Дауыс көмекшісі
jusan_logo
kk
Қазақша
Русский
English
location
Jusan-да іздеу
ESG07.09.2022

ESG – ӨЗГЕРЕТІН УАҚЫТ

Орталық-Азиялық экологиялық зерттеулер институттың баяндамасына сәйкес, "мүдделі тараптардың қалауына өзгерістер енгізу және әлеуметтік және экологиялық тұрақтылық пен корпоративтік басқару саласындағы реттеуді қатаңдату қысымымен 2020-2021 жылдары әлемнің жетекші банктері мен қаржы топтары ESG-ні корпоративтік деңгейде имплементациялауға және олардың ұзақмерзімді бизнес-модельдерін сәйкесінше трансформациялауға назар аударуды күрт жандандырды. Олардың ESG және БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына байланысты әртүрлі ерікті міндеттемелерді қабылдау үрдісі байқалады".

Осы жылдың қаңтарында Давостағы Дүниежүзілік экономикалық форумның негізін қалаушы және президенті Клаус Швабтың жаһандық менеджментті қайта қарау қажеттілігі туралы мақаласы шықты. Пандемия тәуекелдері есептелмеген және жақын перспективаға ие дағдарысқа қарсы жедел шешімдердің қажеттілігінің маңызын мойындатты. Әлемдік масштабтағы локдаун жалпыға бірдей экономикалық тәуелділікті де, өз шекараларын паналауға және жергілікті және тек өз проблемаларын шешуге деген ұмтылысты да көрсетті. Алайда, 4.0 жаһандық менеджменті жаңалық емес, бар болғаны процестер мен саясаттардан ковид сүзгісін алып тастау керек. Ағымдағы проблемаларды шешудің рецептісі БҰҰ-ның тұрақты даму мақсаттарында және оларды ESG – басқару стандарттары арқылы бағыттар бойынша егжей-тегжейлі көрсету арқылы баяндалған, мұндағы E – экологиялық, S -әлеуметтік, G-корпоративтік. Айтпақшы, тұрақты дамудың 17 мақсатын 2015 жылы БҰҰ әзірледі, әрбір сала олардың қоғамға және қоршаған ортаға әсер ету қарқындылығының тәртібі мен кезектілігі бойынша пысықталды, осылайша қаржы институттары 2019 жылдың шілде айының соңына қарай БҰҰ сарапшыларынан 6 "жауапты банкинг қағидаттары" түріндегі өздерінің "жол картасын" және ESG-бағдарларын алды: Қызметтің сыртқы талаптарға сәйкестігі, Әсерді бағалау, Клиенттермен жұмыс жасау, Акционерлермен жұмыс жасау, Мақсат қою, Ашықтық және есеп беру. Шын мәнінде, ESG және "жауапты банкингтің" көптеген принциптері біздің өмірімізде және конституциялық және заңнамалық деңгейде бар.

Медициналық сақтандыру, әлеуметтік төлемдер мен өтемақылар, еңбек демалысы, жұмыс жүктемесінің нормаға сай болуы– мұның бәрі қазірдің өзінде іске асырылған S және G стандарттары. Бірақ бұл база, тұрақты даму жағдайлардың үнемі жақсаруын болжайды. ESG тәжірибесінің басты артықшылығы –бұл өсіп, дамығысы келетін кез-келген құрылым үшін қолжетімді. Таза экспансивті тәсілдің тиімсіздігі қазірдің өзінде түсінікті және оны бәрі сезінеді. Компаниялар іс жүзінде ESG, ең алдымен, әлеуметтік және корпоративтік деңгейде тиімді екенін түсінді. Мысалы, жас критерийі. Біздің банкте жас бойынша таралу соңғы мәліметтер бойынша 17 жастан 67 жасқа дейін. Бұл компания үшін нені білдіреді? Тұрақты технологиялық революцияға қосылу маңызды бағыттарды, әрине, кешегі студенттер жүргізеді -олар осы технологиялық мәдениеттің бөлігі және оған мүмкіндігінше бейім және онымен үйлеседі. Талдау мен болжауды қажет ететін бағыттар 50 жастан асқан мамандар үшін ыңғайлы болып табылады – тыныштық пен тәжірибе бар, бұлменеджерлер мен стратегия менеджерлері. Оларды орта жастағы қызметкерлер біріктіреді, олар басқарушылар және тактикалық деңгейдегі менеджерлер. Бұл жүйенің тепе-теңдігі материалдық және мансаптық ынталандыру деңгейінде де, кәсіби өсу мүмкіндіктері деңгейінде де сақталады. Бұл компания ешқандай "қысымсыз" ұстанатын корпоративтік этика. Оқыту, бонустар, сыйақылар, мансаптық өсу. Біздің Банктің оқыту басқармасы белгілі бір бөлімге арналған біліктілікті арттыру бағдарламаларына қажеттіліктер бойынша үнемі тексерістер жүргізіп отырады.

Ішкі оқу порталы бар, онда сіз курсты өз бетіңізше таңдай аласыз, олқылықтардың орнын толтыра аласыз. Корпоративтік компонент осылай жұмыс істейді-және біз үшін бұл өте ыңғайлы, өз қызметкеріңіздің білімін белгілі бір бағытта жоғарылату -дайын кандидатты алғаннан әлдеқайда тиімді және оңай. Гендерлік критерий. Адами капиталды дамыту департаментінің статистикасына сәйкес, қызметкерлердің 64% -ын әйелдер, 36%-ын еркектер құрайды. Бұл әдейі таңдалған пропорция емес, ол бірінші кезекте кәсіпқой адамды жұмысқа алу саясатынан пайда болды, бос орынға үміткерді қарау кезінде жасы, жынысы, ұлты рөл атқармайды. Тұрақты даму үшін бизнестің жауапкершілігі жас ұрпаққа жұмысқа орналасуға, тағылымдамадан өтуге көмектесуді көздейді. Осы сәтте біз де ішкі қажеттілікке қарай алға жылжи бастадық.

Jusan Singularity мектебі-біз студенттер мен жас мамандарды оқытатын жоба, нәтижесінде олар біздің қызметкерлеріміздің қатарына қосылады, осылайша біз жастарға көмектесіп қана қоймай, мамандарды оқытамыз! Әлеуметтік құрамдас бөлікті біз өз қызметкерлеріміз арқылы дамытамыз: корпоративтік мәдениет волонтерлік қызметті ынталандырады, әлеуметтік қолдау тұрғысынан ең белсенді филиалдарға, жергілікті білім беру және қайырымдылық жобаларына жетекшілік етуге конкурстар бар… 

Ішкі құрылым мен қызметті талдау бізді ESG жүйесін жүйелі түрде енгізу шешімін қабылдауға әкелді, өйткені біз үшін бұл принциптер талап емес, дамудың табиғи және қисынды келесі қадамы болып табылады. Әрине, тұрақты даму философиясымен толық біріктірілгенге дейін әлі де көп нәрсе істеу керек. Мәселен, жаңа жаһандық әлемдік тренд, "нөлдік көміртегі ізіне" ұмтылу – Қазақстан үшін экономиканың ерекшелігі бойынша ең қиын болуы мүмкін. Тұрақты даму теоретиктері мұндағы қаржы институттарына басты рөл береді, өйткені жасыл экономика үлкен көлемде қаражат құюды қажет етеді, сонымен қатар мұнда өндірістік модельдерді қайта құрудан басқа, дүниетанымдық қайта құру қажет, ал біз әзірге мұнайға байланғанбыз. 
Бірақ "жасыл" бағытта да банк қолдау көрсете алатын шағын және орта бизнесті дамыту үшін көптеген мүмкіндіктер бар, мысалы, эко-фермерлік және эко-туризм – бұл сәнді және дамудың осындай күн тәртібіне сәйкес келеді. Жалпы, JUSAN экожүйесінің өзі, банктік қызметтерді цифрландыру да E-қағидатын іске асыру болып табылады. Қазіргі уақытта біз құрылымдық инновациялар мен қайта құрулардың қажеттілігі бойынша деректерді өзектендіреміз, банк қызметкерлерінің сауалнамасының деректерін, тұрақты дамудың негізгі қағидатын ұстану үшін клиенттер қызметінің кредиттік желілер бойынша негізгі бағыттарын талдаймыз және бұл сәйкестік – ағымдағы экономикалық жағдайға, қоғамдық күн тәртібіне, нарыққа және тұтастай елге сәйкес келеді.

Басқа жаңалықтар

Ғалымжан Есенов пен Jusan су тасқынынан зардап шек...

Ғалымжан Есенов пен Jusan Bank тобы 2024 жылғы су тасқыны салдарынан зардап шекк...

Jusan Bank мемлекеттік қолдаудың 100 миллиард теңг...

Алматы. 9 сәуір 2024ж. 9 сәуірде «First Heartland Jusan Bank» АҚ (Jusan Bank) «С...

Ұқсас жаңалықтар

Jusan Bank тұрақты даму туралы үздік есебі үшін ма...

Қазақстан қор биржасы (KASE) ұйымдастырған жылдық есептер байқауында Jusan Bank ...

Jusan банктер арасында ESG-қорытынды есебі рейтинг...

Jusan Bank PwC Kazakhstan құрастырған ESG-қорытынды есебі бойынша елдің 50 үздік...

Jusan Bank S&P Global Corporate Sustainability Ass...

S&P Global Corporate Sustainability Assessment халықаралық агенттігі алғаш р...