Дауыс көмекшісі

kk
Қазақша
Русский
English
location

Статистика

05 маусым 23

397

Теңге индексі

Jusan Analytics командасы Теңге индексін әзірлеп шықты (KZTX JA)

Индекс теңгенің шетел валюталарына (доллар, рубль еуро) қатысты түзету коэффициентіне көбейтілген, орташа геометриялық өлшемді бағамдары ретінде есептеледі. Бұл Индекстің мәнін 100-ге – индекс есебінің базалық күніне сәйкестендіреді (2018 жылдың желтоқсаны). Бұған дейінгі мерзімді біз қарастырмаймыз. Өйткені біздің пікірімізше 2016-2018 жылдары бағам белгілеу жаңа жағдайға – құбылмалы айырбас бағамы режіміне бейімдетілді.

KZTX JA = 13 481,2*KZTUSD0.65*KZTRUB0.25*KZTEUR0.1

Қалыптастырылған индекс теңгенің саудада және аударымдарда қолданылатын негізгі шетелдік валюталарға қатысты сатып алу қабілетін көрсетеді. Осылайша индекстің көмегімен теңгенің белгілі бір валютаға қатысты ғана емес, жалпы күш-қуаты туралы да сөз қозғауға болады. Сәйкесінше Теңге индексінің жоғарылағаны теңгенің негізгі валюталарға қатысты нығайғандығын, ал төмендегіні керісінше сатып алу қабілетінің төмендегенін білдіреді.

Байыпты коэффициенттер Теңге индексінің валюталық құрылымын білдіреді:

  • АҚШ доллары – 65%;
  • Ресей рублі – 25%;
  • Еуро – 10%.

Теңге индексі үшін үлестерді таңдап үлестіру орташаланған валюталық құрылымды:

  • Қазақстанның негізгі әріптестерімен арадағы тауар айналымын,
  • валюталық төлемдер мен аударымдарды,
  • биржалық валюта нарығы мен қолма-қол валюта нарығында валютамен операция жасауды білдіреді.

Сауда-саттықта Қытай мен Еуропалық одақтың үлесі жоғары болғанымен, сауда мәмілелерінде негізгі төлем жасау валютасы АҚШ доллары екені белгілі. Біз валюталық құрылымды 2-3 жылда 1 рет қарастыратын боламыз.

Теңге индексі ұлттық валютаның жекелеген валюталық жұптарға қатысты жай-күйіне талдау үшін қолданылуы мүмкін. Сондай-ақ Теңге индексі теңге бағамының серпіні: теңгенің өзінің жалпына нығаюына ма әлде жекелеген шетел валютасыынң әлсіреуіне байланысты өрбіп жатқан-жатпағандығын түсінуге де мүмкіндік береді.

Теңге индексінің (KZTX JA) динамикасы бойынша толыққанды шолу, түсіндіру және ықпалдар Валюта нарығына апта сайынғы шолу аясында жарияланатын болады.


Төменде Теңге индексіне арналған интерактивті дашбордтар орналастырылған. Қарап шығу ыңғайлы болуы үшін браузердің десктоптық (компьютерлік) нұсқасын пайдалануға немесе мобильді нұсқадан «Дербес компьютерге (ПК) арналған нұсқаға» өтуге кеңес береміз. Теңшеуді мобильді браузердің мәзірінен табуға болады – ол оң жақ бұрыштағы үш нүкте.

 

Jusan Index


Айырбастау бағамыВалюталық нарықJusan Analytics

05 маусым 23

282

Экспорттық бағалар индексі

Jusan Analytics командасы Қазақстанның негізгі экспорттық тауарларының индексін есептеп шығарды (XPI JA)

Экспорттық бағалар индексі Қазақстанның негізгі экспорттық тауарларын қамтиды. Олар халықаралық тауар-шикізат биржаларында сатылатын тауарлар: шикі мұнай, табиғи газ, мыс, уран, бидай, мырыш,күміс және алюминий. Индекс 8 тауардың бағасының орташа геометриялық тұрғыда өлшенген бағасы ретінде есептеледі. Бұл ретте олардың жалпы экспорттағы және түзету коэффициентіндегі үлесі ескеріледі. Индекстің базалық мәні 2018 жылдың желтоқсанындағы бағалар бойынша 100-ді құрайды.

Экспорттық бағалар индексі қазақстандық экспорттың негізгі тауарлық топтарының әлемдік бағаларының базистік кезеңмен салыстырғанда ағымдағы кезеңдегі өзгерісін көрсетеді. Индекстің көмегімен тауарлық нарықтардың жағдаятының еліміздегі сауда-саттықтың жалпы шарттарына ықпалын бақылауға болады. Сонымен қатар белгілі бір дәрежеде әлемдік бағалар өзгерген жағдайда (экспорттың нақты физикалық көлемін есепке алмастан) экспорттық табыстардың серпінін бағалауға мүмкіндік береді.

Қазақстан экспортының жоғары тауарлық шоғырланымын ескере отырып, қосымша ретінде шикі мұнайды есепке алмай Экспорттық бағалар индексі әзірленді. Бұл индекс экспортта алатын үлесі аз, басқа тауарлардың бағасының серпінін анықтауға көмектеседі. Осы ретте оларды сатқаннан түскен валюталық түсімдер қандай да бір дәрежеде Қазақстанда шетелдік валютаны ұсыну көлеміне ықпал етуі мүмкін.

Ескере кететін жайт, шикі мұнайды есепке алмастан жасалған Индекстің құбылмалылығы төмен. Оған себеп – оның құрылымы біркелкі әртараптандырылған. Бұл жеке алынған тауардың бүкіл қоржынға әсерін төмендетуге мүмкіндік береді.

Байыпты коэффициенттер Экспорттық бағалар индексінің валюталық құрылымын көрсетеді:

Тауардың атауы Код XPI JA(LCO=78) XPI JA2(LCO=0)
Мұнай LCO 78.03% 0.00%
Газ NG 6.08% 27.69%
Мыс HG 5.59% 25.46%
Уран UXX 4.15% 18.90%
Бидай LWB 2.25% 10.23%
Мырыш MZN 1.47% 6.70%
Күміс SIZ 1.28% 5.83%
Алюминий MAL 1.14% 5.19%

 

Экспорттық бағалар индексі үшін үлестердің осылайша таратылуы Қазақстанның негізгі тауарлар бойынша экспорттық қоржынының орташаландырылған құрлымын көрсетеді. Тауарлардың таңдамалы жиынтығы Сыртқы экономикалық қызметтің (СЭК) тауар номенклатурасының (ТН) 4-белгілік деңгейінде және экспорттық бағалардың биржалық бағаға тәуелділігі негізінде қалыптастырылады.


Төменде Экспорттық бағалар индексінің серпініне арналған интерактивтік графика орналастырылған. Қарап шығу ыңғайлы болуы үшін браузердің десктоптық (компьютерлік) нұсқасын пайдалануға немесе мобильді нұсқадан «Дербес компьютерге (ПК) арналған нұсқаға» өтуге кеңес береміз. Теңшеуді мобильді браузердің мәзірінен табуға болады – ол оң жақ бұрыштағы үш нүкте.

 

Jusan Index


ШикізатСаудаМұнайЭкспортJusan Analytics

17 сәуір 23

313

Дастархан индексі

Индекс Астана мен Алматы қалалары тұрғындарының жеке инфляциясының деңгейі мен сатып алу қабілетін бағалауға мүмкіндік береді

Төменде Дастархан индексінің серпініне арналған интерактивті дашбордтар орналастырылған. Оларды Jusan Analytics командасы әзірлеген және есептеп отырады. Қарап шығуға ыңғайлы болуы үшін браузердің десктоптық (компьютерлік) нұсқауын пайдалануға кеңес береміз немесе мобильді нұсқадан «PC-ге арналған нұсқауға» өтіңіз. Қалай теңшеу керектігін мобильді браузердің мәзірінен табуға болады – оң жақ бұрыштағы үш нүкте.

Графикада Индекстің Астана және Алматы қалалары бойынша даму барысы көрсетілген. Есептеу әдіснамасы «Jusan Analytics командасы Дастархан индексін жаңартты» деп аталатын материалда сипатталған.

* азық-түліктердің салмақтық ара-қатынасын ескергендегі баға

Өнімдердің бағаларын салыстыру, теңге

Өнімдер Орташа баға Ең жоғары баға Ең төмен баға
Астана Алматы Астана Алматы Астана Алматы
Қой еті, кг 3 100 4 699 3 720 7 145 2 790 3 200
Жылқы еті, кг 3 531 4 400 3 999 5 240 3 300 3 960
Сиыр еті, кг 5 015 4 424 5 540 5 375 4 490 2 900
Картоп, кг 171 246 219 450 95 160
Сәбіз, кг 114 221 159 350 89 140
Қызанақ, кг 498 842 689 1 400 365 235
Басты пияз, кг 152 213 342 466 85 100
Қияр, кг 1 356 1 117 3 663 2 400 329 250
Күнбағыс майы, литр 1 152 939 1 680 1 360 665 280
Жұмыртқа 1 санатты, он дана 544 593 874 753 455 440
Жоғары сұрыпты бидай ұны, кг 388 378 986 573 225 203
Пастерленген сүт 3,2-4%, литр 465 527 788 851 270 260
Ашытқы, буда (100 гр.) 785 1 006 1 380 2 000 400 300
Құмшекер, кг 525 507 570 590 480 310
Тары, кг 609 519 1 104 920 260 310
Сары май, тұздалмаған, бума (180 гр.) 887 1 102 1 880 2 047 305 288
Қара байха шайы, бума (200 гр.) 1 707 1 672 3 002 3 960 765 200

Jusan Index


Сатып алушылық қабілетҚұнсыздануJusan Analytics

17 сәуір 23

205

Jusan Analytics командасы Дастархан индексін жаңартты

2022 жылдың мамырында Jusan Analytics командасы Дастархан индексін әзірлеп, іске қосқан болатын. Ондағы мақсат – әрбір қазақстандыққа азық-түлік тауарларының бағасы өзгерген сайын оның табысының сатып алу қабілеті қаншалықты өзгеретіндігін шынайы көрсетіп, түсіндіру еді.

Халықтың сатып алу қабілетін бағалайтын басқа индекстермен салыстырғанда Дастархан индексінің ерекшелігі мынада:

  • Шапшаңдық – тамақ өнімдерінің бағасы бойынша статистика Jusan big-data деректерінен алынады (ірі ретейлердің бөлшек саудалық бағалары). Олар шынайы уақыт режімінде өзгереді. Индекс ай сайын жаңартылып отырады;
  • Өзектілік – біз алматылықтар мен астаналықтардың азық-түлік қоржынына кіретін, ең танымал және сұранысқа ие тамақ өнімдерінің топтамасын қолданамыз;
  • Бірегейлік – халыққа түсінікті болуы үшін, тауарлар топтамасынан әрбір қазақстандық отбасының дастарханында жиі орын алатын тағамдар жасалады. Индекс 1 адамның қажеттілігі тұрғысында есептеледі.

Бұрын халықтың табысын көрсететін деректер ретінде халықтың орташа жалақысы бойынша ресми статистикалық ақпаратты қолданып келдік. Егер оның тоқсан сайын өзгеретіндігін ескерсек, бұл Индекс деректерінің бұрмалануына әкеп соғатыны сөзсіз. Сондықтан қазір біз есептеу әдіснамасын қайта қарап, халықтың табыстары бойынша деректер ретінде Jusan карточкасы арқылы жалақы алатын қазақстандықтардың жалақысының ай сайынғы статистикасын қолдану туралы шешім қабылдадық.

Әдіснама:

  1. Дастархан индексі Алматы мен Астана қалалары бойынша деректер негізінде есептелді.
  2. Тауарлар қоржынына арнайы тамақ өнімдері іріктеліп алынды. Олар қазақстандықтардың сүйікті 5 тағамын жасауға пайдаланылады:
  • Сорпа (бірінші тағам);
  • Етауқат (екінші тағам);
  • Жаңа дайындалған салат;
  • Бауырсак;
  • Жент (десерт);
  • Сүт қосылған шай (сусын).

Азық-түлік қоржыны Дастархан индексінің тағамдарын дайындауға қажетті өнімдердің тізімі мен өзара ара қатынасына қарай анықталады (төмендегіден қараңыз). Өнімдер мен тағамдарды қазақтың авторлық «Tarih» мейрамханасы тексеріп, мақұлдады.

Тағамдардың құрамы мен салмағы кестеде көрсетілген:

Тағам

Өнімдердің салмағы,

кг/л/дана

 

Тағам

Өнімдердің салмағы,

кг/л/дана

Сорпа

 

Бауырсак

Қой еті

0.17

 

Ұн

0.044

Картоп

0.10

 

Сүт

0.025

Сәбіз

0.06

 

Ашытқы

0.001

Қызанақ

0.04

 

Қант

0.01

Пияз

0.04

 

Күнбағыс майы

0.02

Етауқат

 

Жент

Жұмыртқа

0.02

 

Тары

0.08

Ұн

0.15

 

Қант

0.03

Басты пияз

0.04

 

Сары май

0.03

Картоп

0.10

 

Шай

Қой еті

0.07

 

Қара шай

0.01

Жылқы еті

0.07

 

Сүт

0.03

Сиыр еті

0.07

     

Жаңа дайындалған салат

     

Қияр

0.03

     

Қызанақ

0.10

     

Күнбағыс майы

0.01

     

Одан әрі қарай Jusan Analytics азық-түлік себетінің бағасын шығару үшін есептеулер жүргізеді:

  • Тағам құрамындағы өнімдер саны = Ингредиент * өнімнің салмағы
  • Тағам құрамындағы өнімнің бағасы = Тағам құрамындағы өнімнің саны * баға
  • Тағамның бағасы = тағамның құрамына кіретін өнімдердің бағасы
  • Дастархан индексіне енетін тағамдар топтамасының бағасы = 5 тағамның бағаларының сомасы

Азық-түлік қоржынының бағасы бойынша сандық деректерді ала отырып, мына формула бойынша Дастархан индексіне өтеміз:

Дастархан индексі =

Орташа жалақы

Тағамдар топтамасының бағасы

Jusan Index


Сатып алушылық қабілетАйжан Әлібекова

12 сәуір 23

296

Негізгі халықаралық қаржы институттарының болжамдары

Инфляция бойынша 2023.12.04 қарасты болжамдары, %

ХВҚ
  2022 2023 2024
Дамушы елдер 10.9 6.1 -
Дамыған елдер 7.5 3.1 -
Еуроаймақ 7.3 3.9 -
Жапония 1.9 1.3 -
АҚШ 7.7 3

-

 

S&P Global Ratings
  2022 2023 2024
АҚШ 6.7 2.6 -
Қытай 2.4 2.5 -
Үндістан 7.3 6.8 -
Еуроаймақ 6.4 3 -

 

Moody’s
  2022 2023 2024
Дамыған елдер
АҚШ 7.0 2.3 -
Германия 8.6 3.2 -
Ұлыбритания 11 3.8 -
Франция 5.7 2.4 -
Аустралия 7.8 4.3 -
Дамушы елдер
Қытай 3.0 2.5 -
Үндістан 6.8 5.2 -
Бразилия 7.5 5.5 -
Ресей 14.1 6.9 -
Түркия 68.6 40 -

 

ЭДЫҰ
  2022 2023 2024
АҚШ 6.2 3.4 -
Еуроаймақ 8.1 6.2 -
Жапония 2.2 2.0 -
Қытай 2.2 3.1 -
Үндістан 6.7 5.9 -
Түркия 71.0 40.8 -
Дамыған елдер 6.3 4.25 2.5

 

Экономикалық өсім бойынша 23.12.04 қарасты болжамдары, %

Әлемдік ЖІӨ өсімі
  2022 2023 2024
Дүніежүзілік банк 2.9 1.7 2.7
ХВҚ 3.2 2.8 3.0
ЭДЫҰ 3.1 2.6 2.9
БҰҰ 2.5 1.9 2.7
Fitch Ratings 2.4 2.0 2.4
S&P 3.6 2.2 3.1
Moody's 2.5 2.1 -

 

Дамыған елдердің ЖІӨ өсімі
  2022 2023 2024
Дүніежүзілік банк 2.6 0.5 1.6
ХВҚ 2.4 1.2 1.4
БҰҰ 2.8 0.4 1.6
Moody's 2.1 1.1 -

 

Дамушы елдердің ЖІӨ өсімі
  2022 2023 2024
Дүніежүзілік банк 3.4 3.4 4.1
ХВҚ 3.7 4.0 4.2
БҰҰ 4.1 3.9 4.1
Moody's 3.3 3.8 -
S&P 4.3 3.8 4.4

 

Қазақстан бойынша 23.12.04 қарасты болжамдары, %

Инфляция бойынша болжам
  2022 2023 2024
Дүніежүзілік банк 15.0 9.2  6.1 
S&P 7.0 5.5 5
Fitch Ratings 8.3 9.5 -
ХВҚ 14.0 11.3 -
АДБ 14.0 11.8  6.4 
ЕДБ   7.8 -

 

ЖІӨ өсімі бойынша болжам
  2022 2023 2024
ХВҚ 2.5 4.3 4.4
Дүніежүзілік банк 3.0 3.5 4.0
S&P 3.0 4.0 3.5
ЕҚҚДБ 3.0 4.2 4.0
АДБ 3.0 3.7 4.1

Цифрлар есебіндегі экономика


ҚұнсыздануЖІӨJusan Analytics

10 сәуір 23

180

Маңызды экономикалық уақиғалар күнтізбегі (2023 сәуір)

Күн Уақиғалар
2023.03.04 Қазақстанда инфляция бойынша статистика (наурыз)
2023.07.04 АҚШ пен Британиядағы Қасиетті жұма
2023.07.04 ҚРҰБ отырысы
2023.10.04 Британияда Пасха мерекесі
2023.11.04 Қазақстанның халықаралық резервтері бойынша статистика
2023.12.04 АҚШ-тағы инфляция бойынша статистика (наурыз)
2023.12.04 Ресейдегі инфляция бойынша статистика (наурыз)
2023.27.04 Жапония Банкінің 2 күндік отырысының басталуы/td>
2023.28.04 РОБ отырысы

Цифрлар есебіндегі экономика


ОқиғаларJusan Invest

Ең пайдалы ақпарат таратылымына жазылыңыз