желтоқсан айындағы
деректер

1 640 кәсіпкерАлматыда болған қаңтар оқиғасы салдарынан шығынға ұшырағаны үшін өтемақы алды. Жалпы алғанда жергілікті бюджет қаражатынан және түрлі ұйымдар қолдауымен

16 000 000 000 ₸астам өтемақы төленді.

Ресей мен Украина қақтығысының шиеленісуі

24 ақпанда Ресей әскерлері Украина жеріне басып кірді. Батыс елдері Ресейге қатаң санкциялар жариялады, олардың ішінде тауарларды экспорттауға және импорттауға тыйым салу, банктерді қаржы жүйелерінен ажырату және жеке тұлғалар мен ұйымдарға санкция салу да бар.

Ресейге қарсы санкциялар

24 ақпаннан бері Ресейге 10 000-нан астам халықаралық санкция салынды, 1 000-нан астам халықаралық компания сауда қарым-қатынасын бұзып, Ресей нарығынан шығып кетті. Бұл Ресей мен оған көршілес елдердің экономикасына қатты әсер тигізді.

Қазақстан Ресейден келетін импортқа өте тәуелді — отандық импорттың шамамен 40%-ы Ресейден келеді. Одан, әсіресе, солтүстік аймақтар азап шегуде, себебі, мұнда азық-түлік тауарларының 90%-ы Ресейден әкелінеді.

Бұрын логистикалық тізбек бойынша ресейлік порттардан тасымалданатын тауарлар енді Қытай мен Каспий теңізі арқылы тасылады — бұл ұзағырақ та, қымбатырақ та болып шықты, көлік желісіне де мұндай жүк ағымын орындау ауыр түсті.

Бұдан басқа, жағдайды ресейлік жеке тұлғаларға, компанияларға және тауарларға қойылған шектеулер қиындата түсті. Санкциялық тексерулер де басталды — шетелдік корреспондент банктер қазақстандық кәсіпкерлерден қаражатты қайда аударатыны және тауарларды кімнен алатыны жөнінде қосымша ақпарат сұрай бастады. Кей жағдайларда бұл ақпаратты өңдеу жұмысы 1 жұмадан 3 жұмаға дейін созылып, аударым да сол уақытқа сәйкес ұсталып отырды.

Сол кезеңде Jusan Business төлемдер мен аударымдардың өңдеу уақытын қысқарту бойынша ұсынымдарға байланысты ақпараттық науқан жүргізді. Сонымен қатар Ресей мен Беларуське салынған санкциялар аясында қалай жұмыс істеу керегі туралы колл-центрге жедел жауап беруді үйрету шаралары өткізілді.

Ресей банктеріне ақша аударуға тыйым салу

Санкциялар күшіне енгеннен кейін ресейлік банктер SWIFT халықаралық аударымдар жүйесінен ажыратылды. Осыған орай көптеген ресейлік банктерге шетелден ақша аудару да, шетел контрагенттеріне Ресейдегі шоттардан төлем жүргізу де мүмкін болмай қалды.

10 наурызда Visa және Mastercard халықаралық төлем жүйелері Ресей аумағында қызметтерін тоқтата тұратыны туралы мәлімдеді — сол кезде басқа елдерден ресейлік банктердің төлем карталарына аударым жасау мүмкін болмай қалды.

Ресейдегі клиенттермен және жеткізушілермен жұмыс істейтін қазақстандық кәсіпкерлер тауарлар мен қызметтердің ақыларын төлеудің басқа жолдарын іздей бастады — ол ресейлік «Мир» немесе қытайлық UnionPay төлем жүйелері; шот ашпай-ақ ақша аударуға болатын «Золотая корона», «Юнистрим», CONTACT жүйелері; меншікті Тинькофф және Райффайзенбанк сияқты санкция салынбаған банктер.

Теңгенің рубльге қатысты әлсіреуі

Ресейге санкция салғаннан кейін рубльдің құны теңгеге қатысты әлдеқайда арзандады:

5,67
қаңтар-ақпан
3,98жылдық
минималды бағам
наурыз

Кейін рубль қайта нығая түсті:

3,98
наурыз
9,1маусым

Осыдан кейін валюта бағамы біршама тұрақтанды. 28 желтоқсан күніне бір рубль 6,9 теңгеге тең болды.

Жоғары инфляция және халықтың төлем қабілеттігінің төмендеуі

2022 жылғы қараша айындағы жылдық инфляция деңгейі
Азық-түлік тауарлары бағасының жылдық өсімі
19,6%
24,1%
қазан айында – 18,8%
қазан айында – 23,1%
Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының жылдық өсімі
Ақылы қызметтер бағасының жылдық өсімі
18,6%
14,1%
қазан айында – 17,9%
қазан айында – 13,5%

Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смайылов инфляцияның өсу себептерін атап өтті: ол геосаяси шиеленістің күшеюі, әлемдегі бағаның рекордтық өсуі, логистиканың бұзылуы және көрші елдерде кейбір тауарлардың экспортына уақытша шектеулердің енгізілуі.

Қаржы сарапшысы Андрей Чеботаревтің пікірінше, инфляцияның негізгі факторы ретінде, жылдың басындағыдай, Қазақстанның импортқа тәуелділігі жоғары болуы қалады. Импорт валюта бағамына қысым көрсетеді. Наурыздан бері ұлттық валюта құнсыздана беріп, бағалардың өсуіне ықпал етті. Андрей Чеботарев атағандай, қазіргі күні инфляция бүкіл әлемде байқалады, ал Қазақстан болса, оны тауарлармен бірге импорттап жатыр.

Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында: «Қазан айында Одақтағы инфляция деңгейі 11,5%-ды құрады. Оның негізгі өсімі азық-түлік және азық-түлікке жатпайтын тауарларға тиесілі. Мұның бәрі азаматтарымыздың сатып алу қабілеті мен әлеуметтік әл-ауқатына айтарлықтай әсер етеді. Жеке санкциялық шектеулер ЕАЭО-ға мүше барлық мемлекеттің экономикасына қысым жасайтынын мойындау қажет», — деді.

ҚР ҰБ базалық мөлшерлемесінің көтерілуі

14,5%маусым айында
16%қазан айында
16,75%желтоқсан айында

«Базалық мөлшерлеме — бұл ақшаның қаржы жүйесіндегі құнын анықтау құралы. Ол, негізінен, кредит пен депозит құнына әсер етеді. Мысалы, Қазақстанда кредит құнына базалық мөлшерлеме, банкке түсетін пайда және қарызгерге байланысты тәуекелдер кіреді, осылайша, нарықтық мөлшерлеме 15-16% немесе одан да жоғары болып шығады. Базалық мөлшерлеменің жоғарлауы кредиттер мен депозиттердің пайыздарының өсуін білдіреді. Ақша неғұрлым қымбат болса, жүйеде соғұрлым аз айналаді, аз жұмсалады, инфляция да төмен болады. Сол себептен де Ұлттық банк мөлшерлемені көтереді»

«Базалық мөлшерлеменің өсуі — бұл нарыққа берілетін белгі. Бұл жағдайда депозиттер мен кредиттердің мөлшерлемелері көтеріледі. Кредит алу да тиімсіз болады да, халық қарызға азырақ батып, ақша жұмсауды қысқартады. Сұраныс бойынша қысым да азаяды. Ал егер депозиттердің пайыздары жоғарырақ болса, онда адамдар да көбірек үнемдеп, азырақ жұмсауға тырысады. Сонда ұсыныс өзгермесе де, сұраныс азайып, азық-түлік бағасы тұрақтана бастайды. Біздің мақсатымыз осы болып отыр»

Теңгенің долларға қатысты әлсіреуі

Доллар 2022 жылғы наурыз айында рубль бағамына қарама-қарсы ең жоғары көрсеткішке жетті, ал маусым айында, рубль құны қайта көтеріле бастағанда, қатты арзандады. Тамыздан бастап доллар 460-480 теңге аралығында орнығып тұр.

431 ₸
қаңтар айында
469 ₸желтоқсан айында
Жылдық максималды бағам512 ₸16 наурызда
Жылдық минималды бағам414 ₸1 маусымда

Қазақстандағы шағын және орта кәсіпкерлік статистикасы

Жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің саны

20212022

ШОК секторының құрылымы

Жеке кәсіпкерлер

63,4%2021 жылғы 1 желтоқсан
67,6%2022 жылғы 1 желтоқсан

Шағын кәсіпкерлікке жататын заңды тұлғалар

20,9%2021 жылғы 1 желтоқсан
18,8%2022 жылғы 1 желтоқсан

Шаруа немесе фермер қожалықтары

15,5%2021 жылғы 1 желтоқсан
13,4%2022 жылғы 1 желтоқсан

Орта кәсіпкерлікке жататын заңды тұлғалар

0,2%2021 жылғы 1 желтоқсан
0,2%2022 жылғы 1 желтоқсан

Қорытынды

Биылғы жыл бизнес үшін де, еліміз үшін де, бүкіл әлем үшін де қиын жыл болды. Ал сіз бұны оқып отырсаңыз, онда бәрін ретке келтіріп, бизнесіңізбен әрі қарай айналысып жатқан шығарсыз. Бұның өзі де бір жетістік. Жағдай да сондай жаман емес:

Қаңтар оқиғасынан зардап шеккен кәсіпкерлердің көпшілігіне өтемақы төленді.

Ресейлік компаниялардың көбіне ақша аудару және олармен жұмыс істеу әлі де шектеліп отыр, бірақ, кәсіпкерлер бұл мәселені шешудің басқа да жолдарын тауып жатыр.

Қазақстанға көптеген халықаралық компаниялар мен білікті мамандар көшіп, ынтымақтастық пен нарықтың дамуына жаңа мүмкіндіктер ашты.

Жер жүзіне жайылған дағдарыспен күресу үшін мемлекет кәсіпкерлікті қолдау бағдарламаларын жүзеге асырып жатыр. Олардың көмегімен кредиттерге арналған субсидиялар мен кепілдіктер алуға болады. Jusan Business бұл бағдарламалардың басым бөлігіне қатысып отыр.

Аталған қиындықтарға қарамастан, 2022 жылғы 1 желтоқсан күніне Қазақстандағы кәсіпкерлер саны өткен жылға қарағанда 25%-ға өсті.

Бизнес жүргізу оңай емес. Бірақ сіз де барлық ауыртпалықтарды көтеріп, 2023 жылға жаңа жоспарлар құрып отырған шығарсыз. Біз, Ösim және Jusan Business ұжымдары, сіздің мақсаттарыңыз орындалуы үшін бар күшімізді салуға тырысамыз. Еңбектеріңіз жемісті болсын!