Бизнес туралы мақалалар

Кәсіпкердің инвестор болу жолдары

Инвестициялық құралдар мен инвестициялық қоржын туралы

Кәсіпкердің инвестор болу жолдары
Жанибек Бармагамбетов

Жанибек Бармагамбетов

Jusan Invets маркетинг департаментінің директоры

Мақаланың мазмұны

Сақтау не көбейту мақсатымен салынған қаражат инвестиция деп аталады. Инвесторлар қаражатты бизнеске салып, пайда табады. Бизнесті ашып жүргізгенде инвестициялар қаржылық қолдау қызметін атқарады. Инвестиция екі жаққа да пайда әкеледі. Инвестор болу үшін қаражат салу жеткілікті.

Инвестициялардың түрлері мен инвестициялық қоржын неден тұратыны туралы айтамыз.

Инвестициялардың түрлері

Инвестициялар бірнеше өлшеммен жіктеледі: инвестициялық объектілер, кіріс түсімі, жүзеге асу мерзімі мен тәуекел деңгейі.

Инвестициялық объектілер бойынша:

  • нақты — физикалық объектілерге салынған қаражат. Мысалы, жылжымайтын мүлік, көлік пен зергерлік бұйымдар;
  • қаржылық — банк салымдары, биржада бағалы қағаздармен сауда жасау;
  • венчурлік — стартаптың құндылығы болашақта көбейеді деген үмітпен, оның бастапқы кезеңінде салынған қаражат. 

Кіріс түсімі бойынша:

  • тұрақты — тұрақты кірісі бар инвестициялар. Мысалы, банктегі депозит немесе жалға берілетін жылжымайтын мүлкіңіз;
  • біржолғы — табыс тек бір рет түседі: акцияны немесе жылжымайтын мүлікті сату. 

Жүзеге асу мерзімі бойынша:

  • қысқа мерзімді — бір жылға дейін;
  • орташа мерзімді — бір жылдан бес жылға дейін;
  • ұзақ мерзімді — бес жылдан жоғары.

Тәуекел деңгейі бойынша:

  • тәуекелділігі төмен инвестициялар — төмен, бірақ тұрақты кірісі бар салымдар. Мысалы, банктегі депозит: сізге тұрақты түрде белгілі сома түсіп тұрады, бірақ мұндай кіріс басқа инвестициялардан түскен кірістен төмен; 
  • тәуекелділігі орташа инвестициялар — жылжымайтын мүлікті мысалға келтірейік. Банк салымдарына қарағанда кірістің тұрақтылығы төмендеу. Үйді жалдап отырған тұрғындар кез келген сәтте көшіп кете алады. Тіпті жағажайдағы жазғы үйлерді жалға берген маусымдық болып табылады;
  • тәуекелділігі жоғары инвестициялар — мысалы, криптовалюта. Мұндай инвестициялар тұрақты кіріске кепілдік бермейді. Криптовалютаның құны күрт өсуі де, құлдырауы да мүмкін.

Бизнеске немесе бизнестің инвестициялары туралы сөз қозғалғанда көбінесе акция, облигациялар мен тағы басқа бағалы қағаздар туралы айтады. Бағалы қағаздар инвестициялық құралдар болып табылады.

Акциялар  

Бұл компанияның бағалы қағазы. Акцияны сатып ала отырып, компанияның және оның табысының белгілі үлесіне иеленесіз. Демек, компанияның ортақ иеленушісі болып саналасыз. Компанияның табыстылығы өскенде акцияның құндылығы да көбейеді. Мұндай жағдайда акцияны бұрын сатып алған бағасы мен қазір сатылған бағасының айырмасы кірісіңізді құрайды. Бұл инвестициядан түскен кіріс біржолғы табысқа жатады. Компанияның табыстылығы азайғанда акцияның құндылығы да төмендейді. Мұндай акцияны сатқаннан табыс түспейді. 

Акцияларды сатудан басқа олардан тұрақты түрде түсетін табысты дивидендтер, яғни компанияның белгілі кезеңдегі табысының пайызын құрайды. Акциялар мен дивидентдердің мөлшері олардың түрлеріне байланысты. Төлем шарттары компанияның жарғысында көрсетіледі.

Компанияның акцияларын сатып алғанда бизнестің табысы төмендеп, банкротқа шығу қаупін есепке алуға қажет. Мұндай жағдайда акция иесіне кіріс түспейді.

Акцияларды кез келген уақытта сатуға болады. Олардың белгілі қолдану мерзімі жоқ. 

Облигациялар

Компанияның облигацияларына жұмсалған қаражатыңыз оған қарызға беріледі. Бұл да компанияның бизнесіне салынатын инвестиция боп саналады. Облигациялардың белгілі қолдану мерзімі мен тұрақты төлемдері, яғни купондары бар. Осымен акциялардан ерекшеленеді.

Облигациялардың қолдану мерзімі аяқталғанда, бизнеске салынған соманы қайтарып аласыз.

ИПҚ-лар

Инвестициялық пай қоры (ИПҚ) — бірнеше инвесторлардың қаражаттары бірге акциялар, облигациялар мен басқа бағалы қағаздарға инвестициялау мақсатымен біріктірілетін қор. 

Қаражатын ИПҚ-ға салған инвестор пайшы не үлескер болып атанады. Ол пай деген бағалы қағазға иеленеді. Бұл қағаз пайшының қор активтерінің үлесіне құқығын растайды.

Басқарушы компания (БК) ИПҚ-ның қаражатына билік етеді. Бұл қаражат қатаң түрде берілген инвестициялау стратегиясы — қордың инвестициялау жолдары көрсетілген құжат бойынша инвестицияланады. 

Өз пайын сатқанда пайшыға кіріс түседі. Түскен кірістің мөлшері қор активтерінің құндылығының өзгерістеріне, сондай-ақ олардан түсетін басқа төлемдерге (дивендендтер, купондық төлемдер) байланысты.

Jusan Invest пен бірге ИПҚ-ларға инвестиция жасаңыз — қолданбаны жүктеп, нұсқауларды орындаңыз. 

Валюта

Мысалы, бүгінгі күні 1$ = 450₸.

Сіз 900 теңгені 2 долларға айырбастадыңыз. Бір аптадан кейін 1 доллардың құны 500 теңгеге сай болды. Енді 2 долларды қайта теңгеге айырбастағанда сіз 1000 теңге аласыз. Демек, сізге валюта инвестициясынан 100 теңге кіріс түсті.

Валютаның құндылығы бір аптадан кейін төмендеуі де мүмкін. Бұл жағдайда ивнестициядан кіріс түспейді. Мұндай тәуекелді де есепке алу қажет. 

Қымбат металдарға инвестициялау

Көбінесе алтын, күміс, платина мен палладийге инвестиция жасайды.

Қымбат металдардың құнындағы өзгерістер нарықтағы жағдай мен Ұлттық банкке байланысты. Сату мен сатып алатын бағаны банктердің өздері белгілейді.

Банкирлер мен зергерлер қымбат металдардың салмағын троя унциясымен өлшейді. Бір троя унциясы 31,1 граммға сәйкес. 

Валюта құнсызданып, тауарлардың бағасы өскенде (инфляция кезінде) қымбат металдардың да құны өседі.

Қымбат металдарды тек сатып алған бағасынан жоғары бағаға сатқанда кіріс түседі.

Инвестициялау жолдары

Қаражатты салғанда алдын ала инвестицияңыздын мақсатын анықтау керек. Өзіңізге қажет инвестицияның түрін белгілегенде оның тәуекел деңгейі мен табыстылығына ерекше назар аудару қажет. 

Тәуекел деңгейін төмендетіп кірістілікті арттыруға қаражатты инвестициялардың бірнеше түрлеріне белгілі ара қатынаста салу ұсынылады. Бұны әртараптандыру дейміз. Инвестициялардың барлығы инвестициялық қоржынды құрайды.

Мысалы, инвестицияларыңыздың жалпы сомасы 100 мың теңгені құрайды — бұл инвестициялық қоржынның 100%-на тең. Оның ішінен акцияларға 20 мың теңге жұмсалды. Демек, инвестициялық қоржыңыздың 20%-ын акциялар құрайды.

Акциялардың жалпы құны төмендегенде қымбат металдардан және басқа инвестициялардан кіріс түсуі мүмкін. Сондай-ақ түрлі саладағы компаниялардың бағалы қағаздардын сатып алуға болады. Бұл экономикалық секторлар бойынша әртараптандыру деп аталады және инвестициялардан табысты жоғалту тәуекелін азайтады.

Бағалы қағаздарды арнайы сауда биржасында сатып алып, сатады. Биржада сауда жасауға арнайы брокерлік шотты ашып, оны толтыру керек. Алайда биржада активпен өз бетінше сауда жүргізуге болмайды. Делдалдарға — брокерлерге жүгінуге ұсынылады.

Қазақстандық нарықта екі қор биржасы бар: KASE мен AIX.

Jusan Invest арқылы брокерлік шотты ашу

Брокерлік шотты ашуға Jusan мобильді қолданбасын жүктеп, тіркелу қажет. Телефон нөмірі мен ЖСН-ды енгізесіз. «Инвестициялар» бөліміндегі «Шот ашу» батырмасын басып, одан арғы нұсқаулықтарды орындаңыз. 

Шотты ашу процесі 1 жұмыс күннен 3 жұмыс күніне дейін созылуы мүмкін.

Брокерлік шотты Jusan Invest арқылы тек Қазақстан Республикасының азаматтары мен тұруға ықтиярхаты бар шетелдіктер аша алады. Шотты ашып жүргізу — тегін.

 

Жылжымайтын мүлікке, валютаға, бағалы қағаздарға немесе қымбат металдарға инвестициялауға болады. Қаражатты салғанда инвестицияның табыстығы мен тәуекел деңгейіне ерекше назар аударылады. Тәуекел деңгейін төмендетіп, табыстылықты көбейту үшін инвестициялық қоржынды жинайды — қаражатты инвестицияның бірнеше түріне белгілі арқатынаста салады. 

Инвестициялар бизнесті ашу мен одан әрі дамыту кезінде пайда әкеліп, қаржылық қолдау ретінде қызмет етеді.