Бизнес туралы мақалалар

Алкоголь сатуға лицензия алу

Алкоголь лицензиясының бағасы, қажетті құжаттар, жарамдылық мерзімі

Алкоголь сатуға лицензия алу

Мақаланың мазмұны

Қазақстанда алкогольді сату үшін мемлекеттік лицензия қажет. Оны жеке тұлғалар да, заңды тұлғалар да ала алады. Лицензия әрбір қызмет объектісіне нақты мекенжай бойынша беріледі. Егер сізде бірнеше дүкен болса, әрқайсысына бөлек лицензия алу керек.

Лицензия алу үшін кәсіпкерде фискалды жады бар бақылау-касса машинасы болуы керек, ал дүкен санитарлық және өрт қауіпсіздігі талаптарына сай және барлық коммуникациялармен — кәріз, су және электрмен жабдықталған болуы керек.

Алкоголь лицензиясын қайдан алу керек

Алкоголь сату үшін лицензияны ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (ҚР ҚМ МКК) береді. Мемлекет бұл процесті автоматтандырды, енді лицензияны egov.kz немесе www.elicense.kz электронды лицензиялау порталы арқылы онлайн алуға болады. Сондай-ақ құжаттарды офлайн түрде Халыққа қызмет көрсету орталығында немесе қалаңыздың Мемлекеттік кірістер комитетінде тапсыруға болады.

Лицензияны беру немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауабы бір жұмыс күнінен кешіктірмей беріледі, ал лицензияны қайта ресімдеу үш жұмыс күні ішінде беріледі.

Алкоголь лицензиясын алу үшін керек құжаттар

Құжаттардың тізімі алушылардың барлығына бірдей болады: көтерме әлде бөлшек сатушы болсын.

Құжаттардың тізімі:

  • қызмет түріне лицензия алу туралы өтінім — электронды түрде жасалады;
  • лицензия алымының төленгенін растайтын құжат — чек немесе түбіртекті қоса беру керек;
  • жалдау шартының көшірмесі — егер бұл құжат бір жылдан астам мерзімге жасалса, оны құқықтық кадастрда міндетті түрде тіркеу қажет;
  • алкогольді сақтауға және көтерме саудаға қойылатын барлық талаптардың орындалуын растайтын нысан — ол да электронды түрде жасалады. Мұнда дүкеннің кадастрлық нөмірін және үйжай иесінің ЖСН/БСН-ін жазу керек.

Алкоголь лицензиясы қанша тұрады

Алкоголь өнімдерін көтерме саудада сату лицензиясы 200 АЕК (2024 жылы 738 400 теңге) тұрады.

Алкогольді бөлшек саудада сатуға арналған лицензиялардың құны аумаққа байланысты:

  • республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда — 100 АЕК (2024 жылы 369 200 теңге),
  • аудандық маңызы бар қалалар мен елді мекендерде — 70 АЕК (2024 жылы 258 440 теңге),
  • ауылдарда — 30 АЕК (2024 жылы 110 760 теңге).

Жеке кәсіпкерлер мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін алкогольге берілетін лицензияның бағасы бірдей. Лицензиялы алымын банк арқылы және өтінім беру барысында egov.kz арқылы төлеуге болады.

Алкогольге арналған лицензиялы алымын бір рет төлеу жеткіліксіз, кәсіпкер лицензияны пайдаланғаны үшін жыл сайын төлеу жасау керек. Ол үшін не істеу керек:

  • лицензия берілген күннен бастап 10 күн ішінде салық төлеуші ретінде тіркелу керек;
  • салық салу объектілері туралы мәліметтерді тоқсан сайын, есепті жылдың 15 сәуіріне, 15 шілдесіне, 15 қазанына және келесі жылдың 15 қаңтарына дейін салық органына беру керек;
  • ақыны жыл сайын бір жылға бірақ немесе тең төлемдермен — 25 наурызға, 25 маусымға, 25 қыркүйекке және 25 желтоқсанға дейін төлеу керек. Мысалы, Алматыда мөлшерлеме 100 АЕК болса, кәсіпкер бұл соманы төртке бөліп, әр тоқсан сайын 25 АЕК — яғни 2024 жылы 92 300 теңгеден төлейді.

Лицензияны берілгеннен кейінгі жылдан бастап төлеу керек, яғни лицензияны 2024 жылы алсаңыз, 2024 жылы төлей бастайсыз.

Алкоголь лицензиясын Jusan Business-те төлей аласыз:

  • «Салық төлемдері» бөлімін ашыңыз;
  • аймағыңыз бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасын таңдаңыз;
  • БСК 105402 — төлем түрі «Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым» енгізіңіз;
  • төлеу мерзімін көрсетіңіз.

Алкоголь лицензиясын қайта шығару

Егер кәсіпкер дүкенді және тиісінше мекенжайын ауыстырса, ол жай ғана лицензияны қайта ресімдей алады.

Лицензияны қайта ресімдеу үшін негізгі мөлшерлеменің 10% төлеу керек:

  1. Көтерме саудагерлер үшін — 20 АЕК (2024 жылы 73 840 теңге);
  2. Бөлшек сауда үшін:
    • республикалық және облыстық маңызы бар қалаларға — 10 АЕК (2024 жылы 36 920 теңге),
    • аудандық маңызы бар қалалар мен елді мекендерге — 7 АЕК (2024 жылы 25 844 теңге),
    • ауылдарға — 3 АЕК (2024 жылы 11 076 теңге).

Алкогольді лицензиясыз сатқан үшін салынатын айыппұл

Алкогольді мемлекеттің рұқсатынсыз сатуға тыйым салынады. Тәртіп бұзушыларға мынадай айыппұл салынады:

  • жеке тұлғаға — 15 АЕК, немесе 2024 жылы 55 380 теңге;
  • шағын кәсіпкерлікке — 25 АЕК, немесе 92 300 теңге;
  • орта кәсіпкерлікке — 40 АЕК, немесе 147 680 теңге;
  • ірі кәсіпкерлікке — 150 АЕК, немесе 553 800 теңге.

Алкоголь лицензиясынан қалай бас тартуға болады

Кәсіпкер алкоголь лицензиясынан бас тарта алады. Ол үшін не істеу керек:

  • лицензияны пайдаланудың барлық айларын, соның ішінде толық емес айларды төлеу;
  • осыдан кейін салық төлеуші ретінде тіркеу есебінен шығу;
  • егер лицензия қағаз түрінде берілген болса, оны ауданыңыз бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына қайтару.

Алкогольді интернетте сатуға бола ма

Алкогольді интернетте сату — ол кәдімгі бөлшек сауда болып саналады, сондықтан оған да лицензия алу керек. Алкогольді тек лицензияда көрсетілген қоймадан немесе үйжайдан сатуға болады.

 

Алкогольге лицензия алу қиын емес — процесс автоматтандырылған және аз құжаттарды жинауды қажет етеді. Лицензияны алу үшін сіз лицензиялы алымын төлеуге дайын болып, заңды талаптарды орындауыңыз керек — 21 жасқа толмаған адамдарға және 23:00-ден кейін алкоголь сатпауңыз керек.