Бизнес туралы мақалалар

Қазақстанда валюталық келісімшарттармен жұмыс істеу

Келісімшарттарды рәсімдеу, есепке қою және валюталық бақылау

Қазақстанда валюталық келісімшарттармен жұмыс істеу
Қайрат Садықов

Қайрат Садықов

Jusan Business-тегі барлық валюталық операцияларды басқарады

Мақаланың мазмұны

Тауарларды шетелден әкелетін компания сыртқы экономикалық қызметпен айналысады. СЭҚ түрлі елдердің өкілдері арасындағы бизнеспен байланысты кез келген ақша операцияларын қамтиды. Шетелдік компаниялармен жұмыс барысы бірнеше кезеңнен тұрады. Валюталық келісімшарттарды не үшін рәсімдеу керек, оларды қалай тегін тіркеуге болады және СЭҚ-ты тиімді жүргізу жолдары туралы осы мақалада айтып береміз.

Валюталық (сыртқы сауда) келісімшарт

Валюталық келісімшарт деп шетелдік компаниялармен ынтымақтастық шарттары, яғни тауарды төлеу тәсілі мен жеткізу мерзімі, олардың саны, әр тауардың бағасы және басқа сипаттамалары көрсетілген құжатты атайды. Келісімшарттар халықаралық төлемдер жасау үшін міндетті шарт болып табылады.

Қазақстандағы киім дүкенін елестетейік: компания Түркиядан тауар әкеледі. Сауданың табысты жүруіне сұраныс пен маусымдылық әсер етеді: жазғы маусымда қысқы күртешелер адамдарға онша керек емес. Сондықтан компания жеткізушіден күзгі күнделікті киім сатып алатынын келісімде көрсетеді. Осылайша, жеткізуші Түркиядан жүзуге арналған киім топтамасын жібереді деп алаңдамауға болады.

Төлем тәсілі де келісімшартта көрсетілген шарттың тағы бір мысалы болып табылады. Түркиядағы жеткізушіге төлемді теңгемен қабылдаған ыңғайсыз. Ол келісімде есеп айырысу доллармен жүргізілетінін көрсетті. Демек, доллармен жасалатын операциялар арнайы валюталық шот арқылы жүргізіледі.

Келісімшартты банкте есепке қою

Барлық алдын ала қадамдар жасалған сияқты: ынтымақтастық шарттары келісілген, келісімшарт жасалды, валюталық шот та бар. Бизнесті бастауға болады.

Алайда компания тауар үшін ақшаны Түркияға әзірге жібере алмайды: келісімшартты банкте тіркеу қажет. Валюталық келісімшарт Ұлттық Банкпен валюталық бақылау жүргізуге аккредиттелген банкке (мысалы, Jusan-да) жүгініп, өтініш беру арқылы есепке қойылады. Өтінішпен бірге валюталық келісімшарттың көшірмесі, инвойстар, жөнелтпе құжаттар және басқа да растайтын құжаттар қоса ұсынылады. Оларды тексергеннен кейін банк келісімшартқа оның бірегей нөмірін (КЕН) береді.

Назар аударыңыз: компания немесе клиент басқа банкке көшсе, валюталық шарттың есептік нөмірі өзгермейді.

Қандай валюталық келісімшарттарды тіркеу керек

Тауарлардың немесе көрсетілетін қызметтердің экспорты мен импортына арналған келісімшарттар

ҚР резиденті мен шетелдік контрагент арасында шетел валютасымен әрі шетелде есеп айырысумен тауарларды (қызметтерді) жеткізу.

10 мың доллардан асатын кез келген келісімшарттар екінші деңгейлі банкте тіркеледі. Сатып алу сомасы 50 мың доллардан асатын болса, банк КЕН-ді тағайындайды. Ал 500 мың доллардан астам болса, есептік нөмірді Ұлттық банк береді.

Кредит және қарыз алу не беру келісімшарттары

ҚР резиденті шетелдік компанияларға берген немесе керісінше олардан алған қарыздар мен кредиттер.

Мүлік пен бағалы қағаздарды табыстау келісімшарттары

Активтерді шетелдік қаражатқа айырбастауға беру. Мысалы, корей компаниясының акцияларын Қытайдағы ұйым сатып алды.

Валюталық бақылау

Сыртқы экономикалық операцияларды жүргiзу кезiнде заңдардың сақталуын тексеруді валюталық бақылау деп атайды. Валюталық бақылаудың негізгі кезеңдері:

  • тіркеуді тексеру — банк валюталық келісімшарттың тіркелгенін растайды;
  • операцияларды қадағалау — банк шот бойынша валюталық қаражаттың түсуі мен есептен шығарылуын қадағалайды және мерзімі мен сомасын бақылайды
  • Ұлттық банкке есеп беру — банктер өз клиенттерінің валюталық операциялары туралы есеп береді.

СЭҚ процестерін оңтайландыру

Сыртқы экономикалық қызметті жүргізу процесі өте күрделі. Jusan Business мобильді қолданбасының көмегімен оларды оңтайландыруға болады: валюталық шот ашуға, есептік нөмірі бар немесе онсыз валюталық келісімшарттарды тіркеуге, экспорттық кірістің түсуі туралы хабарламалар алуға және әріптестерге халықаралық төлемдерді жіберуге болады. Ақшаны жіберер алдында алушының деректемелерінің дұрыстығы pre-validation қызметі арқылы тексеріледі. Жұмыстың барлығы онлайн жүргізіледі.

Егер сіз Jusan Business компаниясының жаңа клиенті болсаңыз немесе 2023 жылдың 1 қазанынан 2024 жылдың 30 қыркүйегіне дейін келісімшарттар жасаспасаңыз — акцияға қатысыңыз.

2024 жылдың соңына дейін валюталық келісімшарттар мен келісімдерді тегін тіркеп, валюталық операцияларды жеңілдетілген бағам бойынша жүргізе аласыз.

Үйіңізден шықпай-ақ, Jusan Business шотын тегін ашып, банктің клиенті атана аласыз. Cілтемені басып, акция туралы толық ақпаратпен танысуға болады.

 

Қазақстандағы валюталық келісімшарттарды рәсімдеу және тіркеу мұқият назарды талап етеді. Жеткізу мен төлем қабылдауға байланысты мәселелерді болдырмау үшін ынтымақтастық шарттарын және валюталық бақылау ережелерін ескеру маңызды. Jusan Business мобильді қолданбасы шығындар мен уақытты оңтайландыруға мүмкіндік бере отырып, валюталық келісімшарттарды басқаруды едәуір жеңілдетеді.