Кассалық алшақтық деген не және оның алдын алу жолдары қандай
Кассалық алшақтықтың себептері, оның алдын алу және жабу жолдары туралы әңгімелейміз
Мақаланың мазмұны
Контрагенттер төлемдерін кешіктіріп, ал компанияның шотында салықтарды, жалдау ақысын, қызметкерлердің еңбекақаларын төлейуге қаражат жетпей қалған жағдайға тіпті ең белсенді бизнес те ұшырауы мүмкін. Мұндай ахуал кассалық алшақтық деп аталады.
Кассалық алшақтық деген не
Кассалық алшақтық — бұл ақша түсу және төлемдерді төлеу мерзімдері бір біріне сәйкес келмей, бизнес иесінің міндетті төлемдерді төлеуге ақшасы жетпей қалғанда туындайтын жағдай. Көбінесе ол тауар сатылып немесе қызмет көрсетіліп қойғанда, бірақ клиент оның ақысын кейін төлеуі керек болғанда пайда болады.
Кассалық алшақтықтың пайда болу себептері
Кассалық алшақтық шағын жеке кәсіпкерлікте де, үлкен табысты компанияда да пайда болуы мүмкін. Оның себептері бірнеше:
- Бюджетті қате бөлу — төлем кестесі болмай, шығындар мен кірістерді жоспарлау кезінде қателіктер туындағанда.
- Алдын-ала төлеу арқылы сатып алу — кәсіпкер тауарлар немесе қызметтер үшін алдын-ала төлеп қойып, басқа шығындарға қаражат жеткізе алмағанда.
- Клиенттерге төлеу мерзімін ұзартуға немесе бөліп төлеуге келісім беру — бюджет жүйесіне тәуелді болған және төлемдерді уақытында төлей алмайтын контрагенттермен жұмыс істегенде.
- Маусымдық бизнес — тауарлар мен қызметтерге деген сұраныс белгілі бір маусымға байланысты болып, жұмыс баяуланған уақытта табыс болмай қалғанда.
- Өткізілмей қалған өнім — компания көп тауар сатып алып, оны сата алмай қалғанда.
- Форс-мажор жағдайлары — адам әрекетіне қатысы жоқ экономикалық, саяси немесе экологиялық жағдайлар туғанда. Мысалы, шекаралардың жабылуы, басқа елдермен сауда жасауға тыйым салу, санкциялар, жер сілкінісі, өрт немесе соғыс қимылдары.
Кассалық алшақтықты қалай есептеуге болады
Кассалық алшақтықты есептеуге, болжауға және болдырмауға болады. Ол үшін арнайы формула бар:
қаражат қалдығы = кезең басындағы сома + кіріс ақша − шығын
Кезең ретінде бір күнді, жұманы немесе айды алуға болады. Бұл деректер кемінде екі жұмада бір жаңартылып отырса, кассалық алшақтықты уақытында байқап, оның алдын алуға тырысуға болады.
Кассалық алшақтықты қалай болдырмауға болады
Кассалық алшақтықты болдырмау үшін күнделікті қаржы процесстерін қадағалап отыру керек:
- Қаржы айналымын жоспарлау — төлем кестесін құрып, төлемдердің кезегін, яғни, алдағы түсімдер мен шығындардың мерзімдері мен сомаларын белгілеп отыру.
- Қарыздарды басқару — шотта әрдайым қаражат болуы үшін клиенттерден алдын-ала төлем алып, жеткізушілермен бөліп төлеуге келісіп отыру.
- Келісімшарттарда айыпақы мөлшерін бекіту — контрагенттер төлемдерін кешіктіргені үшін жауапкершілік тартуы үшін.
- Қаржы қорын ұстау — түскен табыстың бір бөлігін күтпеген жағдайларға сақтап, жинап отыру.
Кассалық алшақтықты қалай жабуға болады
Кассалық алшақтықты жабудың бірнеше жолы бар:
- Тұра тұратын шығындарды қысқартып, алшақтықты үнемделген ақша есебінен жабу.
- Жеткізушілермен және мердігерлермен төлемдердің мерзімін ұзарту туралы келісу, мысалы, төлем мерзімдерін ауыстыру туралы қосымша келісім жасау. Немесе қызметкерлермен ай сайынғы еңбекақының кешіктірілетіні жөнінде келісіп, қаражатты еңбекақы қорынан алу.
- Банктен кредит алу. Кейбір банктер овердрафт деген арнайы қызмет көрсетеді, ол ақшалай шығынға ұшыраған кәсіпкерлерге арналған жаңартылатын кредит желісі болып табылады.
Овердрафт
Овердрафт — бұл шоттан қалдық мөлшерден асатын соманы төлеуге мүмкіндік беретін қысқа мерзімді жаңартылатын банк кредиті. Овердрафт «артық жұмсау» деп аударылады. Оның кәдімгі кредиттен басты айырмашылығы — өтеу мерзімінің қысқа болғаны.
Овердрафт қаражатын шешіп алуға немесе басқа шоттарға аударуға болмайды, бірақ оны бизнеске байланысты қажеттіліктерге жұмсауға болады. Мысалы, жалдау ақысын, қызметкерлер еңбекақысын немесе салықтарды төлеуге болады.
Овердрафт негізгі шотқа қосылады, сондықтан да пайдаланылған соманы өтеу шотқа қаражат түскенде іске асады. Мысалы, егер компания шотында 300 000 теңге ғана қалса, ал жалдау ақысына тағы 150 000 теңге жетпей жатса, осы айырманы овердрафттың көмегімен төлеуге болады.
Jusan Business арқылы овердрафт алу
Овердрафтты Jusan Business-те қосуға болады. Ол үшін Jusan банкінде бизнеске арналған шот ашып, немесе ондағы бар шотты пайдаланып, сәйкес өтінім беріп, банктің оң шешімін күту қажет. Кредитті бизнестің жалпы айналым қаражатын толықтыру үшін немесе POS-терминалдың айналым қаражатына толықтыру үшін тек қана теңгемен алуға болады. Оны заем мерзімінің соңыда немесе овердрафт қосылған банк шотына ақша түскенде бірден өтеп шығуға болады.
Jusan Business арқылы овердрафт алудың шарттары:
- сомасы — 100 млн тенге дейін;
- мерзімі — 30 күнге дейін;
- кепілсіз;
- кредит желісінің мерзімі — 12 айға дейін.
Кассалық алшақтық туындаған кезде нені істемеген жөн
Кассалық алшақтық өте ыңғайсыз, бірақ түзетуге болатын уақытша жағдай. Одан шығынсыз құтылу үшін ағат шешімдерді қабылдаудан сақ болу керек. Мысалы, бағаларды көтермеген немесе төмендетпеген жөн, себебі кассалық алшақтықты жапқаннан кейін ондай әрекеттер сауда мен бизнеске теріс ықпал тигізетін болады. Сондай-ақ компания мүлкін сатуға асығудың керегі жоқ — кейін оны сол бағаға сатып алу қиын болуы мүмкін.