Wolt-пен серіктес ретінде жұмыс істеу

Жеткізу қызметін баршаға ыңғайлы тәжірибеге айналдырыңыз

Wolt-пен серіктес ретінде жұмыс істеу

Wolt — тамақ пен тауарларды жеткізу сервисі. Мұндай платформа арқылы клиенттер дәмхана, дүкен, дәріхана, гүл салондары және басқа да мекемелерден өнімге тапсырыс бере алады. Wolt бизнеске тапсырыс қабылдауға, жеткізуді ұйымдастыруға және компанияны кеңінен танытуға арналған барлық құралдарды ұсынады. Wolt-пен жұмыс істеу тәртібін осы мақалада қарастырамыз.

Жүйеге қосылу және жұмысты бастау

Wolt-пен жұмысты бастау үшін алдымен сайт артқылы өтінім жіберу қажет.

Тіркеу кезінде компанияңыздың мекенжайын, қызмет түрін, байланыс деректері мен атауын көрсетесіз. Осы ақпарат негізінде Wolt менеджері сізбен хабарласып, шарттарды талқылайды. Барлығы нақтыланғаннан кейін екіжақты келісімшарт рәсімделеді. Құжаттарға ЭЦҚ арқылы онлайн немесе қағаз нұсқасында қол қоюға болады — скан көшірмелерін жіберу немесе түпнұсқаларымен пошта арқылы алмасуға болады. Тапсырыстарды басқару үшін Wolt Merchants жүйесіне қолжетімділік беріледі.

Тапсырыстарды басқару

Тапсырыстармен жұмыс істеудің екі жолы бар.

Merchant lite қолданбасы арқылы

Бұл шағын кәсіпкерлерге арналған жеңіл әрі ыңғайлы шешім. Мобильді қолданбаны iOS немесе Android құрылғысына оңай орнатып, тапсырыстарды қабылдауға, дайындық деңгейін белгілеуге және курьердің қозғалысын бақылауға болады.

Бағдарлама күрделі баптауды қажет етпейді. Толық нұсқаулықты мына жерден таба аласыз. Ал қосымша сұрақтар туындаса — Wolt қолдау қызметіне хабарласыңыз.

POS жүйесі мен API арқылы

Смартфонға орнатылған қолданба тапсырыстарды қабылдап, өңдеуге мүмкіндік береді — ол шағын бизнес үшін касса қызметін атқара алады. Ал ірі желілер мен жүктемесі жоғары мекемелер Wolt жүйесін өз POS жүйесімен API арқылы тікелей байланыстыра алады. Мұндай жағдайда тапсырыстар жүйеңізге автоматты түрде түседі — кәдімгі залдағы тапсырыстар сияқты.

Өз POS жүйеңізді интеграциялау үшін Wolt-пен келісіп, API-ге қол жеткізу қажет. Толық ақпарат үшін құжаттамамен танысып, Wolt менеджерінен кеңес алған жөн.

Мәзірді енгізу және жаңарту

Бастапқы кезеңде Wolt мамандары мәзірді қолданбада баптау барысын түсіндіріп, көмектеседі. Әдетте мәзірге тағамның атауы, сипаттамасы мен бағасы енгізіліп, сапалы фотосуреттері жүктеледі.

Мәзірді кез келген уақытта жаңартып, маусымдық немесе уақытша арнайы ұсыныстарды қоса аласыз.

Жұмыс барысы мен логистика

Тапсырыстарды қабылдауды өзіңізге ыңғайлы уақытта қосып немесе өшіріп аласыз.

Клиент тапсырыс берген соң, сіз оны дайындап, жинайсыз. Кейін тапсырысты Wolt курьері немесе өз курьеріңіз алып, клиентке жеткізеді. Қаласаңыз, өзі алып кету режимін қоса аласыз — мұндайда клиент тапсырысты өзі келіп алады.

Қаржылық жағы

Wolt тек рәсімделген тапсырыстардан комиссия алады. Қосылу немесе ажырату үшін төлем алынбайды. Төлем алу жиілігін өзіңіз белгілей аласыз — мысалы, аптасына немесе айына бір рет. Барлық тапсырыстар, комиссия және төлемдер туралы ақпарат жеке кабинетте көрсетіледі.

Платформа құралдары

Wolt-та бизнеске арналған талдау және жарнама құралдары бар.

Жеке кабинетте сатылым, тапсырыстар, клиенттер мен пікірлер бойынша талдау қолжетімді. Уақыт, жеткізу түрі мен тауар санаты бойынша деректер сүзгіленіп, тауарлардың сатылымы, тапсырыстардың тәртібі және кірістің өзгерістері бақыланады.

Wolt Ads — қолданба ішіндегі жарнама құралы. Ол мейрамханаңызды жоғарғы позицияға шығарып, өнімдеріңізді көп адамға көрсетуге көмектеседі.

Егер компанияңыздың жеткізу қызметі жоқ болса, Wolt Drive қызметін қосуға болады. Бұл қызмет Wolt платформасынан тыс тапсырыстарды жеткізу үшін курьер шақыруға мүмкіндік береді. Қосылу үшін Drive API арқылы техникалық интеграция жасап, менеджермен шарттарын жеке талқылау қажет.

Сонымен бірге, Wolt платформамен жұмыс істеу біліктілігін арттыруға арнайы материалдар ұсынады.

 

Wolt-пен жұмыс істеу — бизнесіңіз үшін онлайн сатуды арттырудың қарапайым әрі тиімді жолы. Платформа әртүрлі қосылу нұсқаларын ұсынады: қарапайым мобильді қолданбадан бастап, POS жүйеңізбен толық интеграцияға дейін. Wolt тапсырыстармен жұмысты автоматтандырып, жұмыс барысын оңай басқаруға және сервис ішіндегі жарнаманы қолдануға мүмкіндік береді. Бизнесіңізге сай ең оңтайлы жұмыс түрін таңдаңыз. Клиенттерге жақсы қызмет көрсетсеңіз, жеткізу сізге де, тұтынушыларға да ыңғайлы әрі тиімді болады.