Жаңа бастаған кәсіпкерге тендер ұтып алу жолдары
Жеңіске жеткізетін кеңестер
Самат Қазкенов
«MITWORK» ЖШС бас директоры
Мақаланың мазмұны
Тендерлер мен сатып алу алаңдары ірі компанияларға да, шағын компанияларға да табыс әкелетін құралдардың бірі болуы мүмкін. Бірақ нарыққа енді ғана шығып жатқан кәсіпкерлерге бұл саладағы процедуралар, қойылатын талаптар және жоғары деңгейдегі бәсеке үрей тудыруы мүмкін. Жеңіске жету үшін тендерге қалай дайындалу керектігін осы мақалада айтып береміз.
Сатып алуға дайындық
Тендерде жеңіске жету үшін дұрыс дайындалу керек. Дайындықты келесі қадамдардан бастауға болады:
Тендер кепілдігін дайындау
Кейбір тапсырыс берушілер сатып алу рәсімдеріне қатысудың міндетті шарты ретінде жеткізушілерден тендер кепілдігін, ал квазимемлекеттік сектордағы сатып алуларға қатысу үшін электрондық әмиянды толтыруды немесе электрондық банк кепілдігін шығаруды талап етеді. Бұл жеткізушінің сенімді екенін растайды және ол жеңіске жеткен жағдайда, өз міндеттемелерін орындайтынына кепілдік береді.
Конкурсқа қатысты құжаттаманы оқып шығу
Тапсырыс беруші сипаттамада қосымша шарттар қосу мүмкін, сондықтан келісімшарт бойынша олардың бәрін орындау үшін құжаттаманы дұрыстап оқып шығу қажет. Мысалы, сипаттаманың шарттарына сәйкес, жеткізушінің қызметкерлері штатта кемінде бір жыл болуы керек, яғни жұмысқа мердігерлерді жалдауға болмайды.
Егер жүкті басқа қалаға жеткізу қажет болса, онда логистиканың құнын қосу қажет. Жеткізу жасауға да ақша кетеді, бұл шығындар кәсіпкердің қалтасынан төленеді. Шығынға батпау үшін тапсырысты басқа жерге жеткізу тиімді ме, жоқ па, алдын ала есептеп алыңыз. Міндеттемелер уақтылы орындалуы керек, өйткені төлемді кешіктірген үшін өсімпұлдар мен айыппұлдар салынады.
Компанияның қаржы тұрақтылығына сенімді болу
Сатып алу сомасы 48 000 АЕК-тен (2024 жылы 177 216 000 теңге) асатын болса, тендерлерге қатысатын жеткізушілер қаржы тұрақтылығына тексеріледі. Қаржы тұрақтылығы келесі критерийлер бойынша бағаланады:
- Жеткізушінің өткен жылды санамағанда, алдыңғы үш жылдағы кірісі 400 000 АЕК-тен (2024 жылы 1 476 800 000 теңге) немесе сатып алу құнының 1/2-ін құрайды.
- Өткен жылды санамағанда, үш жыл ішінде төленген салықтардың мөлшерлемесі сол кезеңдегі кірістің кемінде 3%-н құрайды.
- Өткен жылды санамағанда, үш жыл ішінде жеткізушінің негізгі құралдарының орташа жылдық құны 400 000 АЕК-тен астам немесе сатып алу құнының кемінде 1/15-ін құрайды.
- Өткен жылды санамағанда, үш жыл ішінде қызметкерлердің жалақы қоры 400 000 АЕК-тен астам немесе сатып алу құнының кемінде 1/15-ін құрайды. Қаржы тұрақтылығы туралы толық ақпаратты ҚР квазимемлекеттік секторының Сатып алу Ережелерінен табуға болады.
Біз тендерлерге кім қатыса алатыны, қандай платформаларда лоттар іздеуге болатыны және қандай құжаттар дайындау керектігі туралы осы мақалада жаздық:
Тендерді ұтып алу жолдары
Дайындық аяқталғаннан кейін, ең бастысы — оған қатысу. Бұл жерде ешқандай қулық жоқ, заманауи электронды сатып алулар — бұл ашық түрде өтетін процесс. Бірақ жаңа бастаған кәсіпкерлерге бірнеше кеңестер бар, оларды ұстанған жағдайда нәтижеге жету мүмкіндігі көбейеді.
- Ең жақсы бағаны, жақсы шарттарды және жақсы тауарды ұсыну. Бірдей бағадағы тауарды одан да қысқа мерзімде жеткізу мен жақсы сипаттамаларды ұсынып көріңіз. Мысалы, тұтынушы core i5 компьютерлерін сұрайды, ал сіз бұл бағамен сол маркадағы core i7 компьютерін ұсына аласыз. Бұл тұтынушы бас тартпайтын тартымды ұсыныс.
- Тек сіз айналысатын іске қатысты тендерлерге қатысу. Қызметіңізге сәйкес келмейтін тендерлерге уақыт жоғалтудың қажеті жоқ. Мысалы, егер ЖК автоматты қақпалар орнататын болса, әйтеуір біреуді тауып аламын деп, терезелер орнатуға тендер алудың қажеті жоқ. Сіз өз салаңызға жатпайтын жұмысты алсаңыз, белгіленген мерзімге үлгермеу немесе жұмысты нашар орындау қаупі бар.
- Өтінімдерді өз қарқыныңызбен жіберу. Өтінімдерді соңғы сәтте — қабылдау аяқталғанға дейін бір сағат немесе тіпті бес минут бұрын берген дұрыс, өйткені бәсекелестер баға ұсыныстары біліп алып, бірнеше теңгеге төмен өтінім беріп, конкурсты жеңіп алады деген миф бар. Бірақ бұл олай емес. Мысалы, Еуразиялық электронды порталда барлық баға ұсыныстары ашылғанға дейін шифрланады. Бұл дегеніміз, ешкім, тіпті портал әкімшілері де жеткізушілердің баға ұсыныстарын қарап алып, басқаларға бере алмайтынын білдіреді — бұл техникалық жағынан мүмкін емес. Порталда ашық түрде ашу хаттамалары мен қорытындылар хаттамалары жарияланады. Қатысушылар сатып алуда кім және қандай бағамен жеңгенін біледі, бірақ хаттама ашылғаннан кейін ғана. Кез келген сыбайлас жемқорлық жағдайлары техникалық жағынан мүмкін емес.
Тауар өндірушілерді қолдау
Егер кәсіпкер тендерлерге енді ғана қатыса бастаса, оның бәсекелестердің арасында басты артықшылығы — отандық тауар өндіруші (ОТӨ) болу екенін білу маңызды. Мемлекет сатып алу рәсімдеріне қатысуды жеңілдететін және жеңіске жету мүмкіндігін арттыратын артықшылықтар мен жеңілдіктерді ұсынып, отандық өндірушілерді қолдайды:
- Тапсырыс беруші келісімшартқа қол қойғаннан кейін 30% мөлшерінде аванс төлейді, бұл жеткізушіге міндеттемелерді уақтылы орындауға көмектеседі.
- ОТӨ қамтамасыз етудің барлық түрлерінен босатылады: шарттың орындалуын қамтамасыз ету, демпингке қарсы шаралар қабылданған жағдайда аванс пен соманы беру.
- Келісімшарт бойынша міндеттемелерді тиісінше орындамағаны үшін тұрақсыздық айыбы келісімшарт сомасының 10-нан 3%-ға дейін төмендетіледі.
- Тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алуда әрқашан отандық өндірушілерге беріледі.
Тендерлер мен мемлекеттік сатып алуларға қатысу үшін отандық өндірушілер тізіліміне кіру керек және индустриялық сертификат алу керек.
Тендер нәтижелермен келіспеген жағдайда
Кәсіпкер тендер нәтижесімен келіспеген жағдайда, бірнеше шешім бар. ҚР Қаржы министрлігінде сатып алу үдерістерін бақылайтын Ішкі мемлекеттік аудит комитеті бар. Егер кәсіпкер оның өтініші заңсыз қабылданбағаны деп санаса немесе басқа бұзушылықтарды көрсе, онда ол осы Комитетке немесе оның аумақтық департаменттеріне шағымдана алады.
Сонымен қатар, тендер алаңдарда ережелердің сақталуын қадағалайтын «Адалдық алаңы» сияқты қоғамдық бірлестіктер бар. Олар сатып алу порталдарын бақылап, бұзушылықтар туралы хабарлайды, мысалы, техникалық құжаттамада жоғары талаптар қойылса немесе тым жоғары бағалар болса. Бақылауға прокуратура, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және тендерлер туралы ақпаратқа қолжетімді қоғамдық ұйымдар қатыса алады.
Тендерлерге қатысатын жаңа бастаған кәсіпкерлер дайындықтың керек екенін білгені жөн — өтінімнің талаптарға сәйкестігін тексеру керек, конкурсқа қатысты құжаттаманы оқып шығып, компанияның қаржы тұрақтылығын тексеру маңызды. Кәсіпкердің ең басты артықшылығы — бұл отандық өндірушілердің тізіліміне кіру.