Бизнес туралы мақалалар

ЭҚЖЖ-ны өзгерту

ЖК мен ЖШС-ның қызмет түрлерін өзгерту

ЭҚЖЖ-ны өзгерту

Мақаланың мазмұны

ЭҚЖЖ — экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші. Бұл кәсіпкерлік қызметтің  барлық түрлерінің тізімі. Бизнесті ашпай тұрып, оған лайықты ЭҚЖЖ-ны таңдау керек. Бизнесті жүргізгенде ЭҚЖЖ-ны өзгертуге де болады. ЖК мұны екі жолмен жасай алады: статистика комитетінің сайтындағы респонденттің кабинеті мен электрондық лицензиялау сайты арқылы. ЖШС ЭҚЖЖ-ны тек статистика комитетінің сайты арқылы өзгерте алады.

Респонденттің кабинеті

ЖК мен ЖШС ЭҚЖЖ-ны статистика комитетінің сайты арқылы өзгерте алады.

ЭҚЖЖ-ны өзгерту реті:

  1. Респондеттің кабинетіне ЭЦҚ көмегімен кіріңіз.
  2. «Жеке деректер» қойындысын таңдаңыз.
  3. Беттің төменгі оң жақ бұрышындағы «Редакциялау» батырмасына басыңыз.
  4. Ашылған терезеде қажет ЭҚЖЖ-ны таңдап, өндірілген өнімнің көлемін көрсетесіз. «Өзгеріс маусымдық сипатқа ие» → «Жоқ».
  5. Төменгі оң жақ бұрыштағы «Сақтау» батырмасына басыңыз.
  6. Байланыс тұлғаның ЖСН-ын мен электрондық поштасын енгізесіз. 

Егер деректердің барлығы дұрыс енгізілсе, жүйе сұрауыңызды өңдеуге қабылдайды.

Сіз сұрауыңыздың қай мәртебеде тұрғанын «Деректерді өзгертуге сұранымдар» жолындағы төменгі оң жақ бұрышындағы сілтемелерге басып, көре аласыз. 

Сұрауыңыз өңделіп жатқанда, қосымша деректер өңделмейді — бұл функция жүйемен бұғаттанады. Тек ағымдағы сұраудың өңдеуі аяқталғаннан соң деректеріңізді түзету мүмкіндігі пайда болады.

elicense.kz сайты

ЭҚЖЖ-ны электрондық лицензиялау сайты арқылы тек ЖК өзгерте алады. 

ЭҚЖЖ-ны өзгерту шаралары:

  1. Жеке кабинетіңізге ЭЦҚ көмегімен кіріңіз.
  2. Басты мәзірдегі «Қызмет көрсету» қойындысын таңдаңыз.
  3. Ашылған тізімнен «Хабарлау тәртібі» → «Дара кәсіпкер ретінде қызметті бастаған туралы хабарлама» жолын таңдаңыз.
  4. «Дара кәсіпкердің тіркеу мәліметтерді өзгертуге туралы хабарлама» жолын таңдаңыз.
  5. «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасын басыңыз.
  6. Лицензиарды яғни ЖК тіркелген салық органын таңдаңыз.
  7. Жаңа өтінішті «Жаңа» батырмасын басып жасаңыз.
  8. Ашылған терезеде ЖК туралы жалпы ақпарат көрсетіледі. Бұл терезені «Мемлекеттік кірістер органына сұрау салу» блогына дейін жылжытып, «Жіберу» батырмасын басыңыз.
  9. Деректерді өзгерту мүмкін болғанымен төменгі оң жақ бұрышындағы «Әрі қарай» батырмасын басыңыз.
  10. ЖК туралы деректерді енгізіп, төменгі оң жақ бұрышындағы «Әрі қарай» батырмасын басыңыз.
  11. «Негізгі ЭҚЖЖ*» жолындағы ашылған тізімнен өзгертілген ЭҚЖЖ-ны таңдаңыз, төменгі оң жақ бұрышындағы «Әрі қарай» батырмасын басыңыз
  12. Хабарламаға ЭЦҚ көмегімен қол қойып, сұрауды жіберіңіз.

Хабарламаңыз қай мәртебеде тұрғанын жеке кабинетіңіздің «Өтініштер мен алынған қызметтердің тарихы» бөлімінде тексере аласыз. Сол жақтағы тақтада «Хабарламалар» қойындысын таңдаңыз. Ашылған терезенің төменгі жағында жіберілген хабарламалар мен олардың мәртебесі бар кесте орналасқан. Лупа белгісіне басып, талон қабылданғаны туралы мен талонның өзін (екі тілде) көшіре аласыз. 

Туындауы мүмкін қиындықтар

Өзгертілген ЭҚЖЖ компанияның салық салу жүйесімен сәйкес келмеуі мүмкін. Мұндай жағдайда ЭҚЖЖ-ны өзгерту сұрауы қабылданбайды. Салық салу жүйесіне лайықты ЭҚЖЖ-ны таңдауға немесе салық салу жүйесін өзгертуге болады.

Қажетті ЭҚЖЖ-ны таңдау барысын телеграмдағы боттың көмегімен жеңілдете аласыз.

Респонденттің кабинеті

Электрондық мекенжайыңыз қате енгізілгенде қате туралы хабар пайда болады.

Байланысушы тұлғаның ЖСН-ы қате енгізілгенде немесе Халықтың статистикалық тіркелімінде жоқ болғанда қате туралы хабар пайда болады. ЖСН дұрыс енгізілгенде «Байланысушы тұлға» жолында ЖСН иегерінің аты-жөні пайда болады.

Өзгерістерді сақтау кезеңінде қате туралы хабар шығуы мүмкін. Мұндай жағдайда ЖК мен өзгертілген ЭҚЖЖ туралы деректерді қайта тексеріп, «Сақтау» батырмасын қайта басыңыз.

elicense.kz сайты

Кабинетіңізге ЖК ретінде кірмесеңіз, «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасы қолжетімсіз болады. Бұл қызметпен тек ЖК қолдалана алатын туралы жазба пайда болады.

Профиліңіздің деректерін жаңарту:

  1. Басты беттегі «Профайлды редакциялау» қойындысына өтіңіз.
  2. «Сіз шағын кәсіпкерлік субъектісі болып табыласыз ба?» жолында «Иә» нұсқасын таңдап, «Сақтау» батырмасын басыңыз.

Жүйемен көрсетілген сол жақтағы тақтаның жолдарына мекен-жайы, нақты мекен-жайы мен банк шоты туралы ақпаратты енгізу қажет болады. Бұл деректерді енгізіп, сақтағаннан кейін терезенің жоғарғы жағында ЖК ретінде кіргеніңіз көрсетіледі.

 

 

ЭҚЖЖ-ны онлайн өзгерте аласыз. Бұл тегін. ЖК мен ЖШС статистика комитетінің сайтындағы респонденттің кабинетінде хабарлама жіберіп, ЭҚЖЖ-ны өзгерте алады. Мұны электрондық лицензиялау сайты арқылы тек ЖК жасай алады. ЭЦҚ көмегімен сайттарға кіріп, сұрауға қол қойылады.