Қазақстанда арнаулы режимдегі ШФҚ төлейтін салықтар
Бірыңғай жер салығын төлеушілерге арналған жеңілдіктер, олардың бюджетке төлейтін төлемдері мен жарналары
Валида Самущенко
7SEVEN компаниясының басшысы және негізін қалаушы
Мақаланың мазмұны
Арнаулы салық режиміндегі (АСР) шаруа және фермер қожалықтары кейбір салықтардан босатылғанымен, бухгалтер есебін жүргізуге міндетті болады. Сонымен қатар, бұл режимде жылдық табыс мөлшері 20 000 АЕК-тен (2024 жылы 73 840 000 теңге) асып кетсе, ҚҚС есебіне тұрмауға болады.
Негізгі салықтар
ШФҚ жылына бір рет бірыңғай жер салығын (БЖС) және ай сайын қожалық мүшелері мен қызметкерлері үшін әлеуметтік төлемдерді төлеп отыруға тиіс. БЖС жылдық табыс мөлшерінің 0,5% құрайды. Оған шаруашылық өнімдерін сатудан және қайта өңдеуден түскен пайда, жабылған міндеттемелер, тегін келген мүлік және мемлекеттен алынған субсидиялар кіреді.
Декларациясы: 920.00 СЕН — жылына бір рет 31 наурызға дейін тапсырылады. Мысалы, 2023 жылғы декларацияны салық органына 2024 жылғы 31 наурызға дейін беру керек. Оған қызметкерлердің табыс салықтары, пайдаланылған су ресурстарының салықтары және ШФҚ мүшелері мен қызметкерлері үшін төленетін әлеуметтік төлемдер мөлшерлерін жазу керек.
Салық төлеу мерзімі:
- 1 қаңтардан 1 қазанға дейінгі кезең үшін — биылғы жылғы 10 қарашаға дейін;
- 1 қазаннан 31 желтоқсанға дейінгі кезең үшін — келесі жылғы 10 сәуірге дейін.
Кәсіпкер өзі үшін төлейтін ай сайынғы әлеуметтік төлемдер
ШФҚ иесі өзі табысынан салықтар мен міндетті әлеуметтік төлемдерді төлеп отыруға тиіс. Әр кәсіпкер өз жалақысын өз бетімен белгілейді, бірақ оның мөлшері 1 жалақының ең төменгі мөлшерінен (ЖТМ) кем болмауға тиіс, 2024 жылы ЖТМ мөлшері 85 000 теңгені құрайды.
Кәсіпкердің 85 000 теңге мөлшеріндегі табысынан төленетін төлемдерді есептеу үлгісі:
-
МЗЖ — міндетті зейнетақы жарналары: еңбекақы × 10%
85 000 × 10% = 8 500 теңге -
ЖМЗЖ — жұмыс беруші төлейтін міндетті зейнетақы жарналары: еңбекақы × 1,5%
85 000 × 1,5% = 1 275 теңге -
ӘА — әлеуметтік аударымдар: еңбекақы × 3,5%
85 000 × 3,5% = 2 975 теңге -
МӘМСЖ — міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналары: 1,4 ЖТМ × 5%
1,4 × 85 000 × 5% = 5 950 теңге
Өзі үшін ЖК 18 700 теңге төлейді.
Қызметкерлер үшін төленетін ай сайынғы төлемдер
Қызметкерлер үшін төленетін төлемдер:
- МЗЖ — міндетті зейнетақы жарналары: еңбекақы × 10%,
- ЖМЗЖ — жұмыс беруші төлейтін міндетті зейнетақы жарналары: еңбекақы × 1,5%,
- ӘА — әлеуметтік аударымдар: (еңбекақы − МЗЖ) × 3,5%,
- МӘМС — міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру: еңбекақы × 3%,
- МӘМСЖ — міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналары: еңбекақы × 2%,
- Қызметкер еңбекақысынан төленетін ЖТС: (еңбекақы − МЗЖ − 14 АЕК − МӘМСЖ) × 10%.
Еңбекақыдан төленетін салықтар мен аударымдарды есептеу
Төменде қызметкердің 200 000 теңге мөлшеріндегі еңбекақысынан әлеуметтік төлемдерді есептеу үлгісі берілген.
Қызметкер есебінен
МЗЖ — еңбекақы × 10%
200 000 × 10% = 20 000 теңге
қызметкер үшін төленетін МӘМСЖ — еңбекақы × 2%
200 000 × 2% = 4 000 теңге
қызметкер еңбекақысынан төленетін ЖТС — (еңбекақы − МЗЖ − 14 АЕК − МӘМСЖ) × 10%
(200 000 − 20 000 − 14 × 3 692 − 4 000) × 10% = 12 431,2 теңге
Жұмыс беруші есебінен
ЖМЗЖ — еңбекақы × 1,5%
200 000 × 1,5% = 3 000 теңге
МӘМС — еңбекақы × 3%
200 000 × 3% = 6 000 теңге
ӘА — (еңбекақы − МЗЖ) × 3,5%
(200 000 − 20 000) × 3,5% = 6 300 теңге
Қызметкер еңбекақысының нақты мөлшері 200 000 теңге болса, қолына ол 163 568,8 теңге алатын болады. Ал жұмыс беруші үстнен тағы 15 300 теңге төлейтін болады.
Салық төлеу мерзімі: еңбекақы төлеген айдан кейінгі айдың 25 жұлдызына дейін. Мысалы, наурыз айындағы еңбекақыдан төленетін салықтарды 25 сәуірге дейін төлеу керек.
Су ресурстарын пайдаланғаны үшін төленетін салық
Су инспекциясы мамыр айы мен қыркүйек айы аралығында су пайдалану нормалары жөнінде кесте бекітеді. Су есептегіштерінің көрсеткіштерін сол нормаларға сәйкес тексеріп есептеу керек. Егер пайдаланған су көлемі нормадан асып кетсе, онда салық мөлшері де сәйкесінше үлкейетін болады.
Декларациясы: 860.00 СЕН
Салық төлеу мерзімі: ШФҚ-ның қызмет түріне және суару маусымына байланысты болады.
Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төленетін салық
Бұл мемлекеттен жалға алынған жер үшін төленетін салық. Оның шарттары, мөлшері және төлеу мерзімі жалға алу келісімшартында бекітіледі. Әр ШФҚ-ның жағдайы әр түрлі болғандықтан, салық төлеу шарттары да әр бөлек болады.
Декларациясы: 851.00 СЕН
БЖС төлеушілер босатылатын салықтар мен төлемдер
АСР-дегі шаруа және фермер қожалықтары мынадай салықтар мен төлемдерден босатылады:
- шаруашылық табысынан төленетін жеке табыс салығы;
- жер салығы;
- көлік салығы;
- мүлік салығы;
- әлеуметтік салық;
- қоршаған ортаға келтірілген зиян төлемақысы.