Бизнес туралы мақалалар

Бизнес-жоспарды оңай әрі жылдам құру тәсілі

Кәсіпкерлерге арналған жаңа тегін құрал

Бизнес-жоспарды оңай әрі жылдам құру тәсілі

Мақаланың мазмұны

Бизнес үшін ақша табу оңай емес. Бұл мәселені шешудің бірнеше жолы бар: мемлекеттік гранттар, банктен несие алу немесе инвесторларды тарту. Бірақ барлық жағдайда мұқият құрастырылған бизнес-жоспар қажет.

Грантқа өтінім берген қатысушылар түрлі талаптарға сай келуі керек — әр бағдарламаның ерекше шарттары болғандықтан, өтінім беру барысы қиындай түседі. Ал несие алуға немесе инвесторларды тартуға стандартты бизнес-жоспар қажет. Мұндай жоспарды жасау үшін көп күш-жігер жұмсалады: ауқымды құжат толтырып, күрделі есептерді орындау керек. Осындай ерекшеліктерден кейін кез келген адам бизнес-жоспармен айналысудан бас тартуы мүмкін. Сол себепті бұл жұмысты жеңілдететін арнайы құрал, яғни бизнес-жоспар құрастырушысын әзірледік.

Құрастырушының жұмыс істеу қағидасы

Құралмен жұмыс істеу барысын сіз үшін қарапайым және ыңғайлы етіп жасадық. Болашақ бизнес-жоспарыңыз алты бөлімнен тұрады. Мәтіндегі бос орындарды толтырып, тізімнен сізге қатысты нұсқаларды таңдау және қажетті ақпаратты енгізген жеткілікті. Әр кезеңнен кейін дайын құжатты Word форматында жүктей аласыз.

Құрастырушымен жұмыс істеу үшін алдын ала құрылтай құжаттары мен қаржы құжаттарын дайындап қойыңыз. Компьютерде құрастырушымен қатар көршілес қойындыда 1С бағдарламасын ашып қойсаңыз, жұмысты тіпті жеңілдететін боласыз.

Жеке деректердің қауіпсіздігі

Біз құпиялықтың маңыздылығын түсінеміз. Жеке деректеріңізді қалдырмасаңыз да болады. Өзіңізге қолайлы ақпаратты ғана енгізіп, қалғанын кейін Word форматында жүктелген құжатқа қосу мүмкіндігі бар. Құрастырушыға енгізілген деректеріңіз еш жерде сақталмайды және біздің қолымызға түспейді — сайт парақшасын жапқаннан кейін олар автоматты түрде жойылады.

Кез келген бизнеске жарайтын әмбебап құрал 

Бизнес-жоспарлар компанияның қызмет түрі мен орналасқан жеріне байланысты айтарлықтай ерекшеленеді. Әрине, Атыраудағы өндіріс орны мен Теміртаудағы сауда нүктесі үшін әртүрлі екі бизнес-жоспар қажет екені анық. Құрастырушының көмегімен мақсаттарыңызды ескеретін бизнес-жоспар жасауға болады. Word файлын жүктеп алғаннан кейін оны мұқият оқып шығуыңыз керек, бизнесіңізге қатысты маңызды мәліметтерді қосып, қажетсіз нәрселерді алып тастаңыз.

Құрастырушының пайдасы

Бұл құрал уақыт пен күшіңізді үнемдейді. Бизнес-жоспардың құрылымы мен есептеулерін түсінемін деп, басыңызды қатырмайсыз — барлық маңызды тұстарын ескеріп қойдық. Жүктелген құжатты бизнесіңізге мінсіз сәйкес келетіндей етіп толтыру ғана қажет.

Құрастырушының алғашқы нұсқасын енді жарыққа шығардық, әлбетте, оның әлі мінсіз емес екені анық. Егер қателерді байқаған болсаңыз, бізге хабарын беріңіз — құрастырушыны жақсарта түсетін боламыз: osim@jusan.kz.

 

Жаңа әмбебап құралға сайтымызда қол жеткізе аласыз. Оңай, жылдам әрі ыңғайлы құрастырушыны өзіңіз қолданып көріңіз. Идеяңыз қолдауға лайық, ал біз бизнесіңіздің өсуіне көмектесуге дайынбыз!