Дауыс көмекшісі

kk
Қазақша
Русский
English
location

Тақырып бойынша жарияланымдар Тұтынушылық белсенділік

06 қыркүйек 23

1939

Қаржылық аналитика: күнделікті шығындарға қанша ақша жұмсаймыз?

Күнделікті өмірімізде ақшаны оңды-солды әртүрлі шығындарға жұмсайтынымыз белгілі. Шығындардың көлемі қажеттілігімізге, мән-жайларға және басқа да себептерге қарай әрқалай болып келеді. 

Кейбіреулерге тамақтың сапалы болуы маңызды болса, басқалар тұрақты түрде несие өтеуге мәжбүр болады. Ал базы-біреулер көңіл көтеруге, демалуға 
құмар келеді. Алайда мынадай сұрақтар жиі туындайды: қажеттіліктердің барлығына табысымыз жетеді ме? Лайықты, жайлы өмір сүру үшін қанша ақша керек? Біз өзімізді шығындарымыздың көлеміне қарап, орта тап өкілдеріне жатқыза аламыз ба?

Осыған байланысты біз базалық шығындарға, яғни әрбір адам немесе отбасы үшін сәл де болса жайлы өмір сүруге және негізгі өмірлік қажеттіліктерді қанағаттандыруға қажетті шығындарға талдау жүргізуді ұйғардық. Зерттеу нәтижесі бойынша біз Алматы мен Астана қызметкерлерін олардың табыстары мен шығындарына қарай 6 топқа бөлдік және сондай-ақ әрбір тапқа тиесілі мөлшерді анықтадық, мысалы әлеуметтік аз қамтылғандар, төмен қамтылғандар, төменгі орта тап, орта тап, табыс жоғары және толық қамтамасыз етілгендер.

Негізгі тұжырымдар:

  • Ай сайын базалық шығындарға орта есеппен 246.3 мың теңге немесе жалақының 60%-ы кетеді.
  • Ең көп шығындар жалақы алғаннан кейінгі алғашқы 4 күн ішінде жұмсалады екен.
  • Мегаполистерде жайлы өмір сүру және барлық базалық шығындар үшін кем дегенде айына 450 мың теңге қажет.
  • Барлық базалық шығындарды қанағаттандыру үшін Алматы мен Астанада жұмыс істейтіндердің жартысына жуығында (49%) шығындарды өтеу үшін жалақысы жете бермейді.
  • Сонымен қатар жұмыскелер мен қалалар арасында айтарлықтай теңсіздік байқалады - Алматыда қаржылық тапшылыққа тап болатындардың саны Астанаға қарағанда 4 есе жоғары.
  • Орташа тап өкілдеріне жалақылары 700 мыңнан 1.2 млн теңгеге дейін алатын жұмыскерлердің 4.4%-ы ғана жатады. Олардың күнделікті шығындары табыстарының 40-50%-ын құрайды.
  • Табыстары орташа деңгейден жоғары жұмыскерлердің үлесі жұмыспен қамтылған халық ішінде бар болғаны 2%- ғы ие.

Біржолғы зерттеулер


Өмір сүру деңгейіТұтынушылық белсенділікАлександра Молчановская

09 тамыз 23

145

Монетарлық шарттар (2023 мамыр)

RMCI серпініне сәйкес 2023 жылдың мамырында монетарлық қатаңдықтық одан әрі күшеюі жалғасуда. Индексті құраушы қозғалыс экономикадағы бағаларға бірбағытты нәтиже береді. Бұл ретте монетарлық шарттардың қатаңдатылуына негізінен бағамдық құраушы ықпал етуде.

RMCI индексінің екі құрамдас бөлігі 2023 жылдың мамыр айының қорытындысы бойынша өзінің тепе-теңдік мәнінен көбірек ауытқи бастады. Нақты пайыздық мөлшерлемелер біртіндеп оң мәндер аймағына өтуде. Бұл ҚРҰБ базалық мөлшерлемесінің 16.75% деңгейінде сақталуы аясында бағалық қысымның әлсіреуі арқасында қамтамасыз етіліп жатыр. Бірақ соған қарамастан ол халықтың сатып алушылық ынта-ықыласына әлсіз ғана шектеушілік әсер етуде.

Біріншіден, халықтың ақша жинау немесе шығындау бойынша шешімі инфляцияның қандай болатыны туралы болжамға тікелей байланысты. Бұл болжамдар 2023 жылдың мамырының қорытындысы бойынша бағалардың нақты өсу қарқынынан (15.9) да жоғары болды (17). Яғни бұл экономикалық агенттердің инфляцияның одан әрі өсетіндігін іштей, түйсігімен күтетіндігін білдіреді. Ал олардың бұлай ойлауына тұрғын үй-коммуналдық қызмет және ЖЖМ нарығындағы бағалық жағдаят әсер етуде. Ал екіншіден, тұтынушылық несие берудің қолжетімділігі, сондай-ақ белсенді қазыналық басқару құралы тұтынушылық сұранысты артық деңгейде сақтауға итермелейді. Бұл әрине, нарықтық күштерде теңгерімсіздікті қалыптастырады. 

Нақты тиімді теңге бағамында оң алшақтықтың кеңеюі оның ішінде жоғары базалық мөлшерлемемен қамтамасыз етіледі және бұл монетарлық шарттар тарапынан бағалардың импорттық құрауыштарына шектеуші ықпалдың күшеюіне әкеп соғады. Осылайша ақша-несие шарттарының негізгі ықпалы көп жағдайда тұтыну инфляцияның сыртқы құрамдауыш бөліктерін бақылауға алумен білінеді. Ал сол кезде ішкі бағалық қысымды шектеуге бағытталған шаралардан нәтиже болмайды. Бұған макроэкономикалық саясаттардың келісілмегендігі және ақша-несие саясатының трансмиссиялық механизмінің пайыздық арнасының әлсіздігі себеп болуда.   
 

Мерзімді зерттеулер


ҚұнсыздануТұтынушылық белсенділікБазалық мөлшерлемеАйжан Әлібекова

17 ақпан 23

167

Монетарлық шарттар (2022 желтоқсан)

2022 жылғы желтоқсанда ақша-несие саясаты біршама қатаңдатылып, дезинфляциялық сипатқа ие бола бастады. Бұл бір мезгілде НТАБ-тың өзінің әлеуетінен жоғары деңгейде қалыптасуымен және нақты пайыздық мөлшерлемеде теріс алшақтықтың қысқаруымен бірге орын алды. RMCI индексінің мәні тежеуші монетарлық шарттар аймағында орналасқан. Бұл ретте ол бейтарап аймаққа жақын. Қаралып жатқан аймақта НТАБ мәні 2022 жылдың қарашасындағы деңгейінде қалды. Бұған сауда шарттарының қолайлы болғандығы септігін тигізді.

НТАБ-тың 2022 жылдың соңғы 5 айы ішінде нығаю үрдісі қазақстандық өндірушілердің шетел нарықтарында баға жағынан бәсекеге қабілеттілігін іргелі түрде тежеуі тиіс. Алайда геосаяси шиеленістерге байланысты жекелеген тауар нарықтарында тапшылықтың оқтын-оқтын пайда болуы Қазақстанның экспорттық түсіміне түсетін жағымсыз ықпалды төмендетеді. Индекстің бағамдық құрылымында оң алшақтықтың аздап қысқаруы оң үрдіс болып саналады. Өйткені бұл дерек НТАБ мәнінің шартталған іргелі тепе-теңдік мәніне қарай түзетіліп жатқандығына сәйкес келеді. Өйткені ол айтарлықтай қайта бағаланған болатын.

Осы ретте пайыздық құрам бөліктің алшақтығы 0-ге жақын болды. Ал нақты пайыздық мөлшерлеменің теріс сипаты азая түсті. Мұны реттеушінің 2022 жылдың қарашасында жүргізген өктемді шараларына қарамастан, желтоқсанның басында базалық мөлшерлеменің 75 б.т.-қа көтерілуімен және инфляциялық болжамдардың нашарлай бастуымен, сондай-ақ мемлекет тарапынан экономиканы қолдау шаралары аясында теңгелік өтімділіктің артығымен көбейіп жатқандығымен түсіндіруге болады.

Мерзімді зерттеулер


ҚұнсыздануТұтынушылық белсенділікБазалық мөлшерлемеАйжан Әлібекова

02 ақпан 23

140

Монетарлық шарттар (2022 қараша)

2022 жылдың қарашасында ақша-несие шарттарының қатаңдатылуы одан әрі жалғасты. Бұл теңгенің нақты тиімді айырбас бағамын одан әрі нығайту және нақты пайыздық мөлшерлемеде теріс алшақтықтың төмендеуі барысында НТАБ-ты өзінің әлеуетті деңгейінен жоғары қалыптастыру есебінен орын алды. 

RMCI индексінің мәні 2022 жылдың мамырынан бері тұңғыш рет тежеуші монетарлық шарттар аймағына өтті. ҚРҰБ-тың мөлшерлемелерді көтеру циклын аяқтағысы келетіндігі туралы нақты мәлімдемесін ескерер болсақ, пайыздық құрамдас бөліктің қысқа мерзімді әсері (инфляция төмендеу үрдісіне өткенге дейін) бейтарап сипатқа жақын болады. Инфляция төмендеген сайын, сондай-ақ НТАБ-та оң алшақтық сақталған жағдайда монетарлық шарттар іскерлік белсенділікті басып тастамау әрі жоғары инфляциялық ахуалды төмендету үшін бейтараптыққа жақын тежеуші сипатқа ие болады. 

Монетарлық шарттардың құрамдас бөліктері әлі де инфляциялық үдерістерге және экономикалық келешекке әр түрлі бағытта әсер етіп жатыр. Бағамдық бөлік оларды шектейді, ал пайыздық мөлшерлемелер іскерлік белсенділіктің өсуіне ынталандырушы сипатта әсер етеді және тұтынушылық және инвестициялық сұранысты аз шектейді. 

Мерзімді зерттеулер


ҚұнсыздануТұтынушылық белсенділікБазалық мөлшерлемеАйжан Әлібекова

30 желтоқсан 22

124

Монетарлық шарттар (2022 қазан)

Монетарлық шарттар индексінің (RMCI) серпіні отандық экономикада ақша-несие шарттарының шамасы өзгергендігін білдіреді. Қазан айында ақша-несие шарттары бұған дейінгі үш аймен салыстырғанда қатаңдатыла түсті. Сәйкесінше индекстің мәні ынталандырушы аймақтан бейтарап ақша-несие шарттарына өту жағдайына сәйкес келеді. 

Монетарлық шарттардың құраушы индексі инфляциялық үдерістер мен экономикалық келешекке әр түрлі бағытта ықпал етеді. Айталық, пайыздық мөлшерлеменің құрамдауыш бөлігі іскерлік белсенділіктің өсуіне оң әсер етеді, ал айырбас бағамының құрамдауыш бөлігі керісінше қатаң шарттар қалыптастырады. Ол экономикалық өсім мен инфляцияны бәсеңдететін жиынтық сұранысты тежейді.

Қазан айының қорытындысы бойынша пайыздық мөлшерлемелер экономикалық агенттердің тұтыну және инвестициялық жоспарларын шектеу үшін жеткілікті дәрежеде жоғары болған жоқ. Нәтижесінде нақты пайыздық мөлшерлемелер тұрғысынан алып қарағанда экономикалық өсім мен инфляцияны ынталандырушы қысым өткен кезеңге қарағанда арта түсті.

Мерзімді зерттеулер


ҚұнсыздануТұтынушылық белсенділікБазалық мөлшерлемеАйжан Әлібекова

30 қараша 22

116

Монетарлық шарттар (2022 қыркүйек)

Қыркүйектің қорытындысы бойынша монетарлық шарттар индексінің1 (RMCI) динамикасы әлі де ынталандырушы шарттарға сәйкес келеді. Алайда RMCI мәні бейтарап аймаққа етене жақындады. Бейтарап шарттар экономиканың бірқатар секторларының қысқа мерзімді өсуіне оң әсер ететін ықпалдарды жояды. Осылайша алдағы өзгерістердің көп жағдайда факторлардың нақты теңгерімін көрсетулеріне мүмкіндік жасайды.

Монетарлық шарттардың бейтарап аймаққа жылжуына теңгенің нақты тиімді бағамындағы оң алшақтық ықпал етті. Жалпы НТАБ теңгерімді мәннен шамалы ғана ауытқыды.

Мерзімді зерттеулер


ҚұнсыздануТұтынушылық белсенділікБазалық мөлшерлемеАйжан Әлібекова

19 қазан 22

125

Монетарлық шарттар (2022 тамыз)

2022 жылдың тамызының қорытындысы бойынша монетарлық шарттар1 (RMCI) экономикада жиынтық сұраныс пен іскерлік белсенділіктің өсуіне септігін тигізетін ынталандырушы жағдайлардың сақталғандығын білдіреді.

Бұған әсіресе нақты пайыздық мөлшерлемелердің теріс аймаққа (тамыздың қорытындысы бойынша -2.26%, шілдеде -1.91%) өтуі көп септігін тигізеді. Тамызда теңгенің нақты тиімді бағамы тарапынан бұған дейін байқалған теріс алшақтықтың 3 еседен аса қысқарғаны тіркелді. Бұл теңгенің атаулы өрнекте рубль мен еуроға қатысты нығайғаны және Еуропалық одақта инфляция деңгейінің өскендігі есебінен орын алды. Осы ретте теңгенің нақты тиімді бағамының ағымдағы алшақтығы елдің сауда-саттық қызметіне әлі де ынталандырушы сипатта ықпал етеді.

Мерзімді зерттеулер


ҚұнсыздануТұтынушылық белсенділікБазалық мөлшерлемеАйжан Әлібекова

13 қазан 22

262

Нарықтық транзит: «бэби бумерлер» «цифрлық ұрпаққа» қарсы

Өткен 10 жылдықта тұтыну нарығы «бэби бумерлердің» дүниетанымына бейімделіп келген еді. Ендігі 10 жылдықта нарық әлемді көз алдына смартфонсыз елестете алмайтын «цифрлық ұрпаққа» бейімделетін болады. Соңғы 5 жыл ішінде әрбір қазақстандық азамат тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді орта есеппен 20%-ға көп тұтынатын болды. Ішкі нарық экономикалық және демографиялық факторлардың ықпалына байланысты 24 млрд астам АҚШ долларына өсті.

Сонымен қатар тұтыну нарығында кең көлемді құрылымдық өзгерістер болып жатыр:

  • қолма-қол ақша аз қолдыныла бастады. Оның орнын мобильді аударымдар, картамен және түйіспесіз төлемдер басты;
  • үйден шықпай-ақ сауда-саттық жасай алатын дәрежеге жеттік, ал егер ақша жетпей жатса, саусақтың ұшын бірнеше рет сүйкеп, несие рәсімдей саламыз;
  • мобильді қосымша арқылы сүйікті мейрамханадан тамаққа тапсырыс бере аламыз, такси шақырамыз, үйге қатысты жөндеу жұмыстары бойынша мамандар табамыз;
  • онлайн түрінде музыка тыңдаймыз, фильмдер мен бейнеойындар сатып алып, білім алу курстарынан өтеміз және медициналық ақыл-кеңестер аламыз.

2020 жыл – COVID-19 пандемиясы мен әлеуметтік қашықтық – жоғарыда аталған үдерістерге айтарлықтай ықпал етіп, «тұтынуды цифрландыруды» елеулі түрде тездетті.

Қоғамда болып жатқан өзгерістер және оларға әр түрлі жас мөлшері бойынша топтардың әрқалай бейімделуі қазақстандықтардың әрбір ұрпағы үшін өзіндік, ыңғайлы тұтыну тәсілін қалыптастыруда. Сонымен қатар ұрпақтар арасындағы алшақтық та ұлғая түсті. Бұл алдағы 5,10,15 жыл ішінде ішкі нарықтың құрылымына елеулі түрде әсер ететін болады.

Бұл зерттеуде біз мына жайттерді қарастырдық:

  1. «Бэби бумерлер» ұрпағы тұтыну ауқымдылығына қалай ықпал етті?
  2. Қазақстандықтардың «цифрлық ұрпақтарының» ықпалы артқан сайын тұтыну нарығында не өзгереді?

Біржолғы зерттеулер


Тұтынушылық белсенділікДемографияАлександр Дауранов