Бизнес туралы мақалалар

ЖШС үшін онлайн-кредит

Заңды тұлғаларға несие беру барысы мен шарттары

ЖШС үшін онлайн-кредит
Янина Мавлютова

Янина Мавлютова

lead product owner Jusan Business

Мақаланың мазмұны

Бизнеске инвестициялауға, өндірісті кеңейтуге, жабдықтарды сатып алуға немесе айналым қаражатын көбейтуге ақша қажет. Көптеген кәсіпкерлерге жеке тұлға ретінде тұтынушылық несие алу рәсімі оңай болып көрінеді. Алайда бизнестің дамуына банктердің заңды тұлғаларға үлкен сомаларды неғұрлым тиімді шарттармен мақұлдауы маңызды. Jusan Business-те ЖШС үшін онлайн-кредит алу жолдарын қарастырайық.

Қарыз алушыға қойылатын талаптар 

ЖШС-ға онлайн-кредит алу үшін мына талаптарға сай болу қажет:

  • Микро және шағын бизнесі бар ЖШС;
  • ЖШС тіркелген кезден бастап 6 ай өтуі керек, жарғысы — үлгілік;
  • ЖШС-ның директоры рөлін атқаратын бір ғана құрылтайшысы бар;
  • ЖШС құрылтайшысының жасы — 21 – 63 аралығында.

Кредит беру шарттары мен кредит сомасы

Сомасы — 500 мыңнан 100 млн теңгеге дейін.

Мерзімі — 3 айдан 3 жылға дейін.

Ең төменгі сыйақы мөлшерлемесі — 28%.

Өтінімді бергенде кредиттің өзіңізге қажет сомасы мен мерзімін көрсетесіз. Кредит калькуляторы сыйақы мөлшерлемесін ескере отырып, қанша төлеу керектігін есептеп береді. Есеп алдын ала жасалғанына қарамастан, осы соманы төлеуге мүмкіндігіңіз бар не жоғын бағалауға мүмкіндік береді.

Jusan Business-те онлайн-кредитті алу үшін кепілдің қажеті жоқ. Кредит кез келген мақсатқа беріледі.

Jusan Business-те онлайн-кредит алу

Өтінім беру

Өтінім Jusan Business мобильді қолданбасы немесе веб-нұсқа арқылы онлайн беріледі. ЖШС үшін онлайн-кредит алуға Jusan банктің клиенті болуыңыз керек, бірақ банкте айналым қаражытыңыздың болуы міндетті емес. Банктің клиенті болу үшін Jusan Business-те тіркеліп, онлайн түрде шот ашу қажет. Тіркелу және шот ашу 5 минуттан көп уақытыңызды алмайды.

Өтінім беру үшін:

  • Jusan Business қолданбасының «Арнайы ұсыныстар» бөліміне өтіңіз;
  • кредиттің сомасы мен кредит беру мерзімін таңдаңыз;
  • қарыз алуға қажет құжаттармен танысыңыз;
  • кепілгер тұлғаны растаңыз, ЖШС-ның құрылтайшысы кепілгер тұлға болады. Ол кепілгер болуға келісімін нотариалды түрде растауы тиіс. Егер серіктестіктің құрылтайшысының жұбайы болса, ол ЖШС-ның құрылтайшысы кепілгер болуына келісімін нотариалды түрде растауы тиіс;
  • байланысушы тұлғаны қосыңыз. Байланысушы тұлға ретінде ЖШС-ның бухгалтерін көрсету ұсынылады, бірақ басқа адамды да көрсетуге болады. 
  • банктің шешімін күтіңіз.

Банктің өтінімді қарастыруы

Ағымдағы кредит өтінімнің мәртебесі Jusan Business қолданбасының басты бетінде көрсетіледі. Өтінімді қарастыру бірнеше минут алады. 

Кредит беруге бас тартылған жағдайда хабарлама келеді. Бұл кредит ешқашан берілмейтіндігін білдірмейді. Мақұлдау мүмкіндігін арттыру үшін бизнесіңіздің көрсеткіштерін жақсартып, тағы да өтінім беруге болады. 

Банк кредитті сіз көрсеткен шарттар бойынша мақұлдайды немесе балама шарттарды: басқа сома, мерзім не сыйақы мөлшерлемесін ұсына алады. 

Өтінім мақұлданғаннан кейін қабылданатын шаралар

Өтінім мақұлданғаннан кейін қаражатты есепке алу шотын таңдап, қажет құжаттарды жақын орналасқан банк бөлімшесіне әкелу қажет.

Тапсыратын құжаттар тізімі:

  • кепілгердің нотариалды келісімінің түпнұсқасы, немесе, жұбайы бар болса, оның нотариалды келісімінің түпнұсқасы;
  • соңғы үш қаржылық жыл үшін салық декларациясы — 100.00 нысаны (егер компания үш жылдан кем жұмыс істесе, бір қаржылық жыл үшін жектілікті)
  • егер жұбайы бар болса — неке қию туралы куәлік.

Кепілгердің келісімінің үлгісі Jusan Business қолданбасында бар. Құжаттарды өтінім мақұлданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде банк бөлімшесіне әкелу қажет. 

Кредит алу

Келесі қадамдардың барлығы онлайн жүзеге асады — құжаттарға қол қою, кредит алу. Алдымен сіз кредит құжаттамасымен танысып шығасыз. Одан әрі камера арқылы жеке басыңызды сәйкестендіруден өтесіз, кредит алуды смс-код арқылы растап, құжаттарға ЭЦҚ арқылы қол қоясыз. 

Қаражат шотыңызға құжаттарға қол қойғаннан кейін бірден түседі.

 

Кәсіпкерлер кредитті бизнесті бастауға және дамытуға алады. ЖШС үшін онлайн-кредитті Jusan Business мобильді қолданбасы немесе веб-нұсқасы арқылы өтінім беріп, алуға болады. Банк кредит беруді мақұлдағанда құжаттарды жақын орналасқан банк бөлімшесіне әкеліп, кредит алу туралы құжаттарға қол қойылады.