Дауыс көмекшісі

kk
Қазақша
Русский
English
location

Зерттеу

06 қыркүйек 23

399

Қаржылық аналитика: күнделікті шығындарға қанша ақша жұмсаймыз?

Күнделікті өмірімізде ақшаны оңды-солды әртүрлі шығындарға жұмсайтынымыз белгілі. Шығындардың көлемі қажеттілігімізге, мән-жайларға және басқа да себептерге қарай әрқалай болып келеді. 

Кейбіреулерге тамақтың сапалы болуы маңызды болса, басқалар тұрақты түрде несие өтеуге мәжбүр болады. Ал базы-біреулер көңіл көтеруге, демалуға 
құмар келеді. Алайда мынадай сұрақтар жиі туындайды: қажеттіліктердің барлығына табысымыз жетеді ме? Лайықты, жайлы өмір сүру үшін қанша ақша керек? Біз өзімізді шығындарымыздың көлеміне қарап, орта тап өкілдеріне жатқыза аламыз ба?

Осыған байланысты біз базалық шығындарға, яғни әрбір адам немесе отбасы үшін сәл де болса жайлы өмір сүруге және негізгі өмірлік қажеттіліктерді қанағаттандыруға қажетті шығындарға талдау жүргізуді ұйғардық. Зерттеу нәтижесі бойынша біз Алматы мен Астана қызметкерлерін олардың табыстары мен шығындарына қарай 6 топқа бөлдік және сондай-ақ әрбір тапқа тиесілі мөлшерді анықтадық, мысалы әлеуметтік аз қамтылғандар, төмен қамтылғандар, төменгі орта тап, орта тап, табыс жоғары және толық қамтамасыз етілгендер.

Негізгі тұжырымдар:

  • Ай сайын базалық шығындарға орта есеппен 246.3 мың теңге немесе жалақының 60%-ы кетеді.
  • Ең көп шығындар жалақы алғаннан кейінгі алғашқы 4 күн ішінде жұмсалады екен.
  • Мегаполистерде жайлы өмір сүру және барлық базалық шығындар үшін кем дегенде айына 450 мың теңге қажет.
  • Барлық базалық шығындарды қанағаттандыру үшін Алматы мен Астанада жұмыс істейтіндердің жартысына жуығында (49%) шығындарды өтеу үшін жалақысы жете бермейді.
  • Сонымен қатар жұмыскелер мен қалалар арасында айтарлықтай теңсіздік байқалады - Алматыда қаржылық тапшылыққа тап болатындардың саны Астанаға қарағанда 4 есе жоғары.
  • Орташа тап өкілдеріне жалақылары 700 мыңнан 1.2 млн теңгеге дейін алатын жұмыскерлердің 4.4%-ы ғана жатады. Олардың күнделікті шығындары табыстарының 40-50%-ын құрайды.
  • Табыстары орташа деңгейден жоғары жұмыскерлердің үлесі жұмыспен қамтылған халық ішінде бар болғаны 2%- ғы ие.

Біржолғы зерттеулер


Өмір сүру деңгейіТұтынушылық белсенділікАлександра Молчановская

24 тамыз 23

112

Қоғамдық тамақтандыру нарығын талдау

Біздің зерттеу қоғамдық тамақтандырудың әлемдік нарығын және Қазақстанның екі ең ірі қалалары – Алматы мен Астананың қоғамдық тамақтандыру нарығын талдауға арналған. Аталмыш жұмыс мейрамханалар мен кафелер, барлар, фаст-фуд мейрамханалар секілді әртүрлі кәсіпорындарды, сондай-ақ тамақ жеткізу қызметін қамтиды.       

Қоғамдық тамақтандырудың әлемдік нарығы тамақ жеткізу саласын дамыту, тамақ индустриясы саласында технологияларды дамыту және инновациялық тәсілдерді белсенді түрде енгізу қызметтеріне сүйене отырып, өз дамуын жалғастыруда.

Қазақстанның қоғамдық тамақтандыру нарығы қарқынды өсу сатысында енген. Бұл ретте ең танымал сегмент - толық қызмет көрсететін мейрамханалар. Отандық нарықты талдау біздің базамыздағы өзекті деректер негізінде жүргізілді. Ол клиенттердің шығындаған сомасы, жасаған транзакцияларының саны мен жиілігі туралы ақпараттарды қамтиды.    

Зерттеу нәтижесінде біз жоғары бәсекелестік салдарынан аталмыш бизнестің өміршеңдік деңгейінің төмен екендігін анықтадық – Қазақстанның ең ірі екі қаласында мейрамханалардың үштен бірі нарықта бір жыл ішінде жабылып қалады.

Қоғамдық тамақтандыру орындарының орташа чегі жыл барысында маусымдылық, мерекелер, экономикалық ахуалдар және т.б. секілді көптеген факторларға байланысты құбылып отырады. Орташа чек және қоғамдық тамақтандыру орындарына келу сондай-ақ келушілердің жасына да байланысты. 35 жастан асқандар мейрамханаларға сирек келетіндіктеріне қарамастан, әл келгенде ақшаны молынан жұмсайды. Ал 35 жасқа дейінгілер мейрамханаларға жиі барады, бірақ олардың орташа чегінің сомасы айтарлықтай төмен.        

Зерттеу нәтижелері аталмыш саланың стратегиясын әзірлеуге және жұмыс істеп жатқан немесе жаңа бизнес бойынша шешім қабылдауға пайдалы болуы мүмкін.

Біржолғы зерттеулер


БизнесНаргиза Макенова

09 тамыз 23

42

Монетарлық шарттар (2023 мамыр)

RMCI серпініне сәйкес 2023 жылдың мамырында монетарлық қатаңдықтық одан әрі күшеюі жалғасуда. Индексті құраушы қозғалыс экономикадағы бағаларға бірбағытты нәтиже береді. Бұл ретте монетарлық шарттардың қатаңдатылуына негізінен бағамдық құраушы ықпал етуде.

RMCI индексінің екі құрамдас бөлігі 2023 жылдың мамыр айының қорытындысы бойынша өзінің тепе-теңдік мәнінен көбірек ауытқи бастады. Нақты пайыздық мөлшерлемелер біртіндеп оң мәндер аймағына өтуде. Бұл ҚРҰБ базалық мөлшерлемесінің 16.75% деңгейінде сақталуы аясында бағалық қысымның әлсіреуі арқасында қамтамасыз етіліп жатыр. Бірақ соған қарамастан ол халықтың сатып алушылық ынта-ықыласына әлсіз ғана шектеушілік әсер етуде.

Біріншіден, халықтың ақша жинау немесе шығындау бойынша шешімі инфляцияның қандай болатыны туралы болжамға тікелей байланысты. Бұл болжамдар 2023 жылдың мамырының қорытындысы бойынша бағалардың нақты өсу қарқынынан (15.9) да жоғары болды (17). Яғни бұл экономикалық агенттердің инфляцияның одан әрі өсетіндігін іштей, түйсігімен күтетіндігін білдіреді. Ал олардың бұлай ойлауына тұрғын үй-коммуналдық қызмет және ЖЖМ нарығындағы бағалық жағдаят әсер етуде. Ал екіншіден, тұтынушылық несие берудің қолжетімділігі, сондай-ақ белсенді қазыналық басқару құралы тұтынушылық сұранысты артық деңгейде сақтауға итермелейді. Бұл әрине, нарықтық күштерде теңгерімсіздікті қалыптастырады. 

Нақты тиімді теңге бағамында оң алшақтықтың кеңеюі оның ішінде жоғары базалық мөлшерлемемен қамтамасыз етіледі және бұл монетарлық шарттар тарапынан бағалардың импорттық құрауыштарына шектеуші ықпалдың күшеюіне әкеп соғады. Осылайша ақша-несие шарттарының негізгі ықпалы көп жағдайда тұтыну инфляцияның сыртқы құрамдауыш бөліктерін бақылауға алумен білінеді. Ал сол кезде ішкі бағалық қысымды шектеуге бағытталған шаралардан нәтиже болмайды. Бұған макроэкономикалық саясаттардың келісілмегендігі және ақша-несие саясатының трансмиссиялық механизмінің пайыздық арнасының әлсіздігі себеп болуда.   
 

Мерзімді зерттеулер


ҚұнсыздануТұтынушылық белсенділікБазалық мөлшерлемеАйжан Әлібекова

07 тамыз 23

69

Экономиканың озыңқы индикаторы (2023 6 айы)

Алғашқы жартыжылдықтың деректері бойынша экономика 5%-ға, ал ҚЭИ 5.6%-ға өсті. ҚЭИ мен ЖІӨ арасындағы айырмашылықтың үлкейе түсуі кәсіпқойлық қызметтер, жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар, сондай-ақ мемлекеттік басқару және қорғаныс салаларындағы экономикалық құлдырау нәтижесінде орын алды. Циклдік салалар әлі де экономиканың басты драйвері болып қалуда. Олар мемлекеттік шығындардың өсуі, тұтынушылар белсенділігінің артуы және инфрақұрылымдарды жаңғырту бойынша жоспарларды орындау аясында қостаңбалы мәнде өсіп жатыр. Біз бұл салаларда жоғары өсу қарқыны одан әрі сақталатындығын күтеміз.

Өнеркәсіптік сектор да экономикаға оң серпін беруде. Айталық, базаның әсері арқасында тау-кен өндіру өнеркәсібі өткен жылдың маусым айымен салыстырғанда 15.4%-ға өсті. Өткен жылы КҚК мен Қашаған кенішіндегі қиындықтар қараша айына дейін жалғасқанын ескерер болсақ, жыл соңына дейін бұл салалардың жоғары деңгейде дамитындығын күтуге болады.       

Осылайша бұған дейін байқалған үрдістер сақталады және экономика ысыну аймағында болуын жалғастырады.

Жоғарыда айтылғандарды ескерер болсақ, алдағы айда экономиканың жоғары даму қарқынының 4.7-5.0% ауқымында сақталатындығын, ал кейіннен 4.5-4.8%-ға дейін аздап, төмендейтіндігін күтеміз. Бұған сонымен қатар іскерлік белсенділік тарапынан жағдайдың жақсарғандығы, халық тарапынан тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге сұраныстың артуы, құрылыс саласының күрт дамуы және сыртқы нарықтардағы тұрақты ахуал да оң сипатта әсер ететін болады.

Алайда геосаяси ахуалдардың нашарлауы, сұраныстың жеткіліксіздігіне байланысты мұнай бағасының түсуі және ел ішінде бағалардың өсуі тарапынан келетін қауіп-қатерлер сақталады.

Біздің болжауымыз бойынша 2024 жылдан бастап, экономиканың жыл сайынғы өсімі 3.9-4.2% деңгейінде болады. Мұндай өсімнің негізгі қозғаушы күштерінің бірі - көмірсутектік сектор болмақ. Өйткені мұнай кеніштері көбейеді, мұнай өңдеу артады, тауар жеткізудің балама жолдары ашылады, сондай-ақ ұлттық даму жоспарын орындау аясында жаңа өндірістер енгізіледі.


Іскерлік белсенділікКлара Сейдахметова

01 тамыз 23

241

Қазақстандағы туризм

Кең байтақ Қазақстанның табиғаты алуан түрлі. Туристік тұрғыда мұның барлығы олардың тартымдылығын арттыра түсері анық. Алайда тек қана әсем табиғаттың болуы шетелдік туристер тарапынан сұраныстың артуына ешқандай кепілдік бере алмайды. 

World Economic Forum әзірлейтін Travel & Tourism Development Index 2021 рейтингіне сәйкес Қазақстан 117 елдің ішінде 66 орында келеді. Осы рейтингті жасаушылардың айтуынша Қазақстанның туристік тұрғыда ең осал жері – әуе көлігінің инфрақұрылымы және мәдени ойын-сауық инфрақұрылымының әлсіздігі. 

Қазақстанның туризміне Ұлттық статистика бюросының ресми деректері мен клиенттеріміздің шығындары бойынша Jusan big data-тің деректері негізінде талдау жасалды. Бұл ретте біздің іріктемеге алатын табыстары әрқалай, 20 жастан 70 жас аралығындағы азаматтардың жас топтары енді. 

Айталық, біздің талдау бойынша негізгі саяхатшылар – 26-30 және 31-35 жас жас аралығындағы жас азаматтар. Осы жас топтарындағы қазақстандықтардың 90%-дан астамы жылында кемінде 1 рет 2 және одан да көп күнге ел аумағын аралуға немесе шетелге шыққан. Ішкі туризм мен шетелге шығу туризмінің арақатынасы сәйкесінше 60% және 40%-ды құрайды. 

Отандық туристердің ең көп санды сегменті жалақысы 200 мың теңгеге дейін жалақы алатын адамдардан тұрады. Яғни Қазақстанда туристік ағынның 60%-ы – айына 200 мың теңгеге дейін табыс алатындар. Айына 1 млн теңгеден асырып алатындар да саяхатқа жиі шығады. Бұл топта саяхат жасауға құмар адамдардың үлесі 80%-ды құрайды деуге болады. Айына 400 мың теңгеге дейін алатын туристер 70% жағдайда Қазақстан бойынша саяхатты таңдайды. Айына 500 мың теңге және одан жоғары жалақы алатын 26-40 жастық топтары арасында шығу туризмі өте танымал.    

Шетелге шығу туризмі барысында жастық топтардың көпшілігінің орташа чегі тәулігіне 100 мың теңгеден асатын болса, ішкі туризмде бұл тәулігіне 10-15 мың теңгені құрайды. Шетелге жасалатын сапарлардың орташа ұзақтығы - 7-9 күн. Ел ішінде саяхат жасаудың ең танымал ұзақтығы 2 күнді құрайды (демалыс күнгі тур).

Ішкі туризмде сапар шегудегі басты мақсат – туған-туыстар және достармен кездесу. Ішкі туристер үшін танымал бағыттар – Алматы қ., Алматы және Ақмола облыстары және Астана қ. Ішкі туристер саяхат жасауға негізінен теміржол көлігі мен өздерінің жеке автокөліктерін пайдаланады. Көліктердің бұл түріне туристік ағынның 60%-дан астамы сәйкес келеді. 

Барлық жас санаттары бойынша орташа тәуліктің чек Алматыда 18 мың теңге, ал Астанада 12 мың теңгені құрады. Орташа чекте ең үлкен үлес қонақ үйлерге тиесілі -  42%. Қоғамдық тамақтандыруды ұйымдастыруға және дүкендерге шығындардың 16%-ы жұмсалады. Ішкі туристердің айтарлықтай бөлігі Алматы мен Астанаға белсенді түрде өз көліктермен барады. Бұған жанармай қүю стансаларына кететін шығындардың жоғары үлесі (10%) дәлел бола алады.  

Қазақстандық туристердлің басым бөлігі жақын көрші елдерге – Ресейге, Қырғызстанға және Өзбекстанға барады.  Әр жылдары бүкіл шетелге шығу туристік ағынының 70%-90% пайызы осы елдерге тура келетін. Алыс шет мемлекеттер бойынша қазақстандық туристер арасында ең танымал «курорттық елдер»: Түркия, БАӘ және Мысыр.

«Курорттық елдерде» қазақстандық туристер ең көп шығынды «Қонақ үйлер» санатында жүзеге асырады – ол орташа тәуліктік чектің 65%-ын құрайды. Шығындардың 18%-ы дүкендерге тура келеді. Бір қызығы, такси мен жанармай құю стансаларына жұмысалатын шығындардың көлемі бірдей – орташа тәуліктік чектің 4%-ына тең.                       

Қазақстандық туристердің Мысырдағы орташа шығындары барлық санаттар бойынша Түркия мен БАӘ-дегі шығындардан айтарлықтай арзан. Түркияда қазақстандық туристер таксиге қарағанда жанармай құюға көп ақша жұмсайды. Сәйкесінше Түркияда автокөлікті жалға алу, ал БАӘ-де такси қызметін пайдалану анағұрлым танымал. Бір қызығы, Түркияда жанармай құюға қатысты ең жоғары шығындар айына 300-700 мың теңге алатын  орташа табысты туристерге тиесілі.     

Айына 1 млн теңгеден астам табыс алатын туристер такси қызметін де, автомобильді жалға алу қызметін де белсенді пайдаланады. Қалған туристердің бұл тұрғыда белсенділігі төмен.  

Қазақстанға келетін туристердің 85%-дан астамы үш ел – Ресейдің, Өзбекстанның және Қырғызстанның азаматтары. Сол келушілердің шамамен 80%-ы жеке мақсатпен келеді. Мұны іскерлік туризм деп атауға болады.  Елімізге келетін шетелдік туристердің шамамен 1%-ының елімізге келудегі мақсаты – туризм.  

Біржолғы зерттеулер


ТуризмТимур Дауранов

04 шілде 23

61

Ағымдағы экономикалық белсенділікті бағалау бойынша дэшборд (2023.04.07)

2023 жылдың мамырында дэшборд нәтижесі бойынша талдауға алынған 30 фактордың 19-сы экономиканың қызуы асқынып тұрғанын көрсетеді. Еске саламыз, қызу - экономикада сұраныстың негізсіз өсуіне әкеп соғады. Яғни, ол қамтамасыз етілмеген деген сөз. Нәтижесінде сұранысты жабу үшін барлық ресурстар қолданылады. Ал бұл экономиканың құрылымдық тұрғыда ығысуына, инфляцияның өсуіне және нарықта экономикалық көпіршіктің пайда болуына әкеледі.

Экономиканың ысынуын бағалаудың төмендеуі бағалар тарапынан қысымның азаюы аясында одан әрі жалғасты. Тежеуші ақша-несие шарттарын формалды қолдауға қарамастан, бөлшек саудалық несие беру одан әрі кеңейе түсті. Бұл бюджеттік қаражатты циклді түрде құюмен қатар, сатып алу қабілетінің жоғары болуын қамтамасыз етеді. Экономикадағы жиынтық сұраныс белсенді болып тұр. Бұл жоғары базалық мөлшерлеменің қолдауы арқасында теңгенің тартымды позициясы аясында экономикалық белсенділіктің күткен деңгейден жоғары қалыптасуына және импорт көлемінің одан әрі жоғарылауына септігін тигізеді.

Экономиканың қызуының сақталуы, бағалардың өсуі, сондай-ақ инфляциялық болжамдардың нашарлауы ҚРҰБ Ақша-несие саясаты жөніндегі комитетінің алдағы отырысында базалық мөлшерлемені ағымдағы деңгейде сақтауға алғышарттар болып табылады. Бұл ретте мамыр айының қорытындысы бойынша экономиканың қызуын бағалаудың суынуы монтералық реттеушінің риторикасын жұмсарту факторына айналуы мүмкін.
 


09 маусым 23

249

Қазақстанның банк секторына талдамалы шолу (2012-2022 ж.)

Банк секторы елдің әлеуметтік-экономикалық хал-ахуалын, дамуын көрсететін маңызды көрсеткіш. 

Қазақстан үшін соңғы жылдар қиыншылықтарға толы болды. Бұл жерде COVID-19 пандемиясын, Ресей мен Украина арасындағы әскери қақтығысты, өзара санкциялар, инфляцияның үдеуі және орталық банктердің оны ауыздықтау үшін іске асырған қатаң шараларын еске алуға болады. Осы және өзге де факторлар әрине, Қазақстанның банк секторына да әсер етті. Алайда нарықтың басты даму үрдістері бұл аталған оқиғаларға дейін-ақ басталған еді. 

Соңғы 10 жылда нарық бірқатар өзгерістерге ұшырады. Бұл өзгерістер екінші деңгейдегі банктердің корпоративтік құрылымына, активтері мен міндеттемелеріне айтарлықтай әсер етті. Банкротқа ұшырау, қосып алу, сіңіріп алу оқиғалары жыл сайын дерлік орын алады. Бұл ретте нарықтың шоғырлануы одан әрі жалғасуда: ірі банктер өсіп жатыр, ал ұсақ банктер жанталасып өмір сүруге мәжбүр болуда.   

 Банк секторының соңғы жылдардағы қимыл-қозғалысына зер салсақ, құрылымдық мәселелер нарықтан тыс қалыптасатынына көз жеткіздік. Банктерді оңалту бойынша қабылданып жатқан шаралардың жеткіліксіз болып жатқаны мүмкін осы себептен шығар.   

Айталық, экономикада нақты және белсенді корпоративтік қарыз алушылар саны азайып кетті. Шән мәнісінде макроэкономикалық мәселелер кәсіпорындардың өнімділігіне кері әсер етеді, ал мемлекеттің бизнесті қолдауы нақты жағдайдың шынайылығын бүркемелейді. 

Мұндай жағдайда банктердің шешімдер қабылдау және жобалардың қаржылық моделін талдау бойынша стандартты жүйелері дәрменсіз болып қалады. Көптеген компаниялардың, тіпті ірі салалардың да кредиттік тарихы нашар. Оған қоса жыл сайын бірқатар компаниялар жабылып, олардың орындарына басқа компаниялар ашылады. Банктер болса өздерінің тұрақты клиенттерінен айырылып қалмау үшін оларға әр түрлі жеңілдіктер береді.   

Заңды тұлғаларға ұзақ мерзімді несие беру қысқарып жатқандықтан, банктер жеке тұлғаларға бағдар түзеуге мәжбүр болуда. Соңғы 5 жылда бөлшек саудалық сегмент банк жүйесін дамытудың локомотивіне айналды десе де болғандай. Негізі тез өсу күрделі қауіп-қатерлерге әкеп соғуы мүмкін: бөлшек саудалық сегментте тәуекелдер білімсіз болып жиналып, кейін өте үлкен жылдамдықпен жүзеге асуы мүмкін. Мұның салдары ауыр болуы ықтимал.     

Бөлшек саудалық сегменттің дамуы цифрландыру мәселесін бірінші кезекке қойды. Банктер клиенттерді өзіне тарту және оларды ұстап тұру үшін цифрлық экожүйелерді құрып жатыр. Олар алғашқылардың бірі болып, бизнесті дамыту үшін өздерінің Big-Data-ларын қолдана бастады. Көптеген банктер клиенттерінің портреттерін: олардың қажеттілігі мен тұтынушылық әдет-ғұрыптарын айқындауға үйренді. Қазір нарыққа жәй стандартты өнімдермен шыға салу аздық етеді. Оның тиімділігі де төмен болады. 

Бұл жұмыста біз еліміздің банк нарығының соңғы 10 жылдағы хал-ахуалына талдау жасап, ондағы негізгі үрдістерді анықтауға әрекет жасадық. 

Біржолғы зерттеулер


БанктерТимур ДаурановСұңғат Рысбек

Ең пайдалы ақпарат таратылымына жазылыңыз