Қазақстанда жалпыға бірдей белгіленген режимдегі ЖК-ті қалай ашуға болады
Шағын және орта бизнеске арналған әмбебап салық режимі — оның шарттары, салықтары, есептіліктері мен ашу процессі туралы сөз қозғаймыз
ЖК — бұл жеке шағын бизнес ашудың ең жеңіл және заңды жолы болып табылады. Жеке кәсіпкер басқа ұйымдармен жұмыс істеп, қызметкер жалдап, тапқан табысын өз еркімен жұмсай алады. Сонымен қатар, ЖК зейнетақы жарнасын төлегендіктен, қызметкердің жұмыс стажы есептелетін болады.
ЖК-ті тіркеу алдында не істеу керек?
Тіркеу бұрын қызмет түрі мен салық режимін таңдау керек. Оны алдын-ала істеу керек, себебі тіркеу кезінде сәйкес тармақтарды толтыру қажет болады.
ЖК-тің қызмет түрлері
Елімізде экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші — ЭҚЖЖ бар. Онда мал шаруашылығынан бастап, бағдарламалық жасақтаманы әзірлеуге дейінгі кәсіпкерліктің барлық түрлері аталған.
Жіктеуіш бойынша қызметтің үш түрін таңдауға болады:
- Қызметтің негізгі түрі — басты табыс көзі.
- Қызметтің қосымша түрі — негізгіге қарағанда азырақ табыс әкелетін қызмет түрі.
- Қызметтің қосалқы түрі — негізгі және қосымша қызмет түрлерін сүйемелдейтін қызмет түрі: тасымалдау, сақтау, сатып алу, өнім өткізуді дамыту, тазалау, жөндеу, күзет және тағы басқа мақсаттарда пайдаланады.
ЖК-тің қызмет түрінің коды
Әр қызмет түрінің өзіне сәйкес коды болады, ол код қызметтің бөлімін, тобын, класын және ішкі класын анықтайды.
Мысалы, егер сіз азық-түлік дүкенін ашатын болсаңыз, негізгі қызмет түрі ретінде 47.11.1 «Сауда алаңы 2000 ш.м-ден кем сауда объектілері болып табылатын мамандандырылмаған дүкендерде көбінесе тамақ өнімдерін, сусындар мен темекі өнімдерін бөлшек саудада сату» кодын таңдауыңызға болады.
Егер оның жанында көкөніс киоскісін ашқыңыз келсе, қосымша қызмет түрі ретінде 47.21.1 «Сауда алаңы 2000 ш.м-ден кем сауда объектілері болып табылатын мамандандырылған дүкендерде жеміс-жидектер мен көкөністерді бөлшек саудада сату» кодын таңдауға болады.
ЖК-тің салық режимдері
Салық төлеу және есептілік беру кәсіпкерліктің салық режиміне сәйкес жүзеге асырылады.
Салық режимдерінің негізгі түрлері:
- ЖБР — жалпыға бірдей белгіленген салық режимі.
- Оңайлатылған — оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимі.
- Патент — патент негізіндегі арнаулы салық режимі.
Бұл мақалада ЖБР ЖК ашу туралы айтатын боламыз. Оңайлатылған режим мен патент туралы біздің басқа мақалаларымызда оқуға болады:
ЖБР ЖК
Жалпыға бірдей белгіленген режимді барлық кәсіпкерлер таңдай алады — бұл кез келген шағын және орта бизнес түріне жарай беретін әмбебап салық режимі.
ЖБР ЖК шарттары:
- 1С-те бухгалтерлік есеп жүргізу;
- 220.00 нысан бойынша жылдық есеп беру — алдыңғы жыл үшін 31 наурызда тапсырылады;
-
200.00 нысан бойынша тоқсан сайынғы есеп беру — арнайы есеп беру кезеңдерінде тапсырылады:
- I тоқсан — 1 сәуірден 15 мамырға дейін
- II тоқсан — 1 шілдеден 15 тамызға дейін
- III тоқсан — 1 қазаннан 15 қарашаға дейін
- IV тоқсан — 1 қаңтардан 15 ақпанға дейін
ЖБР ЖК-тің максималды жылдық табысы — 300 000 АЕК (2023 жылы 1 035 000 000 теңге).
Қызметкерлердің жылдық максималды орташа тізімдік саны — 250 адам.
Осы көрсеткіштерге жеткен кезде, ЖК-ті жауып, ЖШС ашу керек болады.
Сондай-ақ, егер ЖК-тің жылдық айналымы 20 000 АЕК-тен асып кетсе, кәсіпкер ҚҚС бойынша есепке тұруға тиіс болады.
ЖБР ЖК салықтары
ЖК жылына бір рет жеке табыс салығын және ай сайын қызметкерлері үшін әлеуметтік төлемдерді төлеп отыруға тиіс. Кейбір жағдайларда ЖК ҚҚС есебіне тұруға тиіс, ал егер оның меншігінде мүлік, жер немесе көлік болса, онда ол үшін тиісті салықтарды төлеп отыруы қажет. Салық салу туралы толығырақ біздің басқа мақаламыздан оқыңыздар.
ЖК-ті қалай ашуға болады
ЖК-ті тіркеу үшін мемлекеттік органдарға онлайн хабарландыру жіберу керек. Ол үшін электрондық лицензиялау сайтында немесе екінші деңгейлі банктер қосымшаларында белгіленген үлгі бойынша өтініш беру керек. Тіркелу қызметі толығынан тегін.
ЖК-ті мемлекеттік қызмет арқылы онлайнда тіркеу үшін тек қана электронды-цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) қажет. Оны ХҚКО-да немесе egov.kz электрондық үкімет сайтында алуға болады.
Elicense.kz-те ЖК-ті қалай ашуға болады
1. ЭЦҚ арқылы авторизациялану
2. «Қызмет көрсету» бөліміне өту → «Дара кәсіпкер ретінде қызметті бастағаны туралы хабарлама» → «Қызметке онлайн тапсырыс беру»
3. Деректерді толтыру:
- нақты мекенжайы
- ЖК атауы
- қызмет түрі (ЭҚЖЖ)
- салық режимі (ЖБР, «оңайлатылған», «патент»)
4. ЭЦҚ көмегімен өтінішке қол қою
ЖК тіркелгені туралы elicense.kz порталындағы жеке кабинетте білуге болады:
- рұқсаттама берілгені туралы — «Менің рұқсат беру құжаттарым» бөлімінде;
- хабарлама келгені туралы — «Менің хабарламаларым» бөлімінде.
Ары қарай не істеу керек
Жеке кәсіпкер ретінде тіркеу туралы хабарландыру жіберілгеннен соң, бірден жұмыс істей беруге болады. ЖК ашылғаннан соң аталған хабарландыру расталды деп саналады. Енді табысты ресми түрде есептеу үшін клиенттерден төлем қабылдау тәсілдерін таңдау керек.
Клиенттерден төлем қабылдау тәсілдері
ЖК клиенттерден төлем қабылдау түріне байланысты келесілерді тіркеу керек:
- Онлайн-касса — қолма-қол ақша және банк карталары арқылы төлем қабылдау.
- ЖК шоты — қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдау.
- POS-терминал — төлемдерді карта және QR көмегімен қабылдау.
Шотты Jusan Business мобильді қосымшасында ашуға болады — бұл тез, тегін, әрі банкке барудың қажетісіз. Сондай-ақ, бірден карта және QR арқылы төлем қабылдайтын POS-терминалға тапсырыс беруге болады — оны келесі күні жеткізіп, қосып береді.
Jusan Business-те шот ашыңыз
Jusan Business мобильді қосымшасында шот ашып, бизнесіңізді басқарыңыз