Сіздің қауіпсіздігіңіз бізге маңызды
Жеке деректеріңізді және банктік операцияларды қалай қорғауға болатынын біліп жүріңіз. Біздің өнімдерді қауіпсіз пайдалану үшін қарапайым кеңестермен танысыңыз

Мобильді қолданбамен пайдалануда нені ескеру қажет
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету талаптарына сәйкес*, егер құрылғыда қашықтан басқару немесе операциялық жүйені бұзып кіру әрекеттері анықталса, банк қолданбаға қолжетімділікті бұғаттай алады
*Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 наурыздағы № 48 қаулысының 160 тармағының 2) тармақшасыБұл құрылғының жүйелік баптаулары өзгертіліп, кіріктірілген қорғаныс өшіп қалатын жағдайларға қатысты. Мұндай өзгерістер смартфонды вирустар мен алаяқтардың алдында осал етеді. Деректеріңізді қорғау үшін қолданбаға кіру уақытша шектеледі.
AnyDesk, TeamViewer, Hop to Desk сияқты құрылғыны қашықтан басқаруға мүмкіндік беретін бағдарламалар банктік қолданбаңызға рұқсатсыз кіру қаупін тудырады. Сонымен қатар, бұл бағдарламалар құрылғыңыздың экранынан бейне жазып, деректеріңіздің құпиялылығына нұқсан келтіре алады
Ақпараттық қауіпсіздіктің маңыздылығы неде?
Заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді қорғау
Бүгінгі күні алаяқтар сіздің жеке деректеріңізді — карта және шот нөмірлері, төлқұжат деректері, құпиясөздерді қолға түсіруге тырысады. Олардың жария болуы қаржылық шығындарға және басқа да ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін
Киберқылмыстың алдын алу
Алаяқтар ақша ұрлау және банктік шоттарға қол жеткізу үшін фишинг, вирустар және басқа шабуылдау тәсілдерін қолданады
Кибергигиена бойынша нұсқаулар
Қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз
- Ешқашан және еш жағдайда логин мен құпиясөзіңізді, банк картасының деректемелерін (қолдану мерзімі, PIN, CVV-кодын) ешкімге айтпаңыз
- Күрделі құпиясөздер ойластырып, оларды жиі ауыстырып отырыңыз және браузерде сақтамаңыз. Одан бетер қорғаныс үшін құпиясөздер менеджерін пайдаланыңыз
- Жеке деректеріңізді (ТАӘ, ЖСН, құжат нөмірлері) бейтаныс адамдарға айтпаңыз
- Интернет-банкинг мен төлем қызметтерімен қоғамдық Wi-Fi (интернет-кафе, кеңсе, басқа да қоғамдық орындар) арқылы қолданбаңыз
Мұқият болыңыз
- Банк сайтының мекенжайын қолмен теріп, сілтемелер бойынша өтпеңіз. Браузеріңіздің мекенжай жолағында құлыптың белгісі тұрғанына көз жеткізіңіз
- Төлемдер мен операциялар жасаған кезде деректемелерді мұқият тексеріп, енгізіңіз. Қателерді болдырмау үшін ақпаратты қайта тексеріңіз
- Операциялардың тарихын жиі тексеріп отырыңыз. Егер күдікті транзакция байқасаңыз, дереу банкке хабарласыңыз
Алаяқтардан сақ болыңыз
- Жеке деректеріңізді хаттарға жауап ретінде жібермеңіз және күдікті хабарламалардағы сілтемелер бойынша өтпеңіз
- Ешқашан және еш жағдайда логин мен құпиясөзіңізді, СМС-кодтарды, банк картасының деректемелерін (қолдану мерзімі, PIN, CVV-кодын) ешкімге айтпаңыз. Бұл деректерді тіпті банк қызметкерлеріне де айтуға болмайды
- Интернет-банкингке кіру мүмкіндігі бар құрылғыларыңызды қараусыз қалдырмаңыз
- Телефоныңызға бейтаныс адамдардың өтініші бойынша ешқандай бағдарлама орнатпаңыз
- Өздерін банк қызметкерлері деп таныстыратын бейтаныс адамдардың WhatsApp немесе Telegram қоңырауларына жауап бермеңіз
Алаяқтық
Алаяқтар сіздің ақшаңызға немесе жеке деректеріңізге қол жеткізу үшін әртүрлі тәсілдерді қолданады. Алаяқтықтың кең таралған түрлеріне мыналар жатады
Фишинг
Зиянкестер банктердің, танымал компаниялардың ресми хаттарынан айнымайтын хабарламалар жібереді. Сол арқылы жеке деректерді растауды немесе мәліметтерді жаңартуды сұрайды
Қашықтан басқару
Алаяқтар деректеріңізді ұрлау мақсатында техникалық тұрғыдан көмек ұсынады немесе құрылғыңызды қашықтан басқару бағдарламаларын орнатуды сұрайды
Хабарландырулардағы алаяқтық
Зиянкестер шын мәнінде жоқ тауарлар немесе қызметтерді сату туралы жалған хабарландырулар орналастырады
Әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі алаяқтық
Алаяқтар ақша бопсалау немесе жоқ тауарды сату мақсатында сізбен қарым-қатынас орнату үшін жалған аккаунт ашады
Зиянкестерден қалай қорғануға болады?
Хабарламаны кім жібергенін тексеріңіз
Электрондық мекенжайдың дұрыс екеніне көз жеткізіңіз. Алаяқтар көбінесе көзіңізге үйреншікті мекенжайдың әріптерін ауыстырады немесе артық таңба қоса салады
Екі факторлы аутентификацияны қосыңыз
Бұл аккаунтқа кірген сайын СМС енгізу арқылы жеке басыңызды растауды талап ететін қосымша қорғаныс
Бейтаныс ақпарат көздеріне сенбеңіз
Күдікті хаттар мен хабарламалардағы сілтемелер бойынша өтпеңіз және тексерілмеген сайттарға өз деректеріңізді енгізбеңіз
Жеке деректеріңізді телефон арқылы айтпаңыз
Банк құпия ақпаратты телефон арқылы сұрамайды. Күмән туып жатса, ресми нөмірлер бойынша хабарласыңыз
Сайттардың қауіпсіздігін тексеріңіз
Сайт https://-тан басталатынына көз жеткізіңіз — бұл оның қауіпсіз екендігінің белгісі. Сайт күдікті көрінсе, деректеріңізді енгізуге асықпаңыз
Антивирус орнатыңыз
Антивирусты үнемі жаңартып, құрылғыңызды сканерлеуді ұмытпаңыз
Онлайн сатып алулар жасаған кезде сақ болыңыз
Тек сенімді сайттардан сатып алулар жасап, тексерілген төлем тәсілдерін қолданыңыз
Назар аударыңыз
Алаяқтар адамдарды алдау үшін түрлі айла-шарғы жасайды. Олар көбінесе мына эмоцияларға ықпал етуге тырысады:
Қорқыныш
Алаяқтар клиенттерді «ақшаңызды жоғалтасыз» немесе олардың атына несие рәсімделді деп қорқытады. Кейін мәселенің шешімі ретінде шоттағы ақшаны «қауіпсіз» жерге уақытша аударуға кеңес береді. Сондай-ақ СМС-код пен карта деректемелеріне қол жеткізуге тырысады
Оңай пайда табу
Алаяқтар клиенттерге жоғары табыс көзі туралы айтып, оңай пайда табу үшін ақша салу керек деп көндіреді. Осылайша клиентке жалған уәде беріп, бұрынғыдан көп мөлшерде ақша аударуға итермелейді
Сіздің қауіпсіздігіңіз үшін
Біз сіздердің деректеріңізді қорғау мақсатында қолданатын әдістерімізді үнемі жетілдіріп, халықаралық стандарттарға сай болу үшін тексерістерден өтіп тұрамыз
24/7 байланыстамыз
Қазақстандағы және шетелдегі клиенттеріміз үшін
Қазақстандағы клиенттерімізге ұялы телефоннан қоңырау шалу тегін