Бизнес туралы мақалалар

Тендер кепілдігін алу жолдары

Тендер жеңімпазы тапсырыс берушіге өзінің төлеу қабілетін растап, конкурс құжаттамасындағы міндеттемелерін орындайтынына кепілдік береді

Тендер кепілдігін алу жолдары
Янина Мавлютова

Янина Мавлютова

lead product owner Jusan Business

Мақаланың мазмұны

Тендер кепілдігі — бұл тендерлер мен мемлекеттік сатып алу процедураларында пайдаланылатын ақшалай кепіл. Оның көмегімен тендерде ұтқан компания тапсырыс берушіге құжаттамадағы міндеттемелерді орындап шығатынына кепілдік береді. Кепілдік қандай жағдайда қолданылады және оны банкте қалай алуға болады — бұл туралы осы мақалада айтып береміз.

Тендер кепілдігінің мәні

Тендер кепілдігі — бұл сатып алу конкурстарына қатысу үшін банктен алынатын электронды құжат. Тапсырыс беруші оны әдетте жеткізушіден тауарды шынымен жеткізтініне немесе қызметті шынымен де орындайтынына сенімді болу үшін талап етеді. Егер жеткізуші тендер құжаттамасының шарттарын орындамаса немесе келісімшарт жасасудан бас тартса, банк тапсырыс берушіге кепілдікте жазылған айыпақыны өтейді. Бұл жерде клиент банкке кепілдік бергені үшін комиссия төлейтін болады, ал банк ол кепілдікті клиенттен қайтып ала алмайтын болады.

Оған мысал ретінде мына жағдайды қарастырайық: № 65 орта мектеп дене шынықтыру залына доп алуға конкурс жариялап, тендер алаңында хабарлама орналастырды дейік. «Доп» жеке кәсіпкерлігі лоттар арасында сол мектептің хабарламасын таңдап, банкпен байланысып, хабарламада жарияланған сомаға тендер кепілдігін шығарып алады. Ол не үшін керек: егер жеткізуші баға ұсынысын уақытында бермесе не қайтып алса, немесе қандай да бір себептермен келісімшарт жасасқысы келмесе, банк кепілдік негізінде мектепке өтемақы төлейтін болады. Содан кейін ИП доптарды ең төмен бағамен сатамын деп ұсыныс қояды, ал мектеп келген ұсыныстардың барлығын қарап шығып, «Доп» ЖК-ны таңдайды. Сөйтіп, мектеп пен ЖК екеуі келісімшарт жасасады. Сол кезде тендер кепілдігі орындалды деп саналатын болады.

Кепілдік шарттары

Кепілдік тендер ұсынысындағы соманың 1–3% өтей алады. Кепілдіктің қолданыс мерзімі әр банктың шартына байланысты әр түрлі болады, әдетте кепілдік тендер ұсыныстары салынған конверттерді ашқан күннен бастап 45 күннен 180 күнге дейін жарамды болады.

Жеткізуші мына міндеттемелерді орындай алмаса, тапсырыс беруші банктен өтемақы сұрайды:

  • тендерді ұтып алғаннан кейін конкурсқа қатысуға берілген өтінішін қайтып алса немесе өзгертсе;
  • баға ұсынысын уақытында жібермесе;
  • жеткізу келісімшартына уақытында қол қоймаса;
  • конкурс құжаттамасындаға міндеттемелерді орындамаса.

Кепілдік алу жолдары

Тендер кепілдігін тек банк кепілдіктерін шығаруға лицензиясы бар банктер ғана бере алады. Кепілдік алу үшін ыңғайлы банк таңдап, шот ашып, кепілдік шығаруға өтініш беру керек.

Банк өтінішті қарастырып, тендер құжаттамасын тексереді, содан кейін клиентпен келісімшарт жасасып, тендер кепілдігін шығарады. Ал егер клиентте кредит берешегі немесе салық берешегі болса, немесе оның бизнесі біркүндік фирма сияқты болып көрінсе, банк өтінішті қабылдамауы мүмкін.

Jusan Business ұсынатын бланк тендер кепілдіктері

Jusan мемлекеттік сатып алу порталында кепілсіз онлайн-кепілдіктерді компанияның қаржы жағдайын тексермей-ақ шығарады.

  • Кепілдік мөлшері: 200 млн теңгеге дейін;
  • Кепілдік мерзімі: тендер ұсыныстары салынған конверттерді ашқан күннен бастап 99 күн;
  • Комиссиясы: кепілдік мөлшерінен 1,5%, ең төмен комиссия 5 мың теңге.

Өтініш беру шарттары

ЖК иелеріне кепілдік алу үшін енді банк бөлімшесіне барудың қажеті жоқ. Өтінішті Jusan Business банкингінде тіркеліп, сайт арқылы беруге болады. Егер кәсіпкердің ЖСН-ы мобильді азаматтар базасында тіркелмеген болса, онда тек жеке куәлік қана қажет болады.

Шарттар:

  • бизнес 6 айдан астам уақыт жұмыс істеп келе жатыр;
  • кәсіпкер — Қазақстан резиденті;
  • кредит берешегі немесе салық берешегі жоқ;
  • кәсіпкерлік сенімсіз компаниялардың тізімінде және оффшор аймақтардың тізімінде жоқ.