Дауыс көмекшісі

kk
Қазақша
Русский
English
location

Экономиканың озыңқы индикаторы (2023 6 айы)

Алғашқы жартыжылдықтың деректері бойынша экономика 5%-ға, ал ҚЭИ 5.6%-ға өсті. ҚЭИ мен ЖІӨ арасындағы айырмашылықтың үлкейе түсуі кәсіпқойлық қызметтер, жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар, сондай-ақ мемлекеттік басқару және қорғаныс салаларындағы экономикалық құлдырау нәтижесінде орын алды. Циклдік салалар әлі де экономиканың басты драйвері болып қалуда. Олар мемлекеттік шығындардың өсуі, тұтынушылар белсенділігінің артуы және инфрақұрылымдарды жаңғырту бойынша жоспарларды орындау аясында қостаңбалы мәнде өсіп жатыр. Біз бұл салаларда жоғары өсу қарқыны одан әрі сақталатындығын күтеміз.

Өнеркәсіптік сектор да экономикаға оң серпін беруде. Айталық, базаның әсері арқасында тау-кен өндіру өнеркәсібі өткен жылдың маусым айымен салыстырғанда 15.4%-ға өсті. Өткен жылы КҚК мен Қашаған кенішіндегі қиындықтар қараша айына дейін жалғасқанын ескерер болсақ, жыл соңына дейін бұл салалардың жоғары деңгейде дамитындығын күтуге болады.       

Осылайша бұған дейін байқалған үрдістер сақталады және экономика ысыну аймағында болуын жалғастырады.

Жоғарыда айтылғандарды ескерер болсақ, алдағы айда экономиканың жоғары даму қарқынының 4.7-5.0% ауқымында сақталатындығын, ал кейіннен 4.5-4.8%-ға дейін аздап, төмендейтіндігін күтеміз. Бұған сонымен қатар іскерлік белсенділік тарапынан жағдайдың жақсарғандығы, халық тарапынан тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге сұраныстың артуы, құрылыс саласының күрт дамуы және сыртқы нарықтардағы тұрақты ахуал да оң сипатта әсер ететін болады.

Алайда геосаяси ахуалдардың нашарлауы, сұраныстың жеткіліксіздігіне байланысты мұнай бағасының түсуі және ел ішінде бағалардың өсуі тарапынан келетін қауіп-қатерлер сақталады.

Біздің болжауымыз бойынша 2024 жылдан бастап, экономиканың жыл сайынғы өсімі 3.9-4.2% деңгейінде болады. Мұндай өсімнің негізгі қозғаушы күштерінің бірі - көмірсутектік сектор болмақ. Өйткені мұнай кеніштері көбейеді, мұнай өңдеу артады, тауар жеткізудің балама жолдары ашылады, сондай-ақ ұлттық даму жоспарын орындау аясында жаңа өндірістер енгізіледі.

Тақырып туралы толық мағлұматты төмендегі құжаттан оқыңыз

Клара Сейдахметова

Аға талдаушы

Ұқсас жаңалықтар

09 қазан 23

447

Жұмыссыз қалмау жолдары: еңбек нарығының болашағы туралы нені білу қажет

Дүниежүзілік экономикалық форумның сарапшылары (ДЭФ) бизнестің дамуы, мамандықтар мен дағдылар туралы алдағы 5 жылға жаңа болжамдар ұсынды. ДЭФ зерттеуі ірі жұмыс берушілер арасында жүргізілген сауалнамаға және олардың бизнесті, мамандықтарды және дағдыларды дамытуға қатысты болжамдарына негізделді. Сауалнамаға әлемнің барлық аймақтарын қамтитын 45 экономиканы және 27 салалық кластерді қамтитын, 11.3 миллионнан астам адам жұмыс істейтін 803 компания қатысты.

Негізгі тұжырымдар:

  • Жұмыс берушілердің болжауынша жұмыс орындарының 23%-ы құрылымдық өзгеріске ұшырайды;
  • «жасыл экономика» - жаңа жұмыс орындарының басты қайнар көзі;
  • еңбек нарығы үшін ең үлкен қауіп – экономикалық сын-қатерлер;
  • озық технологиялар бизнесті дамытудың басты қозғаушы күші болып қала бермек;
  • сауалнама жүргізілген компаниялардың шамамен 75%-ы 2027 жылға қарай жасанды интеллектіні енгізуді жоспарлауда;
  • 2027 жылға қарай бизнес-міндеттердің 43%-ға жуығын машиналар орындайтын болады;
  • ең сұранысқа ие мамандық – жасанды сана және машиналық оқыту бойынша мамандар;
  • талдамдық ой – мансап жемісті болуы үшін қажетті негізгі дағды;
  • сауалнамаға жауап берген жұмыс берушілердің 47%-ы жұмысқа адам алуда олардың дағдыларын бағалайды, ал 45%-ы диплом талап етеді;
  • алдағы бес жылда жұмыскерлерге қажетті дағдылардың 44%-ы ескіреді, 10 қызметкердің алтауы оқыту курстарынан өтулері керек болады;
  • Қазақстанда жұмыспен қамтылғандардың 5%-ы ғана өздерінің біліктіліктерін жыл сайын арттырады.

Біржолғы зерттеулер


Бизнесеңбек нарығыАлександра Молчановская

06 қыркүйек 23

1869

Қаржылық аналитика: күнделікті шығындарға қанша ақша жұмсаймыз?

Күнделікті өмірімізде ақшаны оңды-солды әртүрлі шығындарға жұмсайтынымыз белгілі. Шығындардың көлемі қажеттілігімізге, мән-жайларға және басқа да себептерге қарай әрқалай болып келеді. 

Кейбіреулерге тамақтың сапалы болуы маңызды болса, басқалар тұрақты түрде несие өтеуге мәжбүр болады. Ал базы-біреулер көңіл көтеруге, демалуға 
құмар келеді. Алайда мынадай сұрақтар жиі туындайды: қажеттіліктердің барлығына табысымыз жетеді ме? Лайықты, жайлы өмір сүру үшін қанша ақша керек? Біз өзімізді шығындарымыздың көлеміне қарап, орта тап өкілдеріне жатқыза аламыз ба?

Осыған байланысты біз базалық шығындарға, яғни әрбір адам немесе отбасы үшін сәл де болса жайлы өмір сүруге және негізгі өмірлік қажеттіліктерді қанағаттандыруға қажетті шығындарға талдау жүргізуді ұйғардық. Зерттеу нәтижесі бойынша біз Алматы мен Астана қызметкерлерін олардың табыстары мен шығындарына қарай 6 топқа бөлдік және сондай-ақ әрбір тапқа тиесілі мөлшерді анықтадық, мысалы әлеуметтік аз қамтылғандар, төмен қамтылғандар, төменгі орта тап, орта тап, табыс жоғары және толық қамтамасыз етілгендер.

Негізгі тұжырымдар:

  • Ай сайын базалық шығындарға орта есеппен 246.3 мың теңге немесе жалақының 60%-ы кетеді.
  • Ең көп шығындар жалақы алғаннан кейінгі алғашқы 4 күн ішінде жұмсалады екен.
  • Мегаполистерде жайлы өмір сүру және барлық базалық шығындар үшін кем дегенде айына 450 мың теңге қажет.
  • Барлық базалық шығындарды қанағаттандыру үшін Алматы мен Астанада жұмыс істейтіндердің жартысына жуығында (49%) шығындарды өтеу үшін жалақысы жете бермейді.
  • Сонымен қатар жұмыскелер мен қалалар арасында айтарлықтай теңсіздік байқалады - Алматыда қаржылық тапшылыққа тап болатындардың саны Астанаға қарағанда 4 есе жоғары.
  • Орташа тап өкілдеріне жалақылары 700 мыңнан 1.2 млн теңгеге дейін алатын жұмыскерлердің 4.4%-ы ғана жатады. Олардың күнделікті шығындары табыстарының 40-50%-ын құрайды.
  • Табыстары орташа деңгейден жоғары жұмыскерлердің үлесі жұмыспен қамтылған халық ішінде бар болғаны 2%- ғы ие.

Біржолғы зерттеулер


Тұтынушылық белсенділікӨмір сүру деңгейіАлександра Молчановская

Ең пайдалы ақпарат таратылымына жазылыңыз