25 мамыр 23
Ағымдағы экономикалық белсенділікті бағалау бойынша дэшборд (2023.25.05)
Сәуірде дэшборд нәтижесі бойынша 30 фактордың 20-сы экономиканың қызуы асқынып тұрғанын көрсетті. Қызу экономиканың қамтамасыз етілмеген мүмкіндіктерінің туындауына әкеп соғады, яғни сұраныс артады. Мұның аяғы – жоғары инфляция. Сондай-ақ қарқынды өсу есебінен барлық ресурстар пайдаланылады. Соның салдарынан дағдарыс орын алып, экономика тұралай бастауы мүмкін. Талдау 4 блок бойынша жүргізіледі: инфляция, сондай-ақ монетарлық, экономикалық және сыртқы шарттар. Сондай-ақ біз ҚРҰБ баспасөз хабарламасына семантикалық талдау жүргіземіз.
_1685449667.jpg)
Жалпы экономиканың қызуын бағалаудың төмендеуі бағалардың өсу қарқынының бәсеңдеуі және бірқатар корпоративтік сектордың, айталық сауда секторына кредит беру ықпалы нәтижесінде болып жатыр. Ал тез өсіп жатқан іскерлік белсенділік және экономикалық шарттар тарапынан көрсеткіштер экономикада сұранысты арттырып, жағдайды ушықтыра түсуде. Таяу уақытта жекелеген маркер-тауарлардың қымбаттауы және олардың басқа да тұтыну тауарлары мен қызметтерінің бағаларына кері әсер етеді. Осының барлығы экономикада инфляциялық қысымның арта түсетіндігі туралы болжамымызға негіз бола алады.
Қалыптасып жатқан жағдай, экономиканың дамуына мемлекет тарапынан белсенді қазыналық көмек көрсетілуі, сондай-ақ сыртқы шарттар тарапынан тұрақсыздықтың күшею қаупі біздің «монетарлық шарттарды жұмсартуға ешқандай алғышарттар» жоқ деген бағамызды растай түседі.
12 мамыр 23
Beauty индустриясы: сұлулық салондары
Біз бұл жұмысымызда сұлулық салондарының әлемдік және қазақстандық нарықтарының жай-күйін, көлемін, бьюти-индустрияның сипаты мен үрдістерін талдадық.
Сұлулық салондарының әлемдік нарығы қарқынды түрде өсіп жатыр және алдағы жылдары өсуін одан әрі жалғастырады. Әртүрлі елдерде бьюти-қызметтерге деген сұраныстың артуы адамдардың өмір сүру деңгейінің артқандығына ғана емес, олардың тұтынушылық талғамдарының өзгеруіне де байланысты болып отыр. Біздің зерттеу жұмысымыздың нәтижесінде белгілі болғанындай, бүкіл әлемде сұлулық салондары бойынша ең танымал қызметтер – шашты күту, одан кейін тырнақ және теріні күту екен.
Осы ретте әр елде сұлулық индустриясының көрсететін қызметтеріне жұмсалатын шығындардың көлемі әрқалай. Бұл мәдени және экономикалық факторларға байланысты екені белгілі. Сонымен қатар біз желілік сұлулық салондарының Қазақстанда ғана емес, Еуропа және АҚШ елдерінде де кеңінен тарағанын байқадық. Неге бұлай екендігіне жауап берер болсақ, аталмыш сала әлі онша дамымаған және тұтынушылық талғам әрқалай.
Қазақстанның сұлулық салондары нарығы да серпінді дамып келеді. Ал ең танымал қызмет – шаш күтімі. Отандық нарыққа базамыздағы өзекті деректерді талдай отырып, зерттеу жүргіздік. Базадағы өзекті деректер клиенттеріміздің жасаған транзакцияларының сомасын, санын және жиілігін көрсетеді.
Зерттеу нәтижесінде біз отандық нарықта сұлулық салондары арасында бәсекелестік жоғары екендігіне көз жеткіздік. Бұған сұраныс пен ұсыныстың сәйкессіздігі себеп болуда. Яғни сұраныс жеткіліксіз. Еліміздің тек бірнеше облысында ғана сұлулық салондары мен шаштараздары жеткіліксіз. Мүмкін содан болар, Астана мен Алматыда салондардың орташа жасы көп емес. Сондай-ақ Қазақстанда ерлер мен әйелдердің шаш қырқу қызметінің бағасы шамамен бірдей.
Зерттеу нәтижелері аталмыш саланы дамыту стратегиясын әзірлеуге және жаңа немесе қолданыстағы бизнес бойынша шешімдер қабылдауға пайдалы болуы мүмкін.
Ең пайдалы ақпарат таратылымына жазылыңыз