Тақырып бойынша жарияланымдар Сауда
05 маусым 23
Экспорттық бағалар индексі
Jusan Analytics командасы Қазақстанның негізгі экспорттық тауарларының индексін есептеп шығарды (XPI JA)
Экспорттық бағалар индексі Қазақстанның негізгі экспорттық тауарларын қамтиды. Олар халықаралық тауар-шикізат биржаларында сатылатын тауарлар: шикі мұнай, табиғи газ, мыс, уран, бидай, мырыш,күміс және алюминий. Индекс 8 тауардың бағасының орташа геометриялық тұрғыда өлшенген бағасы ретінде есептеледі. Бұл ретте олардың жалпы экспорттағы және түзету коэффициентіндегі үлесі ескеріледі. Индекстің базалық мәні 2018 жылдың желтоқсанындағы бағалар бойынша 100-ді құрайды.
Экспорттық бағалар индексі қазақстандық экспорттың негізгі тауарлық топтарының әлемдік бағаларының базистік кезеңмен салыстырғанда ағымдағы кезеңдегі өзгерісін көрсетеді. Индекстің көмегімен тауарлық нарықтардың жағдаятының еліміздегі сауда-саттықтың жалпы шарттарына ықпалын бақылауға болады. Сонымен қатар белгілі бір дәрежеде әлемдік бағалар өзгерген жағдайда (экспорттың нақты физикалық көлемін есепке алмастан) экспорттық табыстардың серпінін бағалауға мүмкіндік береді.
Қазақстан экспортының жоғары тауарлық шоғырланымын ескере отырып, қосымша ретінде шикі мұнайды есепке алмай Экспорттық бағалар индексі әзірленді. Бұл индекс экспортта алатын үлесі аз, басқа тауарлардың бағасының серпінін анықтауға көмектеседі. Осы ретте оларды сатқаннан түскен валюталық түсімдер қандай да бір дәрежеде Қазақстанда шетелдік валютаны ұсыну көлеміне ықпал етуі мүмкін.
Ескере кететін жайт, шикі мұнайды есепке алмастан жасалған Индекстің құбылмалылығы төмен. Оған себеп – оның құрылымы біркелкі әртараптандырылған. Бұл жеке алынған тауардың бүкіл қоржынға әсерін төмендетуге мүмкіндік береді.
Байыпты коэффициенттер Экспорттық бағалар индексінің валюталық құрылымын көрсетеді:
Тауардың атауы | Код | XPI JA(LCO=78) | XPI JA2(LCO=0) |
Мұнай | LCO | 78.03% | 0.00% |
Газ | NG | 6.08% | 27.69% |
Мыс | HG | 5.59% | 25.46% |
Уран | UXX | 4.15% | 18.90% |
Бидай | LWB | 2.25% | 10.23% |
Мырыш | MZN | 1.47% | 6.70% |
Күміс | SIZ | 1.28% | 5.83% |
Алюминий | MAL | 1.14% | 5.19% |
Экспорттық бағалар индексі үшін үлестердің осылайша таратылуы Қазақстанның негізгі тауарлар бойынша экспорттық қоржынының орташаландырылған құрлымын көрсетеді. Тауарлардың таңдамалы жиынтығы Сыртқы экономикалық қызметтің (СЭК) тауар номенклатурасының (ТН) 4-белгілік деңгейінде және экспорттық бағалардың биржалық бағаға тәуелділігі негізінде қалыптастырылады.
Төменде Экспорттық бағалар индексінің серпініне арналған интерактивтік графика орналастырылған. Қарап шығу ыңғайлы болуы үшін браузердің десктоптық (компьютерлік) нұсқасын пайдалануға немесе мобильді нұсқадан «Дербес компьютерге (ПК) арналған нұсқаға» өтуге кеңес береміз. Теңшеуді мобильді браузердің мәзірінен табуға болады – ол оң жақ бұрыштағы үш нүкте.
Jusan Index