Шетел азаматтарына Қазақстанда ЖК ашу тәртібі
Қазақстанда ЕАЭО және Тәжікстан азаматтары ғана ЖК аша алады
Мақаланың мазмұны
ЖК ашу тәртібі мынадай: шетел азаматына тұрақты тұруға арналған рұқсат, тұру ықтиярхатын, ЖСН және электрондық-цифрлық қолтаңба алу қажет. Содан кейін қызмет түрі мен салық режимін таңдап, ЖК тіркей беруге болады.
Қазақстанда ЖК аша алатын шетел азаматтары
Елімізде ЖК-ны тек Қазақстанда тұрақты тұрып жатқан ЕАЭО азаматтары ғана аша алады:
- Ресей
- Беларусь
- Қырғызстан
- Армения
- Тәжікстан
Аталған елдердің азаматтары қазақстандықтардың құқықтарына тең ие бола алады. Ал сол елдерде тұратын қазақстандықтар, керісінше, сол ел азаматтарының құқықтарын «Бір мемлекеттің басқа мемлекеттің аумағында тұрақты тұратын азаматтардың құқықтық мәртебесі туралы» шартқа және «Еуразиялық экономикалық одақ туралы» шартқа сәйкес ие бола алады.
Тәжікстан ЕАЭО-ға кірмесе де, «Бір мемлекеттің басқа мемлекеттің аумағында тұрақты тұратын азаматтардың құқықтық мәртебесі туралы» шартты бекітті, сондықтан да Тәжікстан азаматтары Қазақстан аумағында ЖК аша алады.
Қазақстанда тұру ықтиярхатын алу тәртібі
Қазақстанда жоғарыда аталған шетел азаматтары жеке кәсіпкерлікті тұру ықтиярхатын алғаннан кейін ғана аша алады.
Тұру ықтиярхаты — бұл шетел азаматына Қазақстанда тұрақты тұру құқығын беретін құжат. Оны көші-қон полициясы департаменттерінде алуға болады.
Тұру ықтиярхатын алу үшін алдымен тұрақты тұруға арналған рұқсат алу керек, содан кейін тұрақты тұрғылықты жерде тіркеліп, тұру ықтиярхатын алуға арналған өтінім беру керек.
Тұрақты тұруға арналған рұқсат алу үшін қажет құжаттар:
- Өтініш-сауалнама;
- Ұлттық немесе шетел паспортының көшірмесі мен түпнұсқасы;
- Ерікті түрденысанда жазылған өмірбаян;
- Азаматтығы бар мемлекетте берілген сотталмағаны туралы анықтама;
- Тұрғын үй жалдау және тұрақты тіркеу есебіне тұру туралы нотариус куәландырған шарт;
- 028/у нысанындағы медициналық анықтама;
- 3,5 × 4,5 см көлеміндегі фотосурет;
- Төлем қабілеттігін дәлелдейтін құжат — банк шотында адам басына 1 320 АЕК мөлшеріндегі сома бар екендігі туралы Қазақстан банкінен алынған анықтама, 2024 жылы бұл сома 4 873 440 теңгеге тең.
Егер тұрақты тұруға арналған рұқсат балалар үшін қажет болса, онда 16 жасқа толмаған балалардың туу туралы куәлігі көшірмесі мен түпнұсқасы және 14 жастан 18 жасқа дейінгі балалардың нотариус куәландырған Қазақстанда тұрақты тұру туралы келісімі қажет болады.
Сотталмағаны, төлем қабілеттігі және медициналық куәландырудан өткені туралы анықтамалардың мерзімі берілген күннен бастап 180 күннен аспау керек.
Тұрақты тұруға арналған рұқсат 45 күн ішінде беріледі. Содан кейін тұру ықтиярхатын алуға болады.
Тұру ықтиярхатын алу үшін қажет құжаттар:
- Паспорт түпнұсқасы;
- Тұрғылықты жерде тіркелу туралы хабарлама — оны ХҚКО-да алуға болады;
- 3,5 × 4,5 см көлеміндегі екі фотосурет;
- 0,2 АЕК мөлшерінде мемлекеттік баж төлегені туралы құжат. 2024 жылы ол 738,40 теңге болады.
Тұру ықтиярхаты 17 күн ішінде беріледі. Қазақстанда оны жалпы 10 жылға дейінгі мерзімге алуға болады, бірақ бұл мерзім паспорттың аяқталу күнінен аспауы керек. 16 жасқа толмаған балаларға тұру ықтиярхаты қажет емес.
Шетел азаматына ЖСН алу тәртібі
Қазақстанда бизнес жүргізу үшін ЖСН қажет. Ол 12 цифр тіркесінен тұратын жеке сәйкестендіру нөмірі. Ол адамның бірегей жеке мәліметтерінен бір рет құрастылырып, өзгертіле алмайды. ЖСН банк шотын ашу, салық төлеу және Қазақстанда мемлекеттік қызметтер алу үшін қажет. Оны жергілікті ХҚКО-да алуға болады.
Қандай құжаттар қажет:
- Өтініш
- Паспорт
- Нотариус куәландырған сенімхат — егер ЖСН шетелдіктің өкілі арқылы алынатын болса
ЖСН бір жұмыс күні ішінде тегін беріледі.
Қазақстанда ЖК ашу тәртібі
ЖК тіркеу үшін мемлекеттік органдарға онлайн хабарландыру жіберу керек. Ол үшін электронды лицензиялау сайтында немесе екінші деңгейлі банктер қосымшаларында белгіленген үлгі бойынша өтініш беру керек. Тіркелу қызметі толығынан тегін.
ЖК-ны мемлекеттік қызмет арқылы онлайн тіркеу үшін тек қана электронды-цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) қажет. Оны ХҚКО-да немесе egov.kz электрондық үкімет сайтында алуға болады.
ЖК-ны тіркеу бұрын қызмет түрі мен салық режимін таңдау керек. Оны алдын-ала істеу керек, себебі тіркеу кезінде сәйкес тармақтарды толтыру қажет болады. Әр салық режимі туралы толығырақ біздің басқа мақалаларымызда оқуға болады:
Elicense.kz-те ЖК ашу тәртібі
1. ЭЦҚ арқылы авторизациялану
2. «Қызмет көрсету» бөліміне өту → «Дара кәсіпкер ретінде қызметті бастағаны туралы хабарлама» → «Қызметке онлайн тапсырыс беру»
3. Деректерді толтыру:
- ЖК нақты мекенжайы
- ЖК атауы
- қызмет түрі (ЭҚЖЖ)
- салық режимі (ЖБР, оңайлатылған, патент, т.б.)
4. ЭЦҚ көмегімен өтінішке қол қою
Jusan Business қосымшасында ЖК ашу
Jusan Business мобильді қосымшасында да ЖК жылдам ашуға болады. Ол үшін JB қосымшасын жүктеп алып, телефон нөмірі мен ЖСН енгізіп, «ЖК тіркеу» деген экран шығады → «Тіркеуді бастау» → ЖК-ның аты-жөнін және қызмет мекенжайын толтыру керек → ЭҚЖЖ кодын таңдау → салық режимін таңдау → өтінімді растау.
Содан кейін Jusan Business-те шот ашып, бизнесті дәл қосымшада басқаруға болады.
ЖК тіркелгені туралы elicense.kz порталындағы жеке кабинетте білуге болады:
- рұқсаттама берілгені туралы — «Менің рұқсат беру құжаттарым» бөлімінде;
- хабарлама келгені туралы — «Менің хабарламаларым» бөлімінде.
Ары қарай не істеу керек
Жеке кәсіпкер ретінде тіркеу туралы хабарландыру келген соң, бірден жұмыс істей беруге болады. ЖК ашылғаннан соң аталған хабарландыру расталды деп саналады. Енді табысты ресми түрде есептеу үшін клиенттерден төлем қабылдау тәсілдерін таңдау керек.
Клиенттерден төлем қабылдау тәсілдері
ЖК клиенттерден төлем қабылдау түріне байланысты келесілерді тіркеу керек:
- Онлайн-касса — қолма-қол ақшамен және банк карталары арқылы төлем қабылдау.
- ЖК шоты — қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдау.
- POS-терминал — төлемдерді карта және QR көмегімен қабылдау.
Шотты Jusan Business мобильді қосымшасында ашуға болады — бұл тез, тегін, әрі банкке барудың қажетісіз. Сондай-ақ, бірден карта және QR арқылы төлем қабылдайтын POS-терминалға тапсырыс беруге болады — оны банк қызметкерлері бір күнде жеткізіп, қосып береді.