Бизнес туралы мақалалар

Jusan Дүкенінде сауда жасау жолдары

Сатушыларға жеке қолдау көрсету, төмен комиссиялар мен тұрақты клиенттер ағыны

Jusan Дүкенінде сауда жасау жолдары
Антон Соколов

Антон Соколов

Jusan Дүкенінің өнімдерді дамыту директоры

Мақаланың мазмұны

Jusan Дүкені — бұл тауар мен қызмет сатуға арналған электронды сауда платформасы. Платформа екі негізгі қызметті — маркетплейсте немесе QR Lite тауарды несиелеу қызметі арқылы онлайн сату мүмкіндігін ұсынады. Маркетплейсте тұрмыс техникасы мен киімнен бастап, бағдарламалау курстары мен туристік жолдамаларға дейін 3 500 санатқа бөлінген миллиондаған тауар сатылады. Jusan Дүкенінде тіркелу жолын, онда нені сатуға болатыны және шарттары туралы осы мақалада айтып береміз.

Маркетплейсте тіркелу тәсілі

Jusan Дүкенінің серіктесі Қазақстандағы 18 жастан асқан кез келген кәсіпкер — ЖК немесе ЖШС бола алады.

ЖК үшін 10 минуттық тіркелу

  1. Jusan Business қолданбасын орнату немесе ib.jusan.kz сайтына өту.
  2. Банк шотын онлайн ашу.
  3. «Тағыда» → «Өнімдер мен ұсыныстар» мәзіріне өтіп, Jusan Дүкені бөлімін ашу.
  4. Электронды поштаңызды енгізу, банк шотын және қаланы таңдау арқылы өтініш жіберу.
  5. Тіркелгеннен кейін 5 минут ішінде электронды поштаға сатушының жеке кабинетіне кіру үшін толық нұсқаулар мен керек деректер жазылған хат жіберіледі.
  6. Кабинетке кіріп, қажетті өрістерді (жеткізу, тапсырыстарды беру пункті, т.б.) толтырып, тауарларды қосу.
  7. Дайын! Енді сауда жасасаңыз болады.

 

Маркетплейсте сатуға болатын тауарлар

Онлайн дүкенде Қазақстан заңнамасында тыйым салынбаған заттардың барлығын сатуға болады. Ең бастысы — тауарыңыз берілген сипатына сай болуы тиіс.

Ол үшін сатушылар арнайы офертаға қол қойып, тауар туралы жалған ақпарат бермеуге міндеттеледі. Jusan Дүкені тауар сертификаттарын тексере алады немесе тұтынушылардан немесе авторлық құқық иелерінен шағым түскен жағдайда тергеу жүргізе алады.

Егер тауарды қосу кезінде кәсіпкер оның қажетті санатын таппаса, онда қолдау көрсету қызметіне хабарласу керек.

Комиссиялар

Сатушы әрбір сатылған тауар немесе қызмет үшін Jusan Дүкеніне комиссия төлейді. Комиссия мөлшері тауар санатына және сатып алушы таңдаған төлем әдісіне — картамен, несиеге немесе бөліп төлеуге байланысты.

Кез келген банктің картасымен төлеу үнемі қолжетімді, ал несие және бөліп төлеу тек 10 000 теңгеден жоғары тауарларға қолжетімді. Бөліп төлеу мерзімдері (0-0-3 / 0-0-6 / 0-0-12 / 0-0-24) маркетплейстегі науқандар кестесіне сәйкес қолжетімді (Сатушы кабинетіндегі «Науқандар кестесі» бөлімі).

Комиссияны есептеу мысалы

Тауар бағасы — 10 990 теңге. Сатып алушы 0-0-6 (комиссия 12%) бөліп төлеуді таңдады.

Комиссия мөлшері = Тауар бағасы × Комиссия пайызы = 10 990 × 12% = 1319 теңге

Төлем мөлшері = Тауар бағасы – Комиссия мөлшері = 10 990 – 1319 = 9 671 теңге

Ағымдағы комиссияларды ресми телеграм арнасынан бақылауға болады.

Тауарды жеткізу

Сатушылар тапсырыстарды жеткізудің ыңғайлы әдісін  — JPost маркетплейс қызметін немесе өздігінше тасымалдауды таңдай алады.

JPost — Қазақстанның 30 қаласына тапсырыстарды жеткізетін Jusan Дүкенінің логистикалық компаниясы. Өз курьерлер штаты мен серіктестермен келісімі бар (СДЭК, Tastamat постаматтар қызметі және т.б.).

Сонымен қатар, тауарды алып кету де, оны жеткізу де тегін болады, бірақ сатушы бағдарламалық-техникалық қызметтердің ақысын төлеуге тиіс. Осыған байланысты жеткізу бағасы тұрақты және тауар өлшемдеріне байланысты болады.

Тарифтер

Ірі тауарлар

2290 ₸ Қала ішінде

2890 ₸ Қаладан қалаға

Шағын тауарлар

590 ₸ Қала ішінде

990 ₸ Қаладан қалаға

Сатушы тарифке екі жағдайда төлемейді: бағасы 5000 теңгеге дейінгі тауарлар үшін және жеткізу постаматтарға жасалған болса (тауардың бағасы кез келген болуы мүмкін).

Тауардың ірі ауқымды немесе шағын ауқымды екенін анықтау үшін екі шаманың үлкенін — нақты салмағын немесе көлемді салмағын (21 кг-дан жоғары не төмен) таңдау керек.

Көлемді салмақ мына формула бойынша есептеледі:

Ұзындығы, см × Ені, см × Биіктігі, см ÷ 5000 = Көлемді салмақ, кг

Егер кәсіпкер көлемді тауарларды сатса, оларды формула бойынша тексерген дұрыс.

Сатушы кабинетінің сипаты

Сатушы кабинетінде тапсырыстарды қабылдау-жеткізуден бастап, жаңа қызметкерді қосуға дейінгі барлық жұмысты орындауға болады.

Кабинет сегіз негізгі бөлімнен тұрады:

  • Басты бет (Главная) — Jusan Дүкенінде жұмыс істеу туралы егжей-тегжейлі нұсқаулар
  • Тапсырыстар (Заказы) — тапсырыстар туралы негізгі мәлімет;
  • Көшірме (Выписка) — тапсырыстардың қаржы мәліметтері;
  • Тауарлар (Товары) — сатушының тауарлар тізімі мен бағалармен және қалдықтармен жұмыс жасау бөлімі;
  • Тарифтер (Тарифы) — төлем тәсіліне және санатына қарай белгіленген комиссиялар;
  • QR Lite — басқа банктердің клиенттеріне бөліп төлеуге сату мүмкіндігін беретін қызмет;
  • Баптау (Настройки) — дүкен функционалын сатушыға ыңғайлы етіп өзгерту;
  • Науқандар кестесі (График акций) — дүкеннің науқандары мен іс-шаралары бойынша ақпарат.

Тауарларды дүкенде жайғастыру

Тауарларды өздігінше оңай жайғастыруға болады. «Тауарлар» («Товары») парақшасында «Тауар қосу» («Добавить товар») бөліміне өтіп, іздеу арқылы қажет картрчканы табыңыз — маркетплейсте сатуға дайын 3 миллионнан астам тауар бар.

Егер сіз керек карточканы таппасаңыз, оны өзіңіз оңай қоса аласыз. «Жаңа тауар енгізу» («Создать новый товар») парақшасында қажет санатты, сипаттамаларды таңдап, фотосуретті жүктеңіз. Маркетплейс қызметкерлері модерация өткезгеннен кейін тауар сатуға дайын болады.

Жүктелген тауарлардың барлығын «Тауарлар» → «Менің тауарларым» («Товары» → «Мои товары») бөлімінде көруге болады. Бағалар мен қалдықтармен жұмыс істеу үшін «Бағалар мен қалдықтарды жаңарту» («Обновление цен и остатков») бөліміне өтіңіз — мұнда сіз өзіңіздің деректеріңізбен толтырылған прайс-парақты жүктеп, бағаларды, жеңілдіктер мен қол жетімділікті реттей аласыз.

Саудадан түскен ақшаны шығарып алу

Сатылған тауарлар мен қызметтердің ақшалары сатушының Jusan банкіндегі есеп шотына сатып алушының тауарды қолына алғанын растағаннан кейін түседі. Қаражат шотқа тек жұмыс күндері ғана 30 минут ішінде аударылады. Оны жұмсау үшін Jusan Business-тің мобильді қолданбасына немесе интернет-банкингіне өтіп, төлем мақсатын енгізе отырып аударуға болады. Болмаса, Jusan Business корпоративті картасын ашып, ақшаны соған аударып, банкоматтан шешіп алуға болады.