OTP картасы деген не
Құрылғының маңызы және оны шығарып алу жолдары
Аслан Мырзағалиев
Lead Product Owner Jusan Business
Мақаланың мазмұны
Кейде төлемдерді жылдам растау керек кезде мобильді байланыс істемей қалатын жағдай болып қалады. OTP картасы — дәл сондай жағдайға арнайы ойлап табылған бір-ақ рет жарамды бірегей код жасайтын құрылғы. Ондай код банк операцияларын әдеттегі SMS кодының орнына растайды. OTP картасын қалай шығарып, пайдалану керек екені туралы осы мақалада айтып береміз.
OTP картасы не үшін керек
Біріншіден, ол SMS кодының баламасы. Мысалы, егер сіз шетелде жүріп, телефоныңызға растау кодын ала алмай жүрсеңіз, OTP картасымен шоттарыңызға оп-оңай кіріп қажет операцияларды орындай алатын боласыз.
Екіншіден, сіз бұл картаны ыңғайлы әрі қауіпсіз пайдалана аласыз. Карта арқылы жасалатын бірегей OTP кодын бір-ақ рет қолдануға болады. Ол код 30 секунд ішінде жарамды болып, уақыт біткен кезде қайта жаңарады. Яғни, кодыңызды хакерлер ұрлап алса да, пайдаланып үлгермейтін болады.
Jusan Business OTP картасын тек веб-нұсқада ғана пайдалануға болады. Ол жеке кабинетке авторизациялануға және төлем құжаттарына, хаттарға, анықтамаларға компания басшысы атынан қол қоюға қажет.
OTP картасын шығарып алу жолдары
OTP картасын кез келген Jusan Business филиалында жылдам, ыңғайлы әрі тегін ашуға болады. Бұл карта PIN кодын (4 цифр) енгізуге арналған пернетақта мен OTP құпия санын (6 цифр) көрсететін дисплейі бар калькуляторға немесе пластик картаға ұқсас келеді.
OTP картасын бірінші рет шығару және оған қызмет көрсету — тегін. Карта ішкі аккумулятор қуатымен істейді. Оны қолдану жиілігіне және сақтау жағдайына қарай үш жылдан бес жылға дейін пайдалануға болады. Картаны қайта шығару үшін 10 мың теңге төлеу керек, ал банк тарифтерін толығырақ Jusan Business сайтында «Құжаттар» → «Тарифтер мен мөлшерлемелер» бөлімінде оқуға болады. OTP картасы тек компания басшысына ғана шығарылады.
OTP картасын пайдалану тәртібі
Картаны пайдалану үшін мынаны істеу керек:
- Қосу батырмасын басып, картаны іске қосыңыз.
- Төрт саннан тұратын PIN кодын енгізіп, «Ок» батырмасын басыңыз.
- «Ок» батырмасын қайта басыңыз.
- Жеке кабинетке кіру үшін дисплейдегі кодты 30 секунд ішінде енгізіңіз.
- Болды! Енді сіз мобильді байланыс болмаған кезде де аударымдар мен төлемдерді жөнелте алатын боласыз.
Қауіпсіздік талаптары
PIN кодын карта алған мезетте орнатуға болады. Егер сіз OTP картасын жоғалтып алсаңыз, банк менеджеріне хабарласып, оны уақытша бұғаттаңыз да, жаңа карта шығарып алыңыз.
OTP картадағы хабарламалар
- Err1 — PIN коды қате енгізілді;
- Err2 — PIN коды екі рет қате енгізілді;
- Err3 — PIN коды үш рет қате енгізілді;
- Lock — PIN коды қате енгізілгендіктен карта уақытша бұғатталды.
Картаны бұғаттан шығару үшін банк менеджеріне 7711 нөмірі арқылы хабарласыңыз.
OTP картасы — бұл транзакцияларды SMS кодысыз жүргізуге көмектесетін кәсіпкерлерге арналған ыңғайлы құрал. Картаны Jusan Business филиалында тегін шығарып алып, сіз банк операцияларын кез келген уақытта оңай растай алатын боласыз.