2024 жылғы жұмыс және демалыс күндері кестесі

Еңбек күнтізбесі

Дана Ермұхан

Дана Ермұхан

автор

Ирина Дубчак

Ирина Дубчак

редактор

2024 жылғы жұмыс және демалыс күндері кестесі

2024 жыл — 366 күннен тұратын кібісе жыл. Оның ішінде 249 күн — аптасына бес күн жұмыс істейтіндер үшін жұмыс күні болады. Алдыңғы 2024 жылы тойланатын мерекелер қай күндерге түсетінін және қазақстандықтар сол күні қалай демалатынын айтып береміз.

Қантар айындағы демалыс күндері

2024 жыл дүйсенбі күнімен басталады. Жаңа жыл мерекесі екі күнге — 1 және 2 қаңтарға дейін созылады. 7 қаңтарда тойланатын православиелік Рождество биыл жексенбіге түседі, сондықтан ол басқа күнге ауыстырылмайды.

Осылайша, аптасына бес және алты күн жұмыс істейтіндерге қосымша екі демалыс күн — 1 және 2 қаңтар беріледі.

Ақпан айында төленетін салық

Оңайлатылған ЖК 15 ақпанға дейін 910.00 СЕН декларациясын тапсырып, 25 ақпанға дейін 2023 жылдың екінші жарты жылдығы үшін салық төлеуі керек.

Тегін онлайн-бухгалтерия

Jusan Business мобильді қосымшасында 910 СЕН-ді толтырып, айлық салық мөлшерін есептеңіз

Қосу
Тегін онлайн-бухгалтерия

Наурыз айындағы демалыс күндері

Көктемнің алғашқы айында қазақстандықтарға 8 наурыз бен Наурыз мейрамына қосымша демалыс беріледі.

Наурыз айында демалатын күндер:

  • аптасына бес күн жұмыс істейтіндер — 8, 21, 22, 23, 24, 25 наурыз;
  • аптасына алты күн жұмыс істейтіндер — 8, 21, 22, 23, 24 наурыз.

Мамыр айындағы демалыс күндері

Мамыр айында бірден үш мереке — Қазақстан халқының бірлігі күні (1 мамыр), Отан қорғаушылар күні (7 мамыр) және Жеңіс күні (9 мамыр) тойланады. Бұл айда аптасына бес күн жұмыс істейтіндер үшін 4 мамыр — сенбі күнгі демалыс күні 8 мамыр — сәрсенбі күніне ауыстырылады.

Мамыр айындағы мереке демалыстары:

  • аптасына бес күн жұмыс істейтіндер — 1, 7, 8, 9 мамыр;
  • аптасына алты күн жұмыс істейтіндер — 1, 7, 9 мамыр.

Маусым айындағы демалыс күндері

Маусым айында қазақстандықтар Құрбан айт тойлайды. 2024 жылы бұл мереке 16 маусымға, жексенбіге түседі, яғни діни мереке басқа күнге ауыстырылмайды, демалыс тек сол күні ғана болады.

Шілде айындағы демалыс күндері

Қазақстанда мемлекеттік мереке — Астана күні 6 шілдеде атап өтіледі. Биыл елорда күні сенбіге түсіп, дүйсенбіде қосымша демалыс күні беріледі.

ҚР азаматтары демалатын күндер:

  • аптасына бес күн жұмыс істейтіндер — 6, 7, 8 шілде;
  • аптасына алты күн жұмыс істейтіндер — 6, 7 шілде.

Тамыз айындағы демалыс күндері мен төленетін салық

30 тамызда қазақстандықтар Конституция күнін тойлайды. Конституция күні мемлекеттік мереке болып саналады, биыл ол жұма күні өтеді, яғни қазақстандықтар қосымша демалыс күнін алады.

Осылайша, тамызда қазақстандықтар демалатын күндер:

  • аптасына бес күн жұмыс істейтіндер — 30, 31 тамыз және 1 қыркүйек;
  • аптасына алты күн жұмыс істейтіндер — 30 тамыз және 1 қыркүйек.

Тамыз айында оңайлатылған ЖК де 2024 жылдың бірінші жарты жылдығы үшін есеп тапсырып, табыс салығын төлеуге тиіс. Төлеу мерзімі — 25 тамызға дейін. Онлайн-бухгалтерия тегін сервисі бар Jusan Business мобильді қосымшасында 910 СЕН-ді тегін толтырып, салық төлеуге болады.

Қазан айындағы демалыс күндері

25 қазанда тойланатын Республика күні биыл жұма күніне түседі, яғни қазақстандықтарға қосымша бір демалыс күні беріледі.

Қазан айында демалатын күндер:

  • аптасына бес күн жұмыс істейтіндер — 25, 26, 27 қазан;
  • аптасына алты күн жұмыс істейтіндер — 25, 27 қазан.

Желтоқсан айындағы демалыс күндер

16 желтоқсанда тойланатын Тәуелсіздік күні қазақстандықтарға бір демалыс күнін беріледі, өйткені мереке дүйсенбіге түседі:

  • аптасына бес күн жұмыс істейтіндер — 14, 15, 16 желтоқсан;
  • аптасына алты күн жұмыс істейтіндер — 15 және 16 желтоқсан.


Қаңтар айындағы демалыс күндері Ақпан айындағы демалыс күндері Наурыз айындағы демалыс күндері Сәуір айындағы демалыс күндері Мамыр айындағы демалыс күндері Маусым айындағы демалыс күндері Шілде айындағы демалыс күндері Тамыз айындағы демалыс күндері Қыркүйек айындағы демалыс күндері Қазан айындағы демалыс күндері Қараша айындағы демалыс күндері Желтоқсан айындағы демалыс күндері