Қазақстанда жалпыға бірдей белгіленген режимдегі ЖК төлейтін салықтар
Жеке кәсіпкерлер өздері үшін және қызметкерлері үшін төлейтін аударымдар мен жарналар
Юлия Тё
салық кеңесшісі, аудитор, бухгалтер
Мақаланың мазмұны
ЖБР ЖК жылына бір рет жеке табыс салығын және ай сайын қызметкерлер үшін әлеуметтік төлемдер төлейді. Есепті салық төлеушінің кабинеті арқылы онлайн тапсырады.
Негізгі салықтар
Жеке табыс салығы (ЖТС) — бұл ЖБР ЖК төлейтін негізгі салық, ол тапқан табыстың 10%-ын құрап, жылына бір рет төленеді.
Қандай есеп беру керек: 220.00 нысан бойынша ЖТС декларациясы — жылына бір рет 31 наурызға дейін. Бұл декларация алдыңғы жылғы кезең үшін тапсырылады, яғни, 2023 жылдың есебін 2024 жылғы 31 наурызға дейін тапсыру керек.
Қашан төлеу керек: жылына бір рет 10 сәуірге дейін, ЖТС декларациясын тапсырғаннан кейін.
Кәсіпкер өзі үшін төлейтін ай сайынғы әлеуметтік төлемдер
ЖК иесі өзі үшін салықтар мен әлеуметтік төлемдерді міндетті түрде төлеп отыруға тиіс. Әр кәсіпкер өз жалақысын өз еркімен тағайындайды, бірақ оның мөлшері 1 жалақының ең төменгі мөлшерінен (ЖТМ) кем болмауға тиіс, 2024 жылы ЖТМ мөлшері 85 000 теңгені құрайды.
Кәсіпкердің 70 000 теңге мөлшеріндегі табысынан төленетін төлемдерді есептеу үлгісі:
- МЗЖ — міндетті зейнетақы жарналары: еңбекақы × 10%
85 000 × 10% = 8 500 теңге - ЖМЗЖ — жұмыс беруші төлейтін міндетті зейнетақы жарналары: еңбекақы × 1,5%
85 000 × 1,5% = 1 275 теңге - ӘА — әлеуметтік аударымдар: еңбекақы × 3,5%
85 000 × 3,5% = 2 975 теңге - МӘМСЖ — міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналары: 1,4 ЖТМ × 5%
1,4 × 85 000 × 5% = 5 950 теңге - Әлеуметтік салық: 2 АЕК − ӘА
2 × 3 692 − 2 975 = 4 409 теңге
Өзі үшін ЖК 23 109 теңге төлейді.
Қызметкерлер үшін төленетін ай сайынғы төлемдер
Қызметкерлер үшін төленетін төлемдер:
- МЗЖ — міндетті зейнетақы жарналары: еңбекақы × 10%,
- ЖМЗЖ — жұмыс беруші төлейтін міндетті зейнетақы жарналары: еңбекақы × 1,5%,
- ӘА — әлеуметтік аударымдар: (еңбекақы − МЗЖ) × 3,5%,
- МӘМС — міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру: еңбекақы × 3%,
- МӘМСЖ — міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналары: еңбекақы × 2%,
- Қызметкер еңбекақысынан төленетін ЖТС: (еңбекақы − МЗЖ − 14 АЕК − МӘМСЖ) × 10%,
- ӘС — әлеуметтік салық: 1 АЕК − ӘА.
Еңбекақыдан төленетін салықтарды есептеу
Төменде қызметкердің 200 000 теңге мөлшеріндегі еңбекақысынан әлеуметтік төлемдерді есептеу үлгісі берілген.
Қызметкер есебінен
МЗЖ — еңбекақы × 10%
200 000 × 10% = 20 000 теңге
қызметкер үшін төленетін МӘМСЖ — еңбекақы × 2%
200 000 × 2% = 4 000 теңге
қызметкер еңбекақысынан төленетін ЖТС — (еңбекақы − МЗЖ − 14 АЕК − МӘМСЖ) × 10%
(200 000 − 20 000 − 14 × 3 692 − 4 000) × 10% = 12 431,2 теңге
Жұмыс беруші есебінен
ЖМЗЖ — еңбекақы × 1,5%
200 000 × 1,5% = 3 000 теңге
МӘМС — еңбекақы × 3%
200 000 × 3% = 6 000 теңге
ӘА — (еңбекақы - МЗЖ) × 3,5%
(200 000 - 20 000) × 3,5% = 6 300 теңге
қызметкер үшін төленетін ӘС — 1 АЕК − ӘА
3 692 − 6 300 = 0 теңге
Қызметкер еңбекақысының нақты мөлшері 200 000 теңге болса, қолына ол 163 568,8 теңге алатын болады. Ал жұмыс беруші үстнен тағы 15 300 теңге төлейтін болады.
Есеп беру мерзімдері: ЖТС және әлеуметтік салық 200.00 нысаны — тоқсан сайын, 15 мамырға, 15 тамызға, 15 қарашаға және келесі жылғы 15 ақпанға дейін.
Салық төлеу мерзімдері: ай сайын, әр келесі айдың 25 жұлдызына дейін. Мысалы, қазан айы үшін 25 қарашаға дейін, қараша айы үшін 25 желтоқсанға дейін, және т.с.с.
Қосылған құн салығы
Егер кәсіпкерліктің жылдық айналымы 20 000 АЕК (2024 жылы 73 840 000 теңге) шамасынан асып кетсе, онда ҚҚС есебіне тұрып, 12% қосымша салық төлеу керек болады.
Аталған шамадан асып кеткен жағдайда ҚҚС есебіне тұру әр кәсіпкердің жеке жауапкершілігі болып саналады. Салық органы ол туралы хабарламай-ақ, айыппұл салатын болады. Сондықтан, айналымның мөлшерін кәсіпкер өз бетімен қадағалауы керек.
Салық мөлшерлемесі: 12%
Есеп беру мерзімі: тоқсан сайын 300.00 СЕН, есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15 жұлдызына дейін. Мысалы, 2023 жылғы үшінші тоқсан үшін (шілдеден қыркүйекке дейін) — 2023 жылғы 15 қарашаға дейін тапсыру керек.
Салық төлеу мерзімі: тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 25 жұлдызына дейін. Мысалы, 2023 жылғы үшінші тоқсан үшін (шілдеден қыркүйекке дейін) — 2023 жылғы 25 қарашаға дейін тапсыру керек.
Импортталған тауарларға салынатын ҚҚС
Егер сіз тауарларыңызды Ресей, Беларусь, Қырғызстан және Армения елдерінен тасымалдасаңыз, ол үшін жанама салық төлеуге міндетті боласыз. Қарапайым сөзбен айтқанда, бұл 12% мөлшеріндегі ҚҚС-тің өзі.
Оның не қажеті бар: мысалы, Ресейде ҚҚС мөлшері 20%, бірақ ЕАЭО шарты бойынша ресейлік компаниялар өздерінің ҚҚС салынатын тауарларын Қазақстанға нөлді мөлшерлемелі ҚҚС-пен жөнелтуге тиіс.
Тауарды елімізге жеткізгеннен кейін, сіз ҚҚС-ты қазақстандық мөлшерлеме бойынша төлеп, 328.00 нысан бойынша есеп тапсыруыңыз қажет. Ол айыппұлға ұшырамау үшін, сондай-ақ, тауар сатқан ел есеп сұрап қалатын жағдайларда қажет болады.
Мөлшерлемесі: 12%
Өтініш беру және салық төлеу мерзімі: 328.00 СЕН — ай сайын, тауар импорттаған айдан кейінгі айдың 20 жұлдызына дейін. Егер тауарлар 2023 жылғы қараша айында импортталған болса, онда 328.00 СЕН 2023 жылғы 20 желтоқсанға дейін тапсыру қажет.
Басқа салықтар
Егер ЖК меншігінде коммерциялы мүлік, жер немесе көлік болса, онда олар үшін де тиісті салық төлеу қажет.
Мүлік салығы
Салық мөлшерлемесі: 0,5%
Формуласы: салық базасы × мөлшерлеме
Декларациясы: 700.00 және 701.01 СЕН
Төлемдерді есептеу мерзімі: ағымдағы жылғы 15 ақпанға дейін, яғни осы салық кезеңінде есептеп, 701.01 СЕН тапсыру керек
Есеп беру мерзімі: келесі жылғы 31 наурызға дейін, яғни салық кезеңі аяқталғанда 700.00 СЕН тапсыру керек
Салық төлеу мерзімі: тоқсан сайын, 25 ақпан, 25 мамыр, 25 тамыз және 25 қараша күндеріне дейін.
Жер салығы
Салық мөлшерлемесі: елдімекенге байланысты болады
Формуласы: салық базасы × түзетулерді қоса алғандағы салық мөлшерлемесі
Декларациялары: 700.00 және 701.01 СЕН
Төлемдерді есептеу мерзімі: ағымдағы жылғы 15 ақпанға дейін, яғни осы салық кезеңінде есептеп, 701.01 СЕН тапсыру керек
Есеп беру мерзімі: келесі жылғы 31 наурызға дейін, яғни салық кезеңі аяқталғанда 700.00 СЕН тапсыру керек
Салық төлеу мерзімі: тоқсан сайын, 25 ақпан, 25 мамыр, 25 тамыз және 25 қараша күндеріне дейін.
Қоршаған ортаға келтірілген зиян үшін төленетін салық
Салық мөлшерлемесі: елдімекенге байланысты болады
Есеп беру мерзімі: 870.00 СЕН тоқсан сайын — 15 мамыр, 15 тамыз, 15 қараша және 15 ақпан айларына дейін
Салық төлеу мерзімі: тоқсан сайын — 25 ақпан, 25 мамыр, 25 тамыз және 25 қараша айларына дейін