Бизнес туралы мақалалар

Кешбэгі бар бизнес-карта ашу

Қазақстан нарығындағы бірегей ұсыныс

Кешбэгі бар бизнес-карта ашу
Альбина Юсупова

Альбина Юсупова

Jusan Business-те бизнес-карталарға жауапты

Мақаланың мазмұны

Компанияларға тек қаражатты басқару ғана емес, шығындарды азайту да маңызды. Кешбэгі бар Jusan Business картасы кәсіпкерлерге әрбір сатып алынатын нәрседен пайда алуға мүмкіндік береді. Оның қалай жұмыс істейтінін, кешбэкке салық қалай төлеу керектігін және тағы нені ескеру қажет екенін осы мақалада айтып береміз.

Кешбэк дегеніміз не және оны алу жолдары 

Кешбэк — бұл тауар немесе қызметке төленген ақшаның бір бөлігі картаға қайтарылатын бейілділік бағдарламасы. Ақша карта иесінің банк шотына бонустар түрінде емес, ақшалай аударылады.  

Сонда кешбэк қайдан пайда болады деген сұрақ туындауы мүмкін. Клиент картамен төлем жасаған кезде, банк төлемді өңдеу үшін сатушыдан комиссия алады. Jusan Business бұл комиссияның бір бөлігін клиентке кешбэк түрінде қайтарады, осылайша картаны пайдалануды ынталандырады.  

Jusan Business картасын ашқан клиенттер автоматты түрде бейілділік бағдарламасының қатысушы атанады. Әрбір төлем кезінде 1% мөлшерінде кешбэк қайтарылады.  

Кешбэк тағайындау барысы оңай — есептеу мерзімі бір айды құрайды. Операция бойынша бас тарту болмаса, онда төлем қабылданған кезде бірден кешбэк есептеледі. Кәсіпкердің банк шотына бұл сома келесі айдың бірінші күні жіберіледі.  

Кешбэктен төленетін салық

Jusan Business картасы бойынша алынған кешбэкке салық төлеу қажет, себебі бұл табыс болып саналады.  

Егер ЖК немесе ЖШС оңайлатылған салық режимін пайдаланса, кешбэктен 3% мөлшерінде салық төленеді, оның ішінде 1,5% КТС және 1,5% әлеуметтік салық кіреді.  

Жалпыға бірдей белгіленген режимдегі ЖК-ға кешбэк жылдық жиынтық табысқа қосылады және ол бойынша КТС 10% мөлшерінде есептеледі. Ал жалпыға бірдей белгіленген режимдегі ЖШС-ға кешбэк жиынтық жылдық табысқа кіреді және оған 20% мөлшерінде КТС төленеді.  

Жеке және бизнес шығындарды төлеу  

ЖК-ның көбі кофе немесе кеңсе заттарын сатып алу үшін ақшаны бизнес-картадан жеке дебет картасына аударады. Jusan Business картасымен бұны жасау қажет емес — бизнес шығындарды да, жеке төлемдерді де еркін төлеуге болады.  

Цифрлық картаны онлайн ашып, пластикалық картадан артық болмаса, кем емес артықшылықтары мен мүмкіндіктерін пайдалану ыңғайлы. Қолма-қол ақша алу қажет болса, мұны Jusan Business қолданбасында алуға болатын бір реттік SMS код арқылы жасауға болады.

Кешбэгі бар Jusan Business картасын ашу 

Кешбэк арқылы табыс табу үшін алдымен шот ашыңыз, содан кейін бірнеше шерту арқылы Jusan Business қолданбасында тегін цифрлық карта ашыңыз.

Кешбэктен басқа, картаның тағы да көптеген артықшылықтары бар:  

  • Apple немесе Google Pay-ге картаны байлап, төлемдерді түйіспесіз төлеуге болады;  
  • Visa және MasterCard-тан клиенттерге арнайы тиімді ұсыныстар бар: банк қолданбасында Instagram мен Facebook жарнамасын төлеуге көптеген жеңілдіктер бар. Егер бизнесіңізді таргет жарнама арқылы дамытқыңыз келсе, бұл таптырмас шешім;  
  • сіз карта бойынша шектеулер орната аласыз. Мысалы, сіз өзіңізге және жүргізушіңізге екі карта аштыңыз делік. Қызметкеріңіздің шығындарын шектеу үшін, сіз оған қолайлы лимит орнатасыз — мысалы, ол бензинге 100 мың теңгеден артық жұмсай алмайды.
  • айына комиссиясыз 1 млн теңгеге дейін қолма-қол ақша алуға болады, бұл компания шығындарын азайтуға мүмкіндік береді.

Кешбэк қайтарылмайтын жағдайлар  

Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер мен айыппұлдарға, салық төлемдеріне, кредит пен облигацияларға, мемлекет орындайтын пошта қызметтеріне кешбэк берілмейді.

Егер компания Қазақстаннан тыс жерде тіркелген болса, бұл жағдайда да кешбэк картаға қайтарылмайды. 

 

Басқа қазақстандық банктерде бизнес-карталарға кешбэк қайтару бағдарламасы жоқ. Бұл тек қана Jusan Business-тің бірегей ұсынысы — картаны ашып, қосымша табыс алыңыз.