ISO Қазақстандағы төлемдерге қандай өзгерістер әкеледі
Қаржы ұйымдары арасында ақпарат алмасудың жаңа стандарты
Игорь Жиздюков
теңгедегі төлемдер мен операциялардың білгірі
Мақаланың мазмұны
2024 жылғы 25 қарашадан бастап Қазақстанның төлем жүйелері ISO 20022 халықаралық стандартына көшеді. Кәсіпкерлер үшін маңызды өзгерістер туралы осы мақалада айтып береміз.
ISO деген не
Сақтандыру компаниялары, зейнетақы және инвестициялық қорлар сияқты басқа да қаржы саласының ұйымдары мен банктер арасында электрондық хабарламалар алмасудың халықаралық стандартын ISO 20022 стандарты деп атайды.
Орын алатын өзгерістер
Өзгерістер теңгедегі төлемдер мен аударымдарға қатысты — шетел валютасына қатысы жоқ.
Төлем құжаттарындағы деректемелер
Төлем құжаттарда нақты төлеуші мен нақты алушы туралы ақпарат көрсетілетін жаңа өрістер пайда болады. Мұндай жаңарту МТ форматындағы қолмен енгізілетін де, импортталатын төлемдерге де қатысты.
Жаңа өрістер төлем тапсырмасында, бюджетке төлемдерді төлеуге арналған төлем тапсырмасында, ақша аударуға арналған өтініште, инкассолық өкімде пайда болады.
Егер сіз ақшаны делдалға аударсаңыз немесе басқа компания не адам атынан төлеп жатсаңыз, онда нақты төлеушінің немесе алушының деректерін енгізуді ұмытпаңыз. Нақты төлеуші немесе алушы ақша жөнелтушімен немесе алушымен сәйкес келген жағдайда ол туралы ақпаратты енгізу қажет болмайды.
Егер нақты төлеуші немесе нақты алушы тиісінше ақша жөнелтушімен немесе алушымен бірдей болса, оларды енгізудің қажеті жоқ.
Жаңа ұғымдармен танысайық:
Нақты төлеуші — міндеттемесін орындау үшін төлем немесе ақша аударымы жүзеге асырылатын тұлға.
Нақты алушы (бенефициар) — ақшаның түпкі алушысы немесе оның пайдасына мiндеттеме орындалатын тұлға.
Мысалы, компания қызметкер үшін Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыққа зейнетақы жарналарын төлейді. Мұнда қызметкер нақты бенефициар боп саналады.
Тұрғылықты елдің коды
Ақша алушы немесе жөнелтуші Қазақстанның резиденті болып табылмаса, төлем құжаттарында оның тұрғылықты елінің екі әріптен тұратын коды көрсетіледі (мысалы, Қазақстанның коды — KZ). Бұл банк бөлімшелері арқылы да, интернет-банкинг немесе мобильді қолданба арқылы да аудару кезінде міндетті болып табылады. Мысалы, Jusan Business-те төлем нысанындағы «Ел» өрісінде ақша алушы елдің сәйкес коды таңдалады.
ӘА мен БТ-ны аударуға арналған төлем тапсырмасының форматы
Егер бұрын сізге қызмет көрсететін банк әлеуметтік аударымдарды төлеген кезде МТ-102 файлына қосымша қызметкерлердің тізімін сұраса, жаңа стандарт бойынша мұндай қажеттілік жойылады. ISO 20022 бойынша МТ-100 мен МТ-102 орнына бірыңғай жиынтық төлем тапсырмасы пайдаланылатын болады.
ISO 20022 стандартының енгізілуі шетелдік әріптестермен жұмыс барысын жеңілдетеді. Сілтемені басып, төлем құжаттарының жаңа нысандарымен танысуға болады.